Сайт Енбекшиказахской районной библиотеки Рейтинг@Mail.ru
Массовая работа

Заходите в гости!

Категория: Информация, Автор: Гульдана Мирмбаевна от 19-09-2016, 14:38, посмотрело: 2 167

21

Уважаемые жители города Есик!

Приглашаем Вас посетить нашу районную библиотеку. У нас вы сможете найти для себя что-то новое: от фантастики до любовных романов, от высшей математики до учебников по садоводству. Ждем вас по адресу: улица Абая 122 (напротив почты).

 


 

Кітап - ажырамас досымыз

Категория: Информация, Автор: Admin от Вчера, 15:50, посмотрело: 3

0
Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық кітапханасында 25 сəуір күні Қ.Орымбетов атындағы орта мектептің 4 - сынып оқушыларына арналып "Кітап - ажырамас досымыз" атты кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Кітапханашы Жаңыл Наширбекова оқушыларға Қаракемер ауылдық кітапханасымен таныстырып, əр кітаптын өз орны болатының, олар рет-ретімен, сала-саласымен тізіліп тұратынын жəне оқушыларды "Жүрегімде -Астана", "Бір ел - бір кітап", "Латын əліпбиіне көшу - заман талабы", "Əлемге танымал - Абай" атты кітап көрмелерімен таныстырып шолу жасады. Бұл іс-шараның басты мақсаты: оқушыларды кітапханаға тарту, кітап оқушылардың сенімді досы, көмекшісі екендігі, кітаптың адам өміріндегі маңызын, оның ерекше орнын, қызметін түсіндіру, кітап арқылы оқушылардың ой- өрісін, сөйлеу мəдениетін дамыту, оқушының кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Жас ұрпақ тəрбиесінде кітаптың алатын орны ерекше екендігін айта отырып ұқыпты ұстауға үйрету, кітаптың пайдасын мен маңыздылығын ұғындыру. Саяхатының соңында бірнеше оқышы кітапханаға оқырман болып жазылды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Бауыржан Момышұлы – ұлы тұлға

Категория: Информация, Автор: Admin от 25-04-2018, 10:18, посмотрело: 7

0

19 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акция аясында таңдалып алынған Б.Бомышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын насихаттау мақсатында әр жастағы 27 оқырманның қатысуымен «Бауыржан Момышұлы – ұлы тұлға» атты әңгіме сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандар Бауыржан Момышұлының аталмыш шығармасына арқау болған өмір жолы мен қатар шығармашылығы жайында түрлі сұрақтар қойып, қызығушылық танытты, өз ойларын ортаға салып, «Бір ел – бір кітап» кітап көрмесімен танысты.

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 


Фото Салтанат Мамажановой.
 

Ескерткіштер - елдіктің белгісі

Категория: Информация, Автор: Admin от 25-04-2018, 10:15, посмотрело: 7

0 19 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық кітапханасының оқу залында кітапханашы Сайбусинова Гүлсараның ұйымдастыруымен 
О. Мұхамадий атындағы орта мектеп оқушылары мен мектеп кітапханашысы Роза Тохтахунованың қатысуымен «Ескерткіштер - елдіктің белгісі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Бұл іс-шара оқушыларға еліміздегі ескерткіштертер жайлы насихаттап, ата-бабамыздан қалған осынау ескерткіштер мен тарихи орындарды бағалап, қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
10 «А» сынып оқушылары Келдібаева Бибізат, Мұқан Арайлым, 9 «Г» сынып оқушысы Заирова Амина да өз пікірлерін ортаға салды. Оқушылар өз білетін тарихи орындар жайлы айтып, дөңгелек үстел тартымды өтті. Өз кезегінде сөз алған Мәдениет үйінің қызметкері Гүлжаһан Талиповна мен Ават ауылдық әкімшілігінің бас маманы Хавайдуллаева Бибинур оқушыларға алғыстарын білдірді. «Ескерткіш - елдің мұрасы» атты кітап көрме ұйымдастырылып, әдебиеттер насихатталды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл

Категория: Информация, Автор: Admin от 23-04-2018, 10:12, посмотрело: 7

0 Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапханасының кітапханашысы К. Есимованың ұйымдастыруымен 20 сәуір күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында "Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл " атты спортық сайыс өтті. Қатысқандар: Ораз Жандосов атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары. Сайыста оқушылар екі топқа бөлінді.1-топ «Денсаулық», 2-топ «Салауат». Спорттық сайыс 6 кезеңнен тұрды:
1.Секіргіштен секіру
2.Арқан тарту.
3.Теңге алу.
4.Қаппен секіру.
5.Доппен кедергіден өту.
6.Доппен көздеу.
Сайыстың әділ-қазылар алқасы: жастар ісін жүргізуші К.Назарбеков, мұражай қызметкері З.Қайыңбаева, төрелік етуші М.Мәметалиев өз бағаларын беріп, жеңімпаздарды анықтады.
Жарыс өте қызықты өтті. Оқушылар өздерінің жылдамдықтарын, ептіліктерін көрсетті. "Денсаулық " тобы жеңіске жетті. Сайыстың соңында оқушылар марапатталды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Жақсы кітап - жан азығы

