» Материалы за 06.04.2018

Массовая работа

Жазушы келбеті

Категория: Информация, Автор: Admin от 6-04-2018, 17:30, посмотрело: 207

0
Бәйдібек би ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Базарова 6 сәуір күні сағат 14.00-де Н.Островский атындағы орта мектептің 6 сынып оқушылары арасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Немат Келімбетовтің шығармашылығын насихаттау мақсатында «Жазушы келбеті» атты әңгіме сағатын өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы Н.Келімбетовтің өмірі мен шығармашылығы жайында айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Қатысқан адам саны – 19.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Жаса, жайна ару Астана!

Категория: Информация, Автор: Admin от 6-04-2018, 16:30, посмотрело: 241

0
Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Базарова 5 сәуір күні сағат 10.00 –де Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Жаса, жайна ару Астана!» атты түсіндірме - саяхат ұйымдастырды. Іс-шараға Бәйдібек би ауылындағы Т.Әубәкіров орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары (барлығы 13 бала) қатысты. Түрлі кітаптар мен журналдардан Астанаға байланысты өлең жолдарын оқып, кітап көрмесімен танысты. «Астана тарихы», «Астана хроникасы», «Астананың елтаңбасы», «Біздің тұңғыш президентіміз» айдарымен жинақталған «Астанаға 20» атты суретті топтамадан ел Астанасы жайлы біршама мәлеметтер алды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Туған елім - тірегім

Категория: Информация, Автор: Admin от 6-04-2018, 14:23, посмотрело: 203

0
Жерлес ақынымыз Т.Молдағалиевтың туғанына 83 жыл толуына орай Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылдық кітапханасы мен Мəдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақынның өлеңдерін мəнерлеп оқудан 4-5 сынып оқушылары арасында «Туған елім - тірегім» атты байқау өткізілді.Оқушылыр ақынның əр тақырыптағы өлеңдерін мəнерлеп, жатқа оқыды.Т.Молдағалиевтың өлеңдеріне көптеген əндер жазылған. Сонымен қатар əндерін де орындады.Жеңімпаздарға алғыс хаттар табысталды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Болашаққа кітаппен

Категория: Информация, Автор: Admin от 6-04-2018, 10:00, посмотрело: 178

0
5 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық кітапханасында кітапханашы Г.Сайбусинованың ұйымдастыруымен О.Мұхамадий атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Болашаққа кітаппен» атты библиография сағаты өтті. Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адамзат өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткен бұл шараға 15 оқушы қатысып, кітап жайында көптеген қызықты мағлұматтар алды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК