» Материалы за 24.05.2018

Массовая работа

Рухани қазына – 2018

Категория: Информация, Автор: Admin от 24-05-2018, 17:22, посмотрело: 51

0 "Рухани қазына – 2018"
2018 жылдың 21 – 22 мамыр күндері Астана қаласында өткен Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» фестиваліне Шелек модельді ауылдық кітапханасынан кітапханашы Адамбекова Артыккул Кодасқызы қатысып келді.
Жиын Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен «Тәуелсіздік» сарайы, Республикалық Ұлттық академиялық кітапханаларында өтті.
Фестивальдің салтанатты ашылуын құттықтау сөзбен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлы ашып, жүргізіп отырды. Фестивальға шетел және ТМД елдерінен келген қонақтар қатысты.
«Тәуелсіздік» сарайында «Әлем астаналарының жылнамасы (Летопись столиц мира)» халықаралық көрме ашылды. Көрмеде бірнеше шетел, ТМД елдері және Астана, Алматы, Отырар қалаларының ірі кітапханалары өз кітап көрмелерін алып келді.
Екінші жартысында «Кітапханаларды сандық жүйеге көшіру және электрондық форматтағы кітаптардың кез келген оқырман үшін қолжетімділігі» атты шеберлік класы өтті. Тренер – Астана қаласы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы директорының орынбасары Нұржан Нұржанұлы Жолдыбалинов жүргізді.
Форумның екінші күнінде, яғни 22 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында кездесу кеші өтті. Кешті көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулетов жүргізді. Оған шетел қонақтары және бірнеше әйгілі сазгер, жазушылар сөз сөйледі.
Форум мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерін марапаттаумен, концерттік бағдарламамен аяқталды.Фото Салтанат Мамажановой.
 

 

Қазақ елінің қайсар батыры

Категория: Информация, Автор: Admin от 24-05-2018, 09:57, посмотрело: 43

0
Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық кітапханасында 2018 жылдың 23 мамыр күні "Бір ел - бір кітап" акциясы бойынша талдауға түскен Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" повесін насихаттау барысында Түрген ауылдық кітапханасының оқу залында "Қазақ елінің қайсар батыры" атты тақырыпта 8-9 сынып оқушыларымен порттреттік кеш өтті. Батыр атамыздың өмірбаянына, шығармаларына шолу жасалып, оқушылар ғибратты сөздерін, өсиеттерін жатқа айтып берді. Жүргізуші Аллаберген Айнұр іс-шара соңында ел еркіндігін, бостандығын, тəуелсіздігін қанымен қорғаған Б.Момышұлы атамызды оқушыларға үлгі ете отырып, Отанын, Елін, Жерін, Ұлтын қорғау жолында жанын садаға ететін ұрпақ болу керек екенін сезіндіру мақсатында ұйымдастырған іс- шараға келгендерге алғыс айтты.
 

 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК