» Материалы за 05.07.2018

Массовая работа

Құлпыра бер Астана

Категория: Информация, Автор: Admin от 5-07-2018, 15:47, посмотрело: 180

0
Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық Мәдениет үйінде 4-ші шілде күні «Құлпыра бер Астана» атты мерекелік әдеби кеш өтті. Астан күні еліміздің жарқын да жасампаз мерекелердің бірі. Өйткені Астана – тәуелсіздігіміздің тірегі, халқымыздың болашаққа деген сенімі. Мерейлі тойға орай Нұра ауылық кітапханасының кітапханашысы Есимова Клара «Астана –Отанымыздың жүрегі » атты кітап көрме ұйымдастырып, Астанамыздың 20 жылдығы екендігін, бүгінгі таңда Елордамыздың жеткен жетістіктері туралы баяндап өтті. Шара барысында ауыл әкім Дауытқұлов Еркінбек Аянбекұлы сөз сөйлеп, өз құттықтауын білдірді. Шара барысында оқушылар Астана туралы өлеңдерін оқып, әндерін айтты. Мәдениет үйінің қызметкерлері де құттықтауларын білдіріп, әндерін шырқап, мерекелік кештің ажарын ашты.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК