» Материалы за Январь 2019 года

Массовая работа

Фариза - поэзияның падишасы

Категория: Информация, Автор: User от 29-01-2019, 17:36, посмотрело: 154

0
Қаңтар айының 29 күні Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылдық кітапхана мен мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақын Ф.Оңғасынованың 80 жылдығына орай, "Фариза - поэзияның падишасы" атты поэтикалық марафон өтті. Марафонға 5-8 сынып оқушылары қатысып, ақынның шығармаларынан өлең - жырларын мәнерлеп оқыды. Мақсаты: оқушыларға қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Ф.Оңғарсынованың өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, өзіндік ерекшеліктерін анықтау; ақынның туған жерге, елге деген сүйспеншілігін жеткізу, балаларға поэзияны сүюге, түсінуге, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру. Кітапханашы Ж.Ботамбаева ақынның кітаптарынан кітап көрмесін ұйымдастырып, шолу жасады.
 
 

Мастер кисти

Категория: Информация, Автор: User от 25-01-2019, 17:20, посмотрело: 164

0
25 января 2019 года в средней школе им.Абылайхана в 7 «В» классе был проведен урок искусства «Мастер кисти», посвященный 115-летию со дня рождения А.Кастеева. Библиотекарь Свининникова Г.Р. рассказала ребятам об этом удивительном человеке, чьё имя стоит в одном ряду с такими выдающимися деятелями казахской национальной истории и культуры, как Шокан Уалиханов, Мухтар Ауэзов, Каныш Сатпаев, Шакен Айманов и многими другими, чьи жизнь и талант были полностью отданы беззаветному служению своего народа. Библиотекарь отметила, что А.Кастеев был первым профессиональным казахским художником. Он был первооткрывателем, первопроходцем, основоположником казахского изобразительного искусства. Учащиеся проявили большой интерес к творчеству великого художника, задавали вопросы и сами приводили интересные факты из жизни А.Кастеева.Творчество А.Кастеева – уникальное достояние национальной культуры Казахстана, которому заслуженно уделяется серьезное внимание на уровне государственной культурной политики.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 18 человек, люди улыбаются, люди стоят и в помещении
 

Жолдау - жарқын істер жалғасы

Категория: Информация, Автор: User от 24-01-2019, 17:38, посмотрело: 201

0
24 қаңтар күні Көктөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы Б.Баймуханбетова О.Жандосов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушылар арасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын насихаттау мақсатында «Жолдау - жарқын істер жалғасы» атты талдау жүргізілді. О.Жандосов атындағы орта мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Ақерке Бексұлтанқызы жолдауға қатысып өз ойын білдірді.
 
 

Қазақстанның киелі жерлері

Категория: Информация, Автор: User от 24-01-2019, 09:36, посмотрело: 218

0
23 қаңтар күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылдық кітапханасында Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында, «Туған жер» акциясы бойынша ауылымыздағы полиция ротасының күзет бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен, кітапхананың оқу залында «Қазақстанның киелі жерлері» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында кітапханашы М. Үмбетова Қазақстанның көптеген қасиетті де, киелі жерлеріне жалпы тоқталып, Жер ұйығы - Жетісу өңірінің киелі жерлеріне кеңінен мағлұмат беріп өтті. Атап айтқанда: Жаркент қаласы маңындағы «Әулие ағаштың» жеті ғасырлық тарихымен таныстырып, тыңдармандарды қызықтырып, сонымен қатар шегесіз салынған «Уәли бай» мешітінің тарихымен қатысушыларды таңқалдырды. Сондай – ақ Қазақстанның барлық өңірлеріндегі киелі жерлердің тарихына тоқтала келе: Түркістан, Бекет ата, Айша бибі мазарларына тоқталды.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 2 человека, люди сидят и в помещении
 

Кітап – рухани жаңғыру құралы

Категория: Информация, Автор: User от 23-01-2019, 15:06, посмотрело: 243

0
Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық кітапханасында 23 қаңтар күні кітапханшы Ж.Наширбекованың ұйымдастыруымен «Кітап – рухани жаңғыру құралы» атты библиофреш өтті. Бұл іс-шараның мақсаты оқушыларды кітап оқуға қызықтыру және Алматы облысы әкімі А.Ғ.Баталовтың қолдауымен «Жетісу кітапхансы» сериясы бойынша жарық көріп жатқан жаңа кітаптармен таныстыру.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 2 человека, люди сидят
 

Жүз ән, жүз кітап

Категория: Информация, Автор: User от 23-01-2019, 10:45, посмотрело: 223

0
Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте «Жүз ән, жүз кітап» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті. Осы іс-шараға аудандық кітапхана директоры Г.Жандосова және кітапханшы Г.Свининникова қатысып оқушылардың оқыған кітаптары жайлы өз пікірлерін білдірді.
 
 

Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшіру маңыздылығын түсіндіру

Категория: Информация, Автор: User от 23-01-2019, 10:42, посмотрело: 241

0
17 қаңтар күні Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Мәдениет үйінің кіші залында орта буын оқушылары арасында «Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшіру маңыздылығын түсіндіру» атты іс-шараға кітапханашы А.Карбозова латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады, бұл заман талабы дей келе, оқушыларға насихаттай отыра, қойған сұрақтарына жауап берді.
 
 

Жолдау жаңғырудың жаңа жолы

Категория: Информация, Автор: User от 23-01-2019, 10:22, посмотрело: 311

0
17 қаңтар күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талдау мақсатында аудандық кітапхана әдіскері Г.Саурықова мен кітапханашы Л.Талипова « Жолдау жаңғырудың жаңа жолы » атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.С.Байғоджаев, Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Б.А.Шарғынова, ауданымыздың ақын, жазушысы Ш.Құсайынұлы, Еңбекшіқазақ газетінің тілшісі Алмагүл Нұғман, Есік қаласындағы Терешкова, Рахат №1, Абылай хан және А.Мәлкеев атындағы «Білім - инновация» лицейінің оқушылары, ұстаздары, кітапхана қызметкерлері қатысып, өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел барысында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылай отырып, оқушылыр өз ойларында жүрген сауалдарын қойды. Елбасы жолдауына қатысты сөз алған «Нұр Отан» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.С.Байғоджаев «Білімді де білікті, ертеңгі ел болашағы» екенін айтып, Елбасымыз биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялағанын айтты. Терешкова атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі: Армияұлы Серікхали тарих саласында өз ой-пікірлерін білдірді.
 
 

Бәрін білесін, оқи берсең кітапты

Категория: Информация, Автор: User от 23-01-2019, 10:18, посмотрело: 189

0
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында 15 қаңтар күні сағат 10-00 де 2018 жылдың қортындысы ретінде кітапхана оқырмандарымен «Бәрін білесін, оқи берсең кітапты» атты оқырмандар бенефисі өтті. Бұл іс-шараға кітапхананың көп жылдар бойы тұрақты оқырмандары қатысты. Атап айтар болсақ, Шаяхмет Құсайынұлы, Гекк Нельи, Оразбаева Куляйхан, Пенкина Вера, Сабирова Гульмира, Оринич Сергей, Кисляков Владимир, Қошмағанбетова Назым, Болатқызы Диана, Қуанышқызы Ақниет және ең жас кітапхана оқырмандары Алиев Камал мен Тажимгалиева Дария, тағы басқалары. Жиналғандар жыл бойы оқыған кітаптары туралы, кітапхана, білім, рухани қазына туралы өз ойларын ортаға салды. Ең көп кітап оқыған оқырмандарға мадақтамалар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
 
 

 

Дінмұхамед Қонаев - ғасыр саңлағы

Категория: Информация, Автор: User от 23-01-2019, 10:12, посмотрело: 218

0
11 қаңтар күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының әдіскері Г.Саурықова «Дінмұхамед Қонаев - ғасыр саңлағы» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің өткізілу мақсаты: Д.А.Қонаевтың туған күніне байланысты өмір жолы, жүріп өткен өмір тарихы туралы сыр шертіліп, мәліметтер беру. А.Мәлкеев атындағы «Білім инновация мектебінің» мұғалімі Нұрданұлы Сержан Д.А Қонаев туралы ой-пікірлер айтып, мәлімет деректер берді. 9-сынып оқушысы Рысбек Жансеріктің қойған сауалдарына кітапханамыздың әдіскері Г.Саурықова жауап берді. Іс-шараға қатысқандар А.Мәлкеев атындағы «Білім инновация мектебінің» оқушылары, ұстаздары, кітапханашылар, оқырмандар барлығы 25 адам.
 
 
Назад Вперед
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК