» Материалы за 29.01.2018

Массовая работа

Елбасы тапсырмасы – басты бағдар

Категория: Информация, Автор: Admin от 29-01-2018, 09:25, посмотрело: 130

0 «Елбасы тапсырмасы – басты бағдар» атты дөңгелек үстел отырысы 26 қаңтар күні аудандық кітапхананың оқу залында өтті. Қатысқандар: аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Т.Ұзақов, «НұрОтан» партиясының кеңесшісі Қ.Дарбаева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Б.Шарғынова, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Х.Ахметжанов, Абылай хан атындағы орта мектептің және «Білім-инновация» лицей интернатының жоғарғы сынып оқушылары, ұстаздар, барлығы - 22 адам.
Іс-шара барысында кітапханашы Г.Саурықова Жолдаудың еліміздің дамуы жолындағы айтарлықтай маңызына назар аударып, бұл саяси құжаттағы Президент қойған 10 маңызды міндетке тоқталды. Жолдау жолдарында көрсетілген өзекті мәселелердің барлығы жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар. Осы жолдауда аталған 10 басым және маңызды бағыттардың барлығы жаңа заман талабына сай, елді дамытуға бағытталған қадамдар - деді жиналғандар. Мәселен, еліміздегі индустрия, технология, өнеркәсіп кешені, көлік-логистика, инфрақұрылым, коммуналдық құрылыс, заманауи технология, адами капитал, тиімді мемлекеттік басқару және «ақылды қалалар» «ақылды ұлт үшін» деген мәселелер көтерілген. Енді, Президент Жолдауында аталған тапсырмаларды елімізде әрбір саланың мамандары жүзеге асыруы қажет.
Фото Салтанат Мамажановой.
 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК