Сделать домашней|Добавить в избранное
 

Многопользовательский новостной движок,
предназначенный для организации собственных
СМИ и блогов в интернете.

 
» Материалы за 02.04.2019
на правах рекламы

Армысың әз Наурыз!

Автор: User от 2-04-2019, 17:15

2019 жылдың 20 наурыз күні сағат 14.30 да Ақши ауылдық кітапханасы мереке қарсаңында «Наурыз» мерекесін ұлықтау мақсатында Ақши ауылындағы Бөлек батыр атындағы орта мектептің 3 сынып оқушылары арасында «Армысың әз Наурыз!» атты әңгіме сағаты өтті. Іс-шара барысында кітапханашы балаларға Ұлыс құтты болсын! Ақ мол болсын!, Төрт түлік ақты болсын,-деп тілектерін айта келе 22 наурыз бүкіл шығыс халықтарының ежелгі бас мерекесі. Наурыз - жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңелу сәті, халықтардың ынтымақ күні. «Наурыз табиғаттың мейрамы»-деп, оларға «Наурыз көже», «Наурыз тойы», «Наурыз бата», «Көрісу», «Табысу» сияқты осы күнге лайықты салт дәстүрлер жайлы әңгімеледі. Балалар түрлі сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.

Наурыз көктем, шуағын төккен

Автор: User от 2-04-2019, 16:59
Қаражота ауылында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай Б.Момышұлы орта мектебінің 6-шы сынып оқушыларның
"Наурыз көктем, шуағын төккен" атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына бүркітші, саятшылар келді. Саятшылық біздің өнерімізде орны ерекше. Ол аң аулау ғана емес, ол  өнер. Жүйрік ат, Қыран бүркіт, Ұшқыр тазы, жігіттің бұған құмар өнерпазы дегендей, бабадан қалған өнер. "Қыран" федерациясының атқарушы директоры  Бағдат Мүптекқызы бүркітшілік: ұлттық өнеріміз туралы балаларға кең әңгімелеп берді. Тәрбие сағаты оқушылардың концерттік бағдарламаