Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық кітапханасында 2018 жылдың 18 мамыр күні кітапханашы Ж.Базарова Халық қаһарманы – батыр Қасым Қайсеновтың 100 жылдығына орай «Өрліктен туған ерлік» тақырыбына Н. Островский атындағы орта мектептің 4-сынып оқушылырымен ерлік сағатын өткізді. Іс-шараға 22 оқушы қатысып, батыр аталарының ерліктерімен қатар шығармашылық қырларын танып білді. Балалар өз ойларын ортаға салды, өздері де болашақ Отан қорғаушылыры боламыз деп ант берді.
