» Материалы за 20.04.2018

Массовая работа

Жақсы кітап - жан азығы

Категория: Информация, Автор: Admin от 20-04-2018, 17:00, посмотрело: 250

0
20 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Мәдениет үйінің бағында "Жетісу – кітап құмарлар өлкесі" жобасы аясында "Жақсы кітап - жан азығы" атты буккросиинг өткізілді. Шараға Абай атындағы орта мектеп жанындағы интернаттың оқушылары, кітапхана оқырмандары, барлығы 50 адам. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Жакеев Мақсат пен Бокашова Мира буккроссингтің лентасын қыйып, Мақсат атамыз келген көпшілік қауымға ақ батасын берді. Кітапханашы Бағашарова Ұлбосын бүгінгі шараға келген оқырмандарға буккроссингтің мақсаты мен міндеттерін көпшілік қауымға жеткізді. Өз сөзінде: «Жетісу – кітап құмарлар өлкесі» жобасы аясында «Жақсы кітап - жан азығы» атты буккроссингті ашық аспан астында өткізуді жөн көрдік. Заманымыздың заңғар жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаев айтқандай: «Адамды адам еткен - кітап, адамзат еткен – кітапхана»деп кітапхананың рөлін қадап айтқандай" дей келе, сөз кезегін қонақтарға және оқырмандарға берді. Жиналғандар өз кезегінде бүгінгі шараға байланысты өздерінің жүрек жарды лебіздерін білдірді. Шараны қорытындылай келе кітапханашы Бағашарова Ұлбосын: «Қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысын кітап пен оқырманның арасын жақындатудың тиімді бір жолы. Біз үшін ең маңыздысы – кітаптың оқылғаны, сол арқылы адамның жан азығына кенелгені.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК