Қазақ мемлекеті үшін Ата Заңның алар орны ерекше. Бұл біздің еліміздің белгісі, егемендігіміздің кепілі. Сондықтан, еліміз үшін Конституция күнін атап өту біздің борышымыз. Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен 28 тамыз күні «Азат елдің ар – намысы Ата Заң» атты сұрақ-жауап кеші өткізілді. Кездесу кешіне келген қонақтар: «Еңбекшіқазақ» саяси-қоғамдық газітінің бас редакторы Х.Ахметжанов, «Нұр Отан» партиясы, Еңбекшіқазақ аудандық филиалының кеңесшісі Қ.Дарбаева, Еңбекшіқазақ аудандық әділет басқармасының маманы Ә.Алдабергенов Конституция бабтары, Билер соты, Жеті жарғы, Ең жоғарғы құқықтық күші бар нормативтік құжат? деген сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар алынды. Конституция күніне арналған «Заң – ел тәуелсіздігінің тірегі» атты кітап көрме ұйымдастырылып, шолу жасалды.
