» Материалы за Октябрь 2018 года

Массовая работа

Жолдау

Категория: Информация, Автор: User от 19-10-2018, 17:14, посмотрело: 315

0
12 қазан күні Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық кітапханасында "Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Елбасының жолдауын насихаттау барысында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысқандар: мəдениет қызметкерлері, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, "Елім-ай" қоғамдық қорының төрағасы, Нұр Отан партиясының белсенді мүшесі Жаңаберген Мұхаммедов, Қ.Орымбетов атындағы орта мектепбінің 8 "ə" сынып оқушылары, ұстаздар. Кітапханашы Ж. Наширбекова оқушыларға келер жыл "Жастар жылы" деп жарияланғалы жайлы, президентіміз "Болашақ жастардың қолында" деп сенім артып, жастарға көптеген көңіл бөліп, соңымен қатар үлкен үміт артып отырғаны жайлы жеткізді. Талдау барысында келген қонақтар өз, пікірлерімен бөлісіп, биылғы жолдауға он бағасын берді.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 3 человека, люди сидят и в помещении
 

Адал жол - Честный путь

Категория: Информация, Автор: User от 18-10-2018, 09:43, посмотрело: 377

0
«Саналы ұрпақ» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудандық кітапханада кітапхана ұжымы және оқырмандар «Адал жол - Честный путь» марафонына ат салысты.
 
 

Қазына кеуде қарттарым

Категория: ---, Автор: User от 15-10-2018, 09:57, посмотрело: 343

0
1 қазан қарттар күніне орай Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасы және Рахат ауылдық округі №1 орта мектебінің ұйымдастыруымен 5 қазан күні «Қазына кеуде қарттарым» атты кездесу кеш өтті. Кеш қонақтары: Еңбекшіқазақ аудандық ардагерлер қоғамының төрағасы Т.Ұзақұлы, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, медицина қызметкерлері А.Оразалы және Б.Ш.Жәкейқызы, әйелдер кеңесінің төрайымы С.Р.Омарқызы, ауданымыздың ақын-жазушысы Ш.Құсайынұлы, ұлағатты ұстаз Ж.Н.Букаев, археологиялық музейдің негізін қалаушы Д.Ахметбекова, мәдениет қайраткері, өлкетану музейінің қызметкері Ибраев Балтабай және де басқа ауданымыздың танымал ардагерлері, мектеп ұстаздары қатысты. Құрметті қарттарымызды құттықтап оқушылыр ән айтып, би билеп, көрініс қойып, Ш.Құсайынұлының өлеңдерін жаттқа айтты. Кеш соңында ардагерлерге аудандық кітапхана атынан сыйлықтар, ал оқушыларға мадақтама қағаздары таратылды.
 
 

Жолдау

Категория: Информация, Автор: User от 15-10-2018, 09:43, посмотрело: 331

0
11 қазан күні Шелек ауылдық кітапханасы «Коворкинг» орталығында «Шелек-2018» қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен кітапханашылар Елбасымыздың кезекті Жолдауын талқылады. Биылғы Жолдау Елбасымыздың болашақты болжайтын көреген саясатының, батыл қадамдарының стратегиялық терең ойшылдығының тағы бір нақты көрсеткіші. Бұл жолы да әлеуметтік бағыт Жолдаудың өзегіне айналып отыр. Әлеуметтік жаңашылдықтармен қатар, Жолдауда мықты экономикалық серпін де бар - деді жиналғандар.
 
 

Жолдау

Категория: Информация, Автор: User от 15-10-2018, 09:35, посмотрело: 337

0
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапхана ұжымы қызметкерлерінің қатысуымен 12 қазан күні Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты талқылау жиыны өтті. Кітапханашылар еліміз үшін маңызы зор мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын талқылап, ой-пікірлерімен бөлісті.
 
 
 

Қарты бар ел-қазыналы ел

Категория: Информация, Автор: User от 4-10-2018, 15:44, посмотрело: 298

0
Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Есимова мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесе отырып 1 қазан қарттар мерекесіне орай "Қарты бар ел-қазыналы ел" атты әдеби кеш өткізді. Қарттарды мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар мен қоса гүл шоқтары табыс етілді. Кеште мың бұрала би билеп ән шырқалды. Қарттар өз ризашылықтарын білдірді. Кітапханашы К.К.Есимова "Аталар сөзі - асыл қазына " атты кітап көрме ұйымдастырды.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 3 человека, люди стоят
 

Спорт – денсаулық кепілі

Категория: Информация, Автор: User от 1-10-2018, 15:08, посмотрело: 377

0
27 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай ауылында ұлағатты ұстаз, еңбек сіңірген бапкер Бахамов Шахапдинның 70 жылдық мерей тойына арналған облыстық бокс турнирі өтті. Осыған орай, Малыбай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Гаитова «Спорт – денсаулық кепілі» атты кітап көрме ұйымдастырып, шолу жасады. 
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 1 человек, стоит, костюм и в помещении
 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК