» Материалы за Апрель 2018 года » Страница 2

Массовая работа

Үміт үзгім келмейді

Категория: Информация, Автор: Admin от 13-04-2018, 16:30, посмотрело: 295

0 «Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды. 
Іс-шараның мақсаты – жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады.
Немет Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологы бойынша ой-талқы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасыда 13 сәуір күні өтті. Іс-шараға Абылый хан, Тоқатаев, Есік «Білім - Инновация» лицей интернатының оқушылыры, ұстаздары қатысты. Іс-шараға қатысқан оқушылар өз ойларымен бөлісті, бір-бірімен пікір алмасты. Шығармада терең, нәзік, қайғылы сәтер көп. 
- Бақыт дегеніміз қара бастың қамы емес
- Ой деген түпсіз тұңғиық
- Бүр жарып кете алмай тұрған ағаш
- Сезім, арман, табиғат, өтірік, шындық, қорқақтық, дәрменсіздік т.б.
- Аурусыз, кәріліксіз, өлімсіз өмір жоқ деп оқушылыр өз ойларын ортаға салды. Ой-талқы қызықты өтті. Іс-шараға белесене қатысқан оқушыларға сыйлықтар, ұстаздарға мадақтама қағаздары табыс етілді.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Ғарышқа саяхат

Категория: Информация, Автор: Admin от 12-04-2018, 14:30, посмотрело: 233

0
12 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық кітапханасында «Ғарышқа саяхат» атты әдеби-тарихи әңгіме сағаты өтті. Іс-шараға 12 оқушы қатысты. Кітапханашы Л.Жанаева Тоқтар Әубакиров, Талғат Мусабаев, Айдын Айымбетов туралы қызықты мәліметтер келтіріп айтып берді. Оқырмандар шара барысында деректі қызықты мәліметтерді, арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысып, ғарышкерлер өмірінен дайындалған материалдармен танысты.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Экстремизм мен терроризмның алдын алу жолдары

Категория: Информация, Автор: Admin от 12-04-2018, 14:18, посмотрело: 198

0
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Малыбай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Гаитова " Экстремизм мен терроризмның алдын алу жолдары " атты әңгіме сағатын мектеп оқушыларының арасында өткізді. Әңгіменің мақсаты: оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Өзің оқы және өзгеге ұсын

Категория: Информация, Автор: Admin от 10-04-2018, 16:30, посмотрело: 231

0
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Кітап – білім бұлағы» жобасы аясында Алматы облысының ішкі саясат, тілдерді дамыту, жастар, білім басқармаларының ұйымдастыруымен «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты жобасын жүзеге асыру мақсатында 10 сәуір 2018 жылы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасы Т. Молдағалиев атындағы Мәдениет үйінің алдында «Өзің оқы және өзгеге ұсын» атты буккроссинг өткізді. Іс-шараға Абылай хан, Терешкова, Тоқатаев атындағы орта мектептердің оқушылары, ұстаздары, кітапхана қызметкерлері жалпы 60 адам қатысты. Буккроссингтің ашылу лентасын кітапхананың тұрақты оқырмандары Д. Шәріпбаев және А. Найманбаева салтанатты түрде кесті. Сондай-ақ, құттықтау сөз Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының директоры С. Мамажанова және Еңбекшіқазақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Б.Шарғыноваға берілді. Оқушылар өздері алып келген кітаптарын көрмеге қойып, орнына басқа кітаптар алды. Іс-шара өте қызықты, тартымды өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру, тегін кітап алмасуға мүмкіндік жасау болып табылды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Кітап алтын - қазына

Категория: Информация, Автор: Admin от 9-04-2018, 11:00, посмотрело: 301

0
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Кітап – білім бұлағы» жобасы аясында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Қаракемер ауылдық кітапханасының кітапханашысы Б.Баймұханбетова 8 сəуір күні 6654 əскери сарбаздарының қатысуымен "Кітап алтын - қазына"атты əдеби кеш өткізді.Кештің мақсаты: Кітап - сарқылмас қазына екенін,білімнің кітап арқылы берілетінін,кітаптың адам өміріндегі маңызы зор екенін түсіндіру.Əдеби кешті кітапханашы жүргізіп отырды.Сарбаздар кітап жайлы өлең жолдарын оқыды.Кітап жайлы слайдшоу көрсетілді.Қайырғалиев Рақымжан «Кітап - біздің досымыз» атты өлеңін оқып берді. Осы əдеби кешке байланысты кітап көрме ұйымдастырылып, әдебиеттер насихатталды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Жазушы келбеті

Категория: Информация, Автор: Admin от 6-04-2018, 17:30, посмотрело: 234

0
Бәйдібек би ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Базарова 6 сәуір күні сағат 14.00-де Н.Островский атындағы орта мектептің 6 сынып оқушылары арасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Немат Келімбетовтің шығармашылығын насихаттау мақсатында «Жазушы келбеті» атты әңгіме сағатын өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы Н.Келімбетовтің өмірі мен шығармашылығы жайында айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Қатысқан адам саны – 19.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Жаса, жайна ару Астана!

Категория: Информация, Автор: Admin от 6-04-2018, 16:30, посмотрело: 272

0
Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Базарова 5 сәуір күні сағат 10.00 –де Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Жаса, жайна ару Астана!» атты түсіндірме - саяхат ұйымдастырды. Іс-шараға Бәйдібек би ауылындағы Т.Әубәкіров орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары (барлығы 13 бала) қатысты. Түрлі кітаптар мен журналдардан Астанаға байланысты өлең жолдарын оқып, кітап көрмесімен танысты. «Астана тарихы», «Астана хроникасы», «Астананың елтаңбасы», «Біздің тұңғыш президентіміз» айдарымен жинақталған «Астанаға 20» атты суретті топтамадан ел Астанасы жайлы біршама мәлеметтер алды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Туған елім - тірегім

Категория: Информация, Автор: Admin от 6-04-2018, 14:23, посмотрело: 222

0
Жерлес ақынымыз Т.Молдағалиевтың туғанына 83 жыл толуына орай Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылдық кітапханасы мен Мəдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақынның өлеңдерін мəнерлеп оқудан 4-5 сынып оқушылары арасында «Туған елім - тірегім» атты байқау өткізілді.Оқушылыр ақынның əр тақырыптағы өлеңдерін мəнерлеп, жатқа оқыды.Т.Молдағалиевтың өлеңдеріне көптеген əндер жазылған. Сонымен қатар əндерін де орындады.Жеңімпаздарға алғыс хаттар табысталды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Болашаққа кітаппен

Категория: Информация, Автор: Admin от 6-04-2018, 10:00, посмотрело: 203

0
5 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық кітапханасында кітапханашы Г.Сайбусинованың ұйымдастыруымен О.Мұхамадий атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Болашаққа кітаппен» атты библиография сағаты өтті. Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адамзат өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткен бұл шараға 15 оқушы қатысып, кітап жайында көптеген қызықты мағлұматтар алды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Немат Келімбетов – туғыры биік жазушы

Категория: Информация, Автор: Admin от 5-04-2018, 17:00, посмотрело: 345

0
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық кітапханасында 5 сәуір күні сағат 11.00-де «Немат Келімбетов – туғыры биік жазушы» атты танымдық сабақ өтті. Іс-шараға Ақши ауылындағы Бөлек батыр атындағы мектептің жоғары сынып оқушылары, барлығы 21 оқушы қатысты. Кітапханашы Л.Жанаева Немат Келімбетовтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы айтып өтті. Оқушылар да өз ойларын ортаға салып, жазушы туралы толық ақпарат алды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК