» Материалы за 30.01.2018

Массовая работа

Жолдау

Категория: Информация, Автор: Admin от 30-01-2018, 09:26, посмотрело: 202

0
29 қаңтар күні Қаражота ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Ботамбаеваның ұйымдастыруымен ауылдық әкім аппаратында мәдениет қызметкерлері мен әкім аппаратының қатысуымен Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2018 жылы 10 қаңтарда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында талдау өтті. Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келетінімізді айтып, ел экономикасын дамытудың басым 10 бағытын көрсетіп берді. Біз Елбасының саясатын қолдай отырып, Жолдауда көрсетілген мәселелерді рет-ретімен шешеміз, мемлекетіміздің одан әрі дамуына қол жеткіземіз және оған нық сенімдіміз. Әрбір Қазақстан азаматы Жолдауда белгіленген бағдарламаларды іске асыруға өз үлестерін қосу қажет. Жолдау толығымен халық үшін, ел игілігі үшін жасалып отыр. Жиналғандар оз ойларын ортаға салып, Жолдауды қолдайтындарын білдірді.
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Жолдау

Категория: Информация, Автор: Admin от 30-01-2018, 09:22, посмотрело: 174

0
Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапханасында кітапхашы К.Есимованың ұйымдастыруымен "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының кезекті Қазақстан халқына арнаған жолдауын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Шараға ауылдық әкімшілік апаратының бас маманы Б.А.Түстікбаев, ауылдық спорт жөніндегі жетекші маман К.Жанбота, жастар ісі жөніндегі нұсқаушы маман К.Назарбеков, мәдениет үйінің директоры Д.Тұрғанбаев, мәдениет үйінің көркем жетекші Ж.Құрамаев және кітапхана оқырмандары қатысты.Кітапханашы жолдаудан туындаған негізгі 10 міндетті еліміздің жарқын болашағына бағытталғаны жайлы қысқаша шолу жасады. Д.Тұрғанбаев жолдаудағы тоғызыншы міндет "Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі " жайлы пікірін білдірді. Барлығы өз ойларын ортаға салып,еліміздің өркендеуіне, көркейуіне өз үлестерін қосатынын білдірді.
Фото Салтанат Мамажановой.
 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК