26 сәуір күні Шелек модельді ауылдық кітапханасыныңда «Чернобыль – жүректегі жазылмас жара» атты Чернобыль ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Кешке Чернобыль ардагерлері, Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер – нұсқаушы М. Туғанбаева, өлкетану музейінің директоры Е. Дәркембаев, жазушылар одағының мүшесі, жергілікті ақын А. Бердібаевтар қатысты. Кеш барысында Чернобыль ардагерлері: Т. Садуақасов, М. Шаимов, С. Қалиев сөз сөйлеп, оқушыларға апат зардаптары туралы кеңінен мағлұмат берді.
