12 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық кітапханасында «Ғарышқа саяхат» атты әдеби-тарихи әңгіме сағаты өтті. Іс-шараға 12 оқушы қатысты. Кітапханашы Л.Жанаева Тоқтар Әубакиров, Талғат Мусабаев, Айдын Айымбетов туралы қызықты мәліметтер келтіріп айтып берді. Оқырмандар шара барысында деректі қызықты мәліметтерді, арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысып, ғарышкерлер өмірінен дайындалған материалдармен танысты.
