Сделать домашней|Добавить в избранное
 

Многопользовательский новостной движок,
предназначенный для организации собственных
СМИ и блогов в интернете.

 
» Материалы за 23.01.2019
на правах рекламы

Кітап – рухани жаңғыру құралы

Автор: User от 23-01-2019, 15:06
Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық кітапханасында 23 қаңтар күні кітапханшы Ж.Наширбекованың ұйымдастыруымен «Кітап – рухани жаңғыру құралы» атты библиофреш өтті. Бұл іс-шараның мақсаты оқушыларды кітап оқуға қызықтыру және Алматы облысы әкімі А.Ғ.Баталовтың қолдауымен «Жетісу кітапхансы» сериясы бойынша жарық көріп жатқан жаңа кітаптармен таныстыру.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 2 человека, люди сидят

Жүз ән, жүз кітап

Автор: User от 23-01-2019, 10:45
Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте «Жүз ән, жүз кітап» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті. Осы іс-шараға аудандық кітапхана директоры Г.Жандосова және кітапханшы Г.Свининникова қатысып оқушылардың оқыған кітаптары жайлы өз пікірлерін білдірді.
 

Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшіру маңыздылығын түсіндіру

Автор: User от 23-01-2019, 10:42
17 қаңтар күні Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Мәдениет үйінің кіші залында орта буын оқушылары арасында «Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшіру маңыздылығын түсіндіру» атты іс-шараға кітапханашы А.Карбозова латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады, бұл заман талабы дей келе, оқушыларға насихаттай отыра, қойған сұрақтарына жауап берді.
 

Жолдау жаңғырудың жаңа жолы

Автор: User от 23-01-2019, 10:22
17 қаңтар күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талдау мақсатында аудандық кітапхана әдіскері Г.Саурықова мен кітапханашы Л.Талипова « Жолдау жаңғырудың жаңа жолы » атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.С.Байғоджаев, Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Б.А.Шарғынова, ауданымыздың ақын, жазушысы Ш.Құсайынұлы, Еңбекшіқазақ газетінің тілшісі Алмагүл Нұғман, Есік қаласындағы Терешкова, Рахат №1, Абылай хан және А.Мәлкеев атындағы «Білім - инновация» лицейінің оқушылары, ұстаздары, кітапхана қызметкерлері қатысып, өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел барысында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылай отырып, оқушылыр өз ойларында жүрген сауалдарын қойды. Елбасы жолдауына қатысты сөз алған «Нұр Отан» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.С.Байғоджаев «Білімді де білікті, ертеңгі ел болашағы» екенін айтып, Елбасымыз биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялағанын айтты. Терешкова атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі: Армияұлы Серікхали тарих саласында өз ой-пікірлерін білдірді.
 

Бәрін білесін, оқи берсең кітапты

Автор: User от 23-01-2019, 10:18
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында 15 қаңтар күні сағат 10-00 де 2018 жылдың қортындысы ретінде кітапхана оқырмандарымен «Бәрін білесін, оқи берсең кітапты» атты оқырмандар бенефисі өтті. Бұл іс-шараға кітапхананың көп жылдар бойы тұрақты оқырмандары қатысты. Атап айтар болсақ, Шаяхмет Құсайынұлы, Гекк Нельи, Оразбаева Куляйхан, Пенкина Вера, Сабирова Гульмира, Оринич Сергей, Кисляков Владимир, Қошмағанбетова Назым, Болатқызы Диана, Қуанышқызы Ақниет және ең жас кітапхана оқырмандары Алиев Камал мен Тажимгалиева Дария, тағы басқалары. Жиналғандар жыл бойы оқыған кітаптары туралы, кітапхана, білім, рухани қазына туралы өз ойларын ортаға салды. Ең көп кітап оқыған оқырмандарға мадақтамалар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
 
 

Дінмұхамед Қонаев - ғасыр саңлағы

Автор: User от 23-01-2019, 10:12
11 қаңтар күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының әдіскері Г.Саурықова «Дінмұхамед Қонаев - ғасыр саңлағы» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің өткізілу мақсаты: Д.А.Қонаевтың туған күніне байланысты өмір жолы, жүріп өткен өмір тарихы туралы сыр шертіліп, мәліметтер беру. А.Мәлкеев атындағы «Білім инновация мектебінің» мұғалімі Нұрданұлы Сержан Д.А Қонаев туралы ой-пікірлер айтып, мәлімет деректер берді. 9-сынып оқушысы Рысбек Жансеріктің қойған сауалдарына кітапханамыздың әдіскері Г.Саурықова жауап берді. Іс-шараға қатысқандар А.Мәлкеев атындағы «Білім инновация мектебінің» оқушылары, ұстаздары, кітапханашылар, оқырмандар барлығы 25 адам.
 

Ұлы даланың жеті қыры

Автор: User от 23-01-2019, 10:03
10 қаңтар күні Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 21 қараша 2018 жылы жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша оқырмандармен талдау өткізілді. Оқырмандар мемлекет басшысының «Төл тарихын білетің, бағалайтың және мақтан ететің ұрпақтың болашағы зор болады» -деген сөздерін зор ықылыспен құптады.
 

Уважаемые вебмастера, Вы
просматриваете тестовую страницу
DataLife Engine.
Текущая версия 10.6.