Категория: Информация, Автор: Admin от 20-04-2018, 17:00, посмотрело: 7

0
20 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Мәдениет үйінің бағында "Жетісу – кітап құмарлар өлкесі" жобасы аясында "Жақсы кітап - жан азығы" атты буккросиинг өткізілді. Шараға Абай атындағы орта мектеп жанындағы интернаттың оқушылары, кітапхана оқырмандары, барлығы 50 адам. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Жакеев Мақсат пен Бокашова Мира буккроссингтің лентасын қыйып, Мақсат атамыз келген көпшілік қауымға ақ батасын берді. Кітапханашы Бағашарова Ұлбосын бүгінгі шараға келген оқырмандарға буккроссингтің мақсаты мен міндеттерін көпшілік қауымға жеткізді. Өз сөзінде: «Жетісу – кітап құмарлар өлкесі» жобасы аясында «Жақсы кітап - жан азығы» атты буккроссингті ашық аспан астында өткізуді жөн көрдік. Заманымыздың заңғар жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаев айтқандай: «Адамды адам еткен - кітап, адамзат еткен – кітапхана»деп кітапхананың рөлін қадап айтқандай" дей келе, сөз кезегін қонақтарға және оқырмандарға берді. Жиналғандар өз кезегінде бүгінгі шараға байланысты өздерінің жүрек жарды лебіздерін білдірді. Шараны қорытындылай келе кітапханашы Бағашарова Ұлбосын: «Қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысын кітап пен оқырманның арасын жақындатудың тиімді бір жолы. Біз үшін ең маңыздысы – кітаптың оқылғаны, сол арқылы адамның жан азығына кенелгені.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Тұлғасы тұнган тәлім, есімі елге мәлім

Категория: Информация, Автор: Admin от 18-04-2018, 14:40, посмотрело: 14

0
11 - сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай ауылдық кітапханасында «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында «Тұлғасы тұнган тәлім, есімі елге мәлім» атты әдеби кеш өтті. Малыбай орта мектебінің оқушылары Юнусова Гулназ, Керимжанова Адалят Бауржан Момышұлының өмірбаяны, соғыстағы жылдары, соғыстан кейінгі өмірі жайлы айтып өтті. Рашидинова Ясмина, Омарова Гулхан,Султан Зивидам, Керимжанова Диляра,Семет Назугум «Ұшқан ұя» шығармасынан үзінділер оқып, өз ойларын ортаға салды. Бауыржан Момышұлының шығармашылығына арналған кітап көрме ұйымдастырылды. Көрмеге жазушы туралы газет-журнал материалдары, шығармалары ұсынылды.
 Ð¤Ð¾Ñ‚о Салтанат Мамажановой.

 

Үміт үзгім келмейді

Категория: Информация, Автор: Admin от 13-04-2018, 16:30, посмотрело: 32

0 «Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды. 
Іс-шараның мақсаты – жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады.
Немет Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологы бойынша ой-талқы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасыда 13 сәуір күні өтті. Іс-шараға Абылый хан, Тоқатаев, Есік «Білім - Инновация» лицей интернатының оқушылыры, ұстаздары қатысты. Іс-шараға қатысқан оқушылар өз ойларымен бөлісті, бір-бірімен пікір алмасты. Шығармада терең, нәзік, қайғылы сәтер көп. 
- Бақыт дегеніміз қара бастың қамы емес
- Ой деген түпсіз тұңғиық
- Бүр жарып кете алмай тұрған ағаш
- Сезім, арман, табиғат, өтірік, шындық, қорқақтық, дәрменсіздік т.б.
- Аурусыз, кәріліксіз, өлімсіз өмір жоқ деп оқушылыр өз ойларын ортаға салды. Ой-талқы қызықты өтті. Іс-шараға белесене қатысқан оқушыларға сыйлықтар, ұстаздарға мадақтама қағаздары табыс етілді.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Ғарышқа саяхат

Категория: Информация, Автор: Admin от 12-04-2018, 14:30, посмотрело: 25

0
12 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық кітапханасында «Ғарышқа саяхат» атты әдеби-тарихи әңгіме сағаты өтті. Іс-шараға 12 оқушы қатысты. Кітапханашы Л.Жанаева Тоқтар Әубакиров, Талғат Мусабаев, Айдын Айымбетов туралы қызықты мәліметтер келтіріп айтып берді. Оқырмандар шара барысында деректі қызықты мәліметтерді, арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысып, ғарышкерлер өмірінен дайындалған материалдармен танысты.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Экстремизм мен терроризмның алдын алу жолдары

Категория: Информация, Автор: Admin от 12-04-2018, 14:18, посмотрело: 20

0
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Малыбай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Гаитова " Экстремизм мен терроризмның алдын алу жолдары " атты әңгіме сағатын мектеп оқушыларының арасында өткізді. Әңгіменің мақсаты: оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 
Назад Вперед
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК