» Материалы за Сентябрь 2018 года

Массовая работа

Тіл – ұлт тірегі

Категория: Информация, Автор: Admin от 26-09-2018, 17:07, посмотрело: 50

0
Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық кітапханасының оқу залында 21 қыркүйек күні «Тіл – ұлт тірегі» атты таным-зерделік сабағы өтті. Бұл іс-шараға О.Мұхамадий атындағы орта мектебінің 4-5 сынып оқушылары, барлығы 21 адам қатысты. Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Оқушыларға ана тілін, туған тілін жоғары ұстауға, құрметтеуге баулу. Оқушылардың тіл туралы өлеңдерін айтқызыу арқылы сөйлеу тілдерін дамыту, ой-өрісін кеңейту. Тілді құрметтеуге, сүюге, достық, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында өтті. Оқушылар тіл туралы тақпақтар және мақал-мәтелдер айтты. Іс-шара соңында «Ана тілім - тірлігімнің айғағы» атты кітап көрмесіне шолу жүргізілді.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 13 человек, в том числе ÐœÑƒÑ Ð¸Ñ‚ Беркинбаев, люди стоят и в помещении
 

Латын әліпбиі – тарихи таңдау

Категория: Информация, Автор: Admin от 21-09-2018, 17:06, посмотрело: 58

0
Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылы 6654 әскри бөлімі мен аудандық кітапхананың ұйымдастаруымен 21 қыркүйек күні «Латын әліпбиі – тарихи таңдау» атты азаматтық фору (дөңгелек үстел) өтті. Іс-шараға келген қонақтар: «Еңбекшіқазақ» саяси-қоғамдық газітінің бас редакторы Х.Ахметжанов, «Тіл» оқыту-әдістемелік орталығының директоры Н.Рахымова, Тіл орталығының оқытушысы Д.Коканова, Есік гуманитарлық экономикалық колледжінің оқытушысы Қ.Құрманғалиева, 6654 әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Ж.Атыгаев, 6654 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Б.Мунтинов, кітапхана қызметкерлері мен сарбаздар қатысты. Іс-шара барыснда латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы айтылды. Іс-шара барысында «Латын әліпбиі - жаңғыру жазудан басталады» атты слайд көрсетіліп, «Латын әліпбиі - өркениет жолы» кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жүргізілді. Барлығы қатысқан адамдар саны 52.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 9 человек, в том числе Гулия Саурыкова
 

Отбасы - адамгершіліктің алтын қазынасы

Категория: Информация, Автор: Admin от 14-09-2018, 16:03, посмотрело: 95

0
Отбасы-сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай отан."Отан отбасынан басталады" дегендей Отанды сүю-отбасынан басталатындығы рас. Себебі, отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Қыркүйек айының алғашқы аптасы Отбасы күніне орай 13 ші қыркүйек күні Еңбекшіқазақ аудан, Қаражота ауылдық кітапханасы мен мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Отбасы - адамгершіліктің алтын қазынасы" атты, ауыл қариялары мен 9,10 шы сынып оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Оқушыларға ата, апаларымыз өздерінің өнеге өсиеттерін айтып, оларға отанымыздың білімді, білікті ұл-қыздары болып өсуілеріне тілектестіктерін білдіріп, баталарын берді. Әңгіме қызықты, тартымды өтті.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: Замира Акматова и Вера Будау, люди сидят
 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК