» Материалы за 26.04.2018

Массовая работа

Кітап - ажырамас досымыз

Категория: Информация, Автор: Admin от 26-04-2018, 15:50, посмотрело: 297

0
Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық кітапханасында 25 сəуір күні Қ.Орымбетов атындағы орта мектептің 4 - сынып оқушыларына арналып "Кітап - ажырамас досымыз" атты кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Кітапханашы Жаңыл Наширбекова оқушыларға Қаракемер ауылдық кітапханасымен таныстырып, əр кітаптын өз орны болатының, олар рет-ретімен, сала-саласымен тізіліп тұратынын жəне оқушыларды "Жүрегімде -Астана", "Бір ел - бір кітап", "Латын əліпбиіне көшу - заман талабы", "Əлемге танымал - Абай" атты кітап көрмелерімен таныстырып шолу жасады. Бұл іс-шараның басты мақсаты: оқушыларды кітапханаға тарту, кітап оқушылардың сенімді досы, көмекшісі екендігі, кітаптың адам өміріндегі маңызын, оның ерекше орнын, қызметін түсіндіру, кітап арқылы оқушылардың ой- өрісін, сөйлеу мəдениетін дамыту, оқушының кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Жас ұрпақ тəрбиесінде кітаптың алатын орны ерекше екендігін айта отырып ұқыпты ұстауға үйрету, кітаптың пайдасын мен маңыздылығын ұғындыру. Саяхатының соңында бірнеше оқышы кітапханаға оқырман болып жазылды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК