» Материалы за 19.07.2018

Массовая работа

Ертегілер еліне саяхат

Категория: Информация, Автор: Admin от 19-07-2018, 10:20, посмотрело: 125

0
Жаз айы – балалардың асыға күтетін жыл мезгілі. Осы айлардың қызықты да, пайдалы өтуіне кітапханалар да атсалысады. Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының кітапханашысы С.Азизова Есік қаласында орналасқан «Алтын адам» балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия ортылығында демалып жатқан балалар арасында «Ертегілер еліне саяхат» атты ойын-саяхат өткізді. Іс-шара барысында балалар өздері білетін ертегілерін ортаға салып айтып берді. Сондай-ақ, көптеген сұрақтар қойылып, қызықты жауаптар айтылды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 

Коворкинг орталығының ашылуы

Категория: Информация, Автор: Admin от 19-07-2018, 10:11, посмотрело: 170

0 5 шілде күні Шелек модельді ауылдық кітапханасында «Коворкинг» орталығы ашылды. Ашылу салтанатында «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалының төрағасының орынбасары Тойлыбаева Гүлнар Қожағұлқызы мен «Нұр Отан» партиясының Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы орталықтың лентасын қиды.
Тойлыбаева Гүлнар Қожағұлқызы құттықтау сөзінде Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» жобасы, Астана қаласының жиырма жылдық мерей тойын тілге тиек ете келе: «Бүгінгі Сіздердің қуаныштарыңызға ортақтаса отырып, «Коворкинг» орталығының негізгі мақсаты – жастар өкілдері мен жастар ұйымдарының жұмысын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұжымдық кеңсе қызметі. Әлеуметтік жоба аясында жастар үшін барлық жағдай жасалған. Бизнес, шығармашылық, оқу бағдарламалары аясындағы креативті жобалардың жүзеге асуына тиімді орталық болып табылады. Орталық барлық техникалармен мүмкіндігінше жабдықталған, оқырмандарыңыз өздерінің жобаларын жасай отырып, шығармашылықпен айналысуына мүмкіндігінше жағдай жасалған. 
Тұрақты оқырманымыз Жакеев Мақсат пен жергілікті ақсақалдар алқасының мүшесі Сыдықбаев Жетпіс аталарымыз орталықтың ашылу салтанатымен құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Қатысушыларға орталықтың басты мақсаты мен міндеттерін түсіндірілді. Сондай ақ Астана қаласының жиырма жылдық мерейтойына орай оқу залында «Ел сүйсінген Елорда» атты әдеби – тарихи калейдоскоп өткізілді. Калейдоскоп кезінде жиналған қауымға Астанамыздың тарихын кеңінен насихаттады. Шара барысында «Еңселі Елорда» слайд көрсетіліп, «Ару қала – Астана» атты көрмеге библиографиялық шолу жүргізілді. Шараға қатысушы Төкен Диас Тұрарұлы өлең оқыса, Нұрлан Дидар әсем әнімен кешті жандандырды.
 
Фото Салтанат Мамажановой.
 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК