Материалы за 28.04.2018 » Сайт Енбекшиказахской районной библиотеки Рейтинг@Mail.ru

» Материалы за 28.04.2018

Массовая работа

Шәкәрім тануға ұмтылыс

Категория: Информация, Автор: Admin от 28-04-2018, 16:02, посмотрело: 218

0
27 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылдық кітапхана мен Мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауылдық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Ш.Құдайбердіұлының шығармашылығы мен 160 жыл толуына орай «Шәкәрім тануға ұмтылыс» атты әдеби композициялы кеш өтті. Кітапханашы Ж.Ботамбаева ақынның шығармашылығымен таныстырды. Ш.Құдайбердіұлы – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Кешке 9-шы сынып оқушылары қатысып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Қалқаман - Мамыр» поэмасынан көрініс көрсетті.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Астана – бәйтерек вальсі

Категория: Информация, Автор: Admin от 28-04-2018, 15:58, посмотрело: 222

0
Түрген ауылдық кітапханасының оқырман залында биылғы жылы аталып өтілетін Астан қаласының 20 жылдық мерекесіне орай «Астана – бәйтерек вальсі» Түрген ауылдық кітапханасының оқырман залында биылғы жылы аталып өтілетін Астан қаласының 20 жылдық мерекесіне орай «Астана – бәйтерек вальсі» - сыр сандық атты, сұрақ-жауап ойыны және «Мақтанышым Астана» деген тақырыпта көркем сурет пен фото көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеге оқушылардың салған суреттері мен қолдан жасалған бұйымдары қойылды. Бұл іс-шараның мақсаты Елордамыздың әсем табиғаты мен көрікті келбетін сурет арқылы көрсету, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.- сыр сандық атты, сұрақ-жауап ойыны және «Мақтанышым Астана» деген тақырыпта көркем сурет пен фото көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеге оқушылардың салған суреттері мен қолдан жасалған бұйымдары қойылды. Бұл іс-шараның мақсаты Елордамыздың әсем табиғаты мен көрікті келбетін сурет арқылы көрсету, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.
 
 

Қасіретті күні қасиетті күнге айналсын

Категория: Информация, Автор: Admin от 28-04-2018, 15:54, посмотрело: 218

1 26 сәуір күні «Нұр Отан» партиясы ғАлматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының филиалының және Ауғанстан мен Чернобыль бірлестігінің төрағасы Омаров Ержан Жармұхамедұлының ұйымдастыруымен, Шелек модельді ауылдық кітапханасының атсалысуымен, «Қасіретті күні қасиетті күнге айналсын» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесу кешіне Чернобыль АЭС залалсыздарындыруға барған жауынгерлер мен Семей полигонында жауынгерлік борыштарын өтеген, қазіргі таңда ардагерлер санатына қосылған жауынгер – залалсыздандырушылар мен өмірден озған аға буындардың жұбайлары қонаққа шақырылды.
Кеште кітапханашы М. Үмбетова кіріспе сөзінде: «Осыдан дәл 32 жыл бұрын тарихта аты қалған жаһандық ауқымдағы трагедия түріндегі алапат жарылыс болды. Чернобыль АЭС-дағы апат – адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі. Оның күші 1945 жылы Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына тасталған атом бомбасынан ондаған есе күшті болған. Радиациялық қауіп тек КСРО аумағына ғана емес басқа мемлекеттерге төнді» дей келе кешке шақырылған қонақтармен таныстыра келе, өмірден ерте озған аталмыш апатты залалсыздандыруға қатысқан ардагерлерді еске алып, бір минут үнсіздік жариялады.
Өз кезегінде ардагерлер: Семенюк Аркадий, Балпықов Манарбек, Адасбаев Ерғанат өздерінің естеліктерімен бөлісе отыра, ондағы жағдайды сипаттап, оқырман қауыммен апат орнындағы әсерлерімен бөлісті.
Кездесуге келген Шелек ауылындағы №2 аудандық емханасының меңгерушісі, «Нұр Отан» Шелек бастауыш партия ұйымының аурухана цехтық тобының мүшесі Макеева Гүлжан Асқарқызы ардагерлерге жылы лебізін білдіріп, тиісті тегін ем алуға жағдай жасайтынын айтып өтті.
Қасіретті апат күніне орай Шелек ауылындағы №2 аудандық емханасының меңгерушісі, «Нұр Отан» Шелек бастауыш партия ұйымының аурухана цехтық тобының мүшесі Макеева Гүлжан Асқарқызы ардагерлер: Манарбек Балпықов, Ерғанат Адасбаев, Қанат Ақжолға мерекелік медальдарын табыс етті.
Кеш барысында «Чернобыль апатының хронологиясы» слайд – шоу, өмірден озған жауынгерлерге арнап «Так хочеться жить» естелік видео шолу мен кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

Категория: Информация, Автор: Admin от 28-04-2018, 15:49, посмотрело: 214

0 Ел болашағы жастардың білім алуына, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқу үрдісіне енгізу бағытында атқарылуға тиіс жұмыстар Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасында тізбектеліп айтылған. Сондықтан Мемлекет басшысы «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алуды тапсырды. Гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау – алдағы бірнеше жылдың үдесіндегі мақсат-міндет болып табылады.
«Рухани жаңғыру Жаңа Гуманитарлық білім Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы дөңгелек үстел басында талқыланды. Бұл іс-шараны 27 сәуір күні Нұр Отан партиясы Еңбекшіқазақ филиалы және аудандық кітапхана қала әкімшлінінде бірлесіп ұйымдастырып өткізді. Дөңгелек үстелге қатысқандар: этно –мәдени орталықтардың өкілдері, ұстаздар, қала тұрғындары. Аудандық кітапхананың кітапханашысы Г.Саурықова «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» аясында шығарылған 18 оқулық туралы толық ақпарат беріп өтті. Әр оқулыққа жеке тоқталып айтты. Жиналғандар да өз ой-пікірлерін ортаға салып осы жобаны қолдайтының білдірді.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК