» Материалы за 17.05.2018

Массовая работа

Халық ұлы - Шəкəрім

Категория: Информация, Автор: Admin от 17-05-2018, 14:47, посмотрело: 175

0
Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық кітапханасында 16 мамыр күні "Бір ел -бір кітап " республикалық акция аясында 2018 жылы таңдалып алынған ақын, жазушы, философ, тарихшы Шəкəрім Құдайбердіұлының шығармалырын насихаттау мақсатында "Халық ұлы - Шəкəрім " атты портрет кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға № 6654 əскері бөлімінің кітапханашысы Г.Бөпелова мен сарбаздар қатысты. Іс-шараны кітапханашы Ж.Наширбекова бастады, ол Шəкəрім Құдайбердіұлының өмірбаянымен жəне шығармашылығымен таныстырып өтті. Сарбаздар белсенді қатысып Шəкəрімнің өлеңдерін мəнерлеп оқып берді. Іс-шара барысында сөз кезегі Бөпелова Гулшаратқа берілді, ол ақынның шығармалары туралы өз ойын білдірді. Кітап көрме ұйымдастырылып, шолу жасалды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 
 
 
 
 
 

Астана - бейбіт қала, бас қала

Категория: Информация, Автор: Admin от 17-05-2018, 14:43, посмотрело: 200

0
Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық кітапханасында 2018 жылдың 16 мамыр күні сағат 9.30-да Елордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай кітапханашы Л.Жанаева мен жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы С.Төреханованың ұйымдастыруымен Бөлек батыр атындағы орта мектебінің 3-сынып оқушылары арасында «Астана - бейбіт қала, бас қала» атты ертеңгілік өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Астана туралы өз білгендерін ортаға салып, қызықты әңгімелеп берді, сонымен қатар өлең шумақтарын да жатқа айтып, ән шырқап, би биледі. Шара барысында «Астананың көрікті жерлері мен ғимараттары» атты слайд көрсетілді.
 

 

Жайнаған, жасарған - Астана

Категория: Информация, Автор: Admin от 17-05-2018, 14:36, посмотрело: 241

0
15 мамыр 2018 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан ауылдық кітапханасында Астананың 20 жылдығы қарсаңында «Жайнаған, жасарған - Астана» атты әдеби - сазды кеш өткізілді. Шараға ауылдық әкімшілік қызметкерлері, мектеп оқушылары, ауылдық кітапханашылар, кітапхана оқырмандары қатысты. Барлығы - 50 адам. Шараны кітапханашы С.Құдретбаева құттықтау сөзбен ашып, шараға қатысушыларды Астана қаласының кележатқан 20 жылдығымен құттықтап, сөз кезегін оқушыларға берді. Оқушлар Астана туралы өлеңдер оқыды, ән айтып, би биледі. Шара барысында «Астананың көрікті жерлері мен ғимараттары» атты слайд көрсетіліп, «Астана - еліміздің жүрегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған әдеби шолу жасалды.
 Фото Салтанат Мамажановой.

 

Партизан Қасым

Категория: Информация, Автор: Admin от 17-05-2018, 14:33, посмотрело: 158

0
9 мамыр Жеңіс күніне және Ұлы Отан соғысының батыры Қасым Қайсеновтың 100 жыл толуына арналған "Партизан Қасым" атты әдеби-тарихи сағат Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық кітапханасында өтті. Іс-шараға Бөлек батыр атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушылары және сынып жетекшісі А.Омаркулова қатысты. Мақсаты: оқырмандарды Қасым Қайсеновтың шығармашылығы мен өмірімен таныстыру.Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту. Ұлы жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Іс-шара барысында оқушылар Қасым Қайсеновтың ерлігі туралы, оның шығармалары, туыстары мен достарының естеліктерімен таныс болды.Фото Салтанат Мамажановой.
 

 

Ұлы жеңіс, біздің жеңіс

Категория: Информация, Автор: Admin от 17-05-2018, 14:29, посмотрело: 313

0
Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ауылдық кітапханасында 11 мамыр күні 6 сынып оқушыларымен 9 мамыр Жеңіс күні және Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, əйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың даңқты перзенті Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл толуына орай "Қасым Қайсенов - Ұлы жеңіс, біздің жеңіс" атты әдеби - тарихи кеш өткізілді. Кеш барысында оқырмандар ержүрек батыр туралы қызықты деректермен танысты, Қасым аталарына арналған өлеңдер оқып, кітап көрмедегі кітаптар туралы толық ақпарат алды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Баукеңнің алты ерлігі

Категория: Информация, Автор: Admin от 17-05-2018, 14:26, посмотрело: 185

0
Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық кітапханасында 4 мамыр күні 8 сынып оқушыларымен 9 мамыр Жеңіс күніне арналған халқымыздың қаҺарман перзенті Бауыржан Момышұлы жайлы "Баукеңнің алты ерлігі" атты батырды еске алу сағаты өткізілді. Б.Момышұлының соғыстағы ерліктері өз алдына, жараланған Баукең омыртқасындағы оқты дәрігерге алғызбай, сақал-мұрт қыратын ұстарамен кесіп алдыртқаны да бір ерлік емес пе?! Бұл жайлы А.Нұршайықовтың "Аңыз бен ақиқат" романында баяндалады. Б.Момышұлының өмірі туралы көбірек білу үшін оқушыларға оның шығармалары және өзі жайлы шығармаларды оқуға кітапханашы Ж. Манапова кеңес беріп, "Ұрпақтарға ұран болған Ұлы Жеңіс" атты кітап көрмемен таныстырды.Фото Салтанат Мамажановой.
 

 

Батыр баба -Бауыржан

Категория: ---, Автор: Admin от 17-05-2018, 14:22, посмотрело: 111

0
Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылдык кітапханасында "Бір ел-бір кітап" акциясы аясында халқымыздың аты аңызға айналған батыр ұлы, Кеңес Одағынын батыры, полковник, жазушы Бауыржан Момышұлына арналған "Батыр баба -Бауыржан" атты кеш өткізілді. Мақсаты: оқушыларды патриот болуға шақыру, Отанды сүюге тәрбиелеу, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмір мен өнегесін, ерлігі мен еңбегін насихаттау. Кешке Жамбыл орта мектебінің 9 "б" сынып оқушылары қатысты. Кеш барысында кітапханашы Буркатаева Қарлығаш Мұратқызы "Бір ел-бір кітап" акциясы жайлы балаларға қысқаша айтып өтті. Бауыржан Момышұлының өмірімен таныстырыды. Оқушылар батыр атамыздың «Ұшқан ұя» шығармасы жайлы айтып, нақыл сөздерін жатқа оқыды. Кешке 16 адам қатысты. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалдыФото Салтанат Мамажановой.
 

 

Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс

Категория: Информация, Автор: Admin от 17-05-2018, 14:14, посмотрело: 160

0
Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Есимова 3-мамыр күні Ораз Жандосов атындағы орта мектептің 8 ә сынып оқушыларымен 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған "Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс " тақырыбында әдеби кеш өткізді. Әдеби кештің мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Оқушыларды Ұлы Отан соғысында қазақтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту мақсатында слайд көрсетілді. "Ұлы ерлік шежіресі" тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды. Оқушылар «Катюша» биін билеп, соғыс жайлы өлеңдерін оқып, соғыс кезінен үзінді көрініс көрсетілді. Кеш соңында мектеп директоры Салманов Ысқақ Түзелбайұлы сөз сөйлеп, құттықтауын білдірді.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Жау тылындағы бала

Категория: Информация, Автор: Admin от 17-05-2018, 14:10, посмотрело: 157

0 Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында 4 мамыр күні Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесі бойынша оқырмандар конференциясы өтті. Іс-шараға қатысқандар: Абылай хан, Тоқатаев атындағы орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары және Есік «Білім Инновация» лицей интернатының оқушылары, ұстаздар, кітапханашылыр. Іс-шара барысында сөз кітапхананың тұрақты оқырманы Ш.Құсайынұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Б.Шарғынова, аудандық кітапхана директоры С.Мамажановаға берілді. Қасым Қайсеновтың "Жау тылындағы бала” деп аталатын еңбегінде жергілікті халықтың Отанға деген сүйіспеншілігі, жауға қаталдығы, партизан отрядтары мен астыртын ұйымдарға көмегі нақтылы суреттеледі деп 
іс-шараға қатысқан оқушылар өз ойларымен бөлісті, бір-бірімен пікір алмасты. Оқырман конференциясы қызықты өтті. Соңында белесене қатықан оқушыларға, ұстаздарға мадақтама қағаздары табыс етілді. Іс-шара барысында Қасым Қайсеновқе арналған слайд көрсетіліп, кітапхана қызметкері Л.Талипова библиографиялық шолу жасадыФото Салтанат Мамажановой..
 

 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК