» Материалы за Январь 2018 года

Массовая работа

Кітап - сарқылмас қазына

Категория: Информация, Автор: Admin от 31-01-2018, 09:30, посмотрело: 225

0
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Ақши ауылдық кітапханасының кітапханашысы Л.Жанаеваның ұйымдастыруымен 2018 жылдың 30 қаңтар күні Бөлек батыр атындағы орта мектебінің 3 «а» сынып оқушылары арасында «Кітап - сарқылмас қазына» атты танымдық сағат өтті, 21 оқушы қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларды кітаптың ең алғашқы шығу тарихымен слайд көрсету арқылы таныстырып, бүгінге дейінгі жеткен жетістіктері әңгіме арқауы болды. Кітапханашы балаларға кітапты құрметтеу, таза, ұқыпты ұстаудың маңыздылығын түсіндіре келіп, тек таза ұстау емес, оны оқу – одан да маңызды, кітапхана есігі оқырмандарға әрдайым ашық – деп кітапханаға шақырды.
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Жолдау

Категория: Информация, Автор: Admin от 30-01-2018, 09:26, посмотрело: 220

0
29 қаңтар күні Қаражота ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Ботамбаеваның ұйымдастыруымен ауылдық әкім аппаратында мәдениет қызметкерлері мен әкім аппаратының қатысуымен Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2018 жылы 10 қаңтарда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында талдау өтті. Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келетінімізді айтып, ел экономикасын дамытудың басым 10 бағытын көрсетіп берді. Біз Елбасының саясатын қолдай отырып, Жолдауда көрсетілген мәселелерді рет-ретімен шешеміз, мемлекетіміздің одан әрі дамуына қол жеткіземіз және оған нық сенімдіміз. Әрбір Қазақстан азаматы Жолдауда белгіленген бағдарламаларды іске асыруға өз үлестерін қосу қажет. Жолдау толығымен халық үшін, ел игілігі үшін жасалып отыр. Жиналғандар оз ойларын ортаға салып, Жолдауды қолдайтындарын білдірді.
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Жолдау

Категория: Информация, Автор: Admin от 30-01-2018, 09:22, посмотрело: 184

0
Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапханасында кітапхашы К.Есимованың ұйымдастыруымен "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының кезекті Қазақстан халқына арнаған жолдауын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Шараға ауылдық әкімшілік апаратының бас маманы Б.А.Түстікбаев, ауылдық спорт жөніндегі жетекші маман К.Жанбота, жастар ісі жөніндегі нұсқаушы маман К.Назарбеков, мәдениет үйінің директоры Д.Тұрғанбаев, мәдениет үйінің көркем жетекші Ж.Құрамаев және кітапхана оқырмандары қатысты.Кітапханашы жолдаудан туындаған негізгі 10 міндетті еліміздің жарқын болашағына бағытталғаны жайлы қысқаша шолу жасады. Д.Тұрғанбаев жолдаудағы тоғызыншы міндет "Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі " жайлы пікірін білдірді. Барлығы өз ойларын ортаға салып,еліміздің өркендеуіне, көркейуіне өз үлестерін қосатынын білдірді.
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Елбасы тапсырмасы – басты бағдар

Категория: Информация, Автор: Admin от 29-01-2018, 09:25, посмотрело: 218

0 «Елбасы тапсырмасы – басты бағдар» атты дөңгелек үстел отырысы 26 қаңтар күні аудандық кітапхананың оқу залында өтті. Қатысқандар: аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Т.Ұзақов, «НұрОтан» партиясының кеңесшісі Қ.Дарбаева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Б.Шарғынова, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Х.Ахметжанов, Абылай хан атындағы орта мектептің және «Білім-инновация» лицей интернатының жоғарғы сынып оқушылары, ұстаздар, барлығы - 22 адам.
Іс-шара барысында кітапханашы Г.Саурықова Жолдаудың еліміздің дамуы жолындағы айтарлықтай маңызына назар аударып, бұл саяси құжаттағы Президент қойған 10 маңызды міндетке тоқталды. Жолдау жолдарында көрсетілген өзекті мәселелердің барлығы жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар. Осы жолдауда аталған 10 басым және маңызды бағыттардың барлығы жаңа заман талабына сай, елді дамытуға бағытталған қадамдар - деді жиналғандар. Мәселен, еліміздегі индустрия, технология, өнеркәсіп кешені, көлік-логистика, инфрақұрылым, коммуналдық құрылыс, заманауи технология, адами капитал, тиімді мемлекеттік басқару және «ақылды қалалар» «ақылды ұлт үшін» деген мәселелер көтерілген. Енді, Президент Жолдауында аталған тапсырмаларды елімізде әрбір саланың мамандары жүзеге асыруы қажет.
Фото Салтанат Мамажановой.
 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК