Сделать домашней|Добавить в избранное
 

Многопользовательский новостной движок,
предназначенный для организации собственных
СМИ и блогов в интернете.

 
» Материалы за 26.11.2018
на правах рекламы

Ұлы даланың ғажап сырлары

Автор: User от 26-11-2018, 11:19
Елбасының 21 қарашадағы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Рахат 1» орта мектебінде аудандық кітапхана және осы мектептің кітапхана меңгерушісі Д. Жанабилованың ұйымдастыруымен 10-11 сыныптар арасында «Ұлы даланың ғажап сырлары» тақырыбында медиатаным болып өтті. Бұл іс-шарада кітапханашылар Г. Саурықова, Д. Жанабилова және тарих пәні мұғалімі Т. Өмірзақов Елбасы төл тарихымызды бағалап, жаңғыртуға арналған 6 тапсырманы жүктегенін нақтылап түсіндірді. Оның қатарында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын «Архив-2025» атты жеті жылдық бағдарламасын жасау, 2019 жылы Түркітанушылардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында «Ұлы даланың ұлы есімдері» саябағын ашу, сондай-ақ, «Ұлы дала» деген атаумен ежелгі өнер және технологиялар мұражайын ашу сынды тарихи әрі маңызды міндеттер бар. 
Елбасы қорытындылай келе, бұл бастамаларды «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы секілді жемісті жүзеге асыруға шақырады. Өткенді мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі деді мақала соңында. 
Ортақ ой айтып, пікірлерімен бөліскен «Рахат 1» және «Білім-Инновация» лицейінің 10-11 сынып оқушылары, ұстаздар мақаланың мәнін ашып, көпшілікке жан-жақты етіп түсіндіруге басымдық бермек. Ұлттық құндылық пен тамыры тереңде жатқан тарихымызға қатысты мақаладағы міндеттерді орындауға ниетті екендерін айтып тарқасты.
 
 

Ұлы даланың жеті қыры

Автор: User от 26-11-2018, 11:12
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – ұлт рухының айрықша салтанат құруына негіз болған ерекше оқиға! Ұлы даланың жеті қыры бағдарламалық мақаласындағы ұлттық сананың жаңаша қалыптастыру басқа елдердің озық тәжірибесін, жетістіктерін бойға сіңіріп, пайдамызға асыру. Ұлы даланың жеті қырына тоқтала кетсек бірінші бөлімі: Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт, екінші бөлімі: тарихи сананы жаңғырту. 
Еңбекшіқазақ ауданды әкімінің аудандық кітапханасында «Тарихи сана -ұлттық болмыс» атты тақырыбында оқырмандар арасында талқыланды.
 

Ескерткіш – ел тарихы

Автор: User от 26-11-2018, 11:06
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» №1488-ХІІ Заңы негізінде ауданымыздағы тарихи ескерткіштерді, қорғандарды, обаларды қорғау, өскелең ұрпаққа осы қалпында жеткізу мақсатында «Ескерткіш – ел тарихы» атты тақырыпта семинар аудандық кітапхананың оқу залында 21 қараша күні өтті. Іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, Есік қаласы мен ауылдық округтардағы мәдениет саласына жауапты қызметкерлер қатысты.
 

Уважаемые вебмастера, Вы
просматриваете тестовую страницу
DataLife Engine.
Текущая версия 10.6.