Сделать домашней|Добавить в избранное
 

Многопользовательский новостной движок,
предназначенный для организации собственных
СМИ и блогов в интернете.

 
» Материалы за 09.02.2019
на правах рекламы

Мұқағали мәңгілік ғұмыр

Автор: User от 9-02-2019, 10:44

Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық Мәдениет үйінде 8 ақпан күні  кітапханашы мәдениет үйінің қызметкерлері мен және С.Есбергенов мұражай қызметкерлері мен бірлесе ұйымдастыруымен қазақ халқының мұзбалақ, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай "Мұқағали мәңгілік ғұмыр "атты жыр байқауы өтті. 
Бүгін менің туған күнім Ой,бәле -ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны ай.
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ- құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
"Мынау- шапан, Мынау атың, мін" демей, демекші. Шара басталар алдында ақынның өмірі мен шығармашылығы, артында қалдырған мол мұрасы жайында мағлұмат беріп "Мұқағали қазақ жырының Хантәңірі "атты кітап көрмесін кітапханашы Есимова Клара таныстырып өтті. Байқауда ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу және әндерін нақышына келтіріп орындау.Байқауға ауыл тұрғындары мен О.Жандосов атындағы орта мектептің ұстаздары қатысты. Байқауда поэзияның серкесі ақиық ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп орындаған Исабаева Шолпан Әбенқызы бастауыш сынып мұғалімі бас жүлде мен марапатталды. 1-орынмен  Құрамаев Жәйірбек. 2- орынмен Бағыбев Сәбетбек марапатталды. Байқауға қатысқандарға мақтау қағаздарымен қоса сыйлықтар табыс етілді.

 

Бүгін менің туған күнім

Автор: User от 9-02-2019, 10:32

Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер Мәдениет үйінде 8 ақпан күні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Бүгін менің туған күнім!!! " атты өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту сайысы өтті. Бұл іс-шараға жас ерекшелігінеге шектеу қойылмағандықтан, Қ.Орымбетов, Талдыбұлак орта мектеп оқушылары,  бастауыш сыныптан бастап, Қаракемер кәсіптік колледж студенттері қатысты. Іс-шараны Қаракемер Мәдениет үйінің маманы Ерқуат Оңашқан ұйымдастырса,  Баракбаев Жарқын - Қаракемер балалар театрының директоры жүргізді. Бірінші орынды Абілда Мәдина мен Танырбергенова Айгерим иеленсе, екінші орын А.Камалова  мен  Хайдар Ақмармар, үшінші орынға Амангелді Санжар мен Амангелді Сабыр иеленсе, барлық  қатысқан оқушыларға да ынталандыру мадақтамалар тапсырылды. Бұл іс-шаранын мақсаты оқушылардың М. Мақатаевтың өлеңдері  арқылы Отанға, туған еліне, жеріне, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға үйрету, осы іс-шараға байланысты  Қаракемер ауылдық кітапханашысы Наширбекова Жаңыл "Мұқағали -  мәңгілік ғұмыр" атты кітап көрме ұйымдастырып, оқушыларға таныстырды.

 

Уважаемые вебмастера, Вы
просматриваете тестовую страницу
DataLife Engine.
Текущая версия 10.6.