» Материалы за 18.05.2018

Массовая работа

Алаш арыстары – мәдениетіміздің кіндік тұлғалары

Категория: Информация, Автор: Admin от 18-05-2018, 16:58, посмотрело: 226

0

18 мамыр 2018 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы Ә. Мәлкеев атындағы Есік «Білім - Инновация» лицей интернатының мәжіліс залында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Алаш арыстары – мәдениетіміздің кіндік тұлғалары» атты ауызша журнал өтті. Бұл іс-шара 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне және «Бір ел – бір кітап» ақциясы аясында ұйымдастырылды. Қатысқандар: Есік «Білім - Инновация» лицей интернатының 8 - сынып оқушылары, ұстаздар, кітапханашылыр, барлығы 50 адам. Ауызша жуарнал 4 беттен тұрды:
1бет: «Шәкәрім – Абай жолын жалғастырушы». Бұл бетте өз заманының озық ойлы ғұламасы, философ, тарихшы, сазгер, аудармашы Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы айтылды.
2 бет: «Ахмет Байтұрсынұлы – тіл білімінің атасы». Алаш зиялыларының көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянына, өлеңдеріне тоқталдық.
3 бет: «Мағжан – ұлт ақыны, сыршыл ақын». Ақынның сан қилы тағдырына шолу жасай отырып, өлеңмен өрілген өнегелі өміріне терең бойлау арқылы жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу, ана тілі мен мәдениетін жете біліп, ақын өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу болып табылды.
4 бет: «Алаш арыстары – Алаш мұраты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар назарына ұсынылды. Оқушылар өткізіліп отырған іс-шарадан қазақ халқының мақтан тұтар ұлы тұлғалары Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев туралы көптеген мағлұматтарды білді және сол арқылы өз білім деңгейлерін көтере алды.

 


 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК