» Материалы за Май 2018 года » Страница 2

Массовая работа

Баукеңнің алты ерлігі

Категория: Информация, Автор: Admin от 17-05-2018, 14:26, посмотрело: 246

0
Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық кітапханасында 4 мамыр күні 8 сынып оқушыларымен 9 мамыр Жеңіс күніне арналған халқымыздың қаҺарман перзенті Бауыржан Момышұлы жайлы "Баукеңнің алты ерлігі" атты батырды еске алу сағаты өткізілді. Б.Момышұлының соғыстағы ерліктері өз алдына, жараланған Баукең омыртқасындағы оқты дәрігерге алғызбай, сақал-мұрт қыратын ұстарамен кесіп алдыртқаны да бір ерлік емес пе?! Бұл жайлы А.Нұршайықовтың "Аңыз бен ақиқат" романында баяндалады. Б.Момышұлының өмірі туралы көбірек білу үшін оқушыларға оның шығармалары және өзі жайлы шығармаларды оқуға кітапханашы Ж. Манапова кеңес беріп, "Ұрпақтарға ұран болған Ұлы Жеңіс" атты кітап көрмемен таныстырды.Фото Салтанат Мамажановой.
 

 

Батыр баба -Бауыржан

Категория: ---, Автор: Admin от 17-05-2018, 14:22, посмотрело: 168

0
Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылдык кітапханасында "Бір ел-бір кітап" акциясы аясында халқымыздың аты аңызға айналған батыр ұлы, Кеңес Одағынын батыры, полковник, жазушы Бауыржан Момышұлына арналған "Батыр баба -Бауыржан" атты кеш өткізілді. Мақсаты: оқушыларды патриот болуға шақыру, Отанды сүюге тәрбиелеу, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмір мен өнегесін, ерлігі мен еңбегін насихаттау. Кешке Жамбыл орта мектебінің 9 "б" сынып оқушылары қатысты. Кеш барысында кітапханашы Буркатаева Қарлығаш Мұратқызы "Бір ел-бір кітап" акциясы жайлы балаларға қысқаша айтып өтті. Бауыржан Момышұлының өмірімен таныстырыды. Оқушылар батыр атамыздың «Ұшқан ұя» шығармасы жайлы айтып, нақыл сөздерін жатқа оқыды. Кешке 16 адам қатысты. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалдыФото Салтанат Мамажановой.
 

 

Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс

Категория: Информация, Автор: Admin от 17-05-2018, 14:14, посмотрело: 217

0
Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Есимова 3-мамыр күні Ораз Жандосов атындағы орта мектептің 8 ә сынып оқушыларымен 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған "Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс " тақырыбында әдеби кеш өткізді. Әдеби кештің мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Оқушыларды Ұлы Отан соғысында қазақтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту мақсатында слайд көрсетілді. "Ұлы ерлік шежіресі" тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды. Оқушылар «Катюша» биін билеп, соғыс жайлы өлеңдерін оқып, соғыс кезінен үзінді көрініс көрсетілді. Кеш соңында мектеп директоры Салманов Ысқақ Түзелбайұлы сөз сөйлеп, құттықтауын білдірді.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Жау тылындағы бала

Категория: Информация, Автор: Admin от 17-05-2018, 14:10, посмотрело: 213

0 Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында 4 мамыр күні Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесі бойынша оқырмандар конференциясы өтті. Іс-шараға қатысқандар: Абылай хан, Тоқатаев атындағы орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары және Есік «Білім Инновация» лицей интернатының оқушылары, ұстаздар, кітапханашылыр. Іс-шара барысында сөз кітапхананың тұрақты оқырманы Ш.Құсайынұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Б.Шарғынова, аудандық кітапхана директоры С.Мамажановаға берілді. Қасым Қайсеновтың "Жау тылындағы бала” деп аталатын еңбегінде жергілікті халықтың Отанға деген сүйіспеншілігі, жауға қаталдығы, партизан отрядтары мен астыртын ұйымдарға көмегі нақтылы суреттеледі деп 
іс-шараға қатысқан оқушылар өз ойларымен бөлісті, бір-бірімен пікір алмасты. Оқырман конференциясы қызықты өтті. Соңында белесене қатықан оқушыларға, ұстаздарға мадақтама қағаздары табыс етілді. Іс-шара барысында Қасым Қайсеновқе арналған слайд көрсетіліп, кітапхана қызметкері Л.Талипова библиографиялық шолу жасадыФото Салтанат Мамажановой..
 

 

Астананың әсем ғимараттары

Категория: Информация, Автор: Admin от 2-05-2018, 11:51, посмотрело: 374

0
Оқырмандардың Елорда - Астана жайлы білімдерін шыңдап, оның қалыптасу тарихымен таныстыру мақсатында 1 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасына қарасты Балтабай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Манапова Балтабай ауылдық орта мектебінің 4 сынып оқушыларымен "Астананың әсем ғимараттары"атты әңгіме сағатын өткізді. Кітапханашы Астананың бүгінгі бағындырған биіктері мен жетістіктері жайлы айтып өтті.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 
Назад Вперед
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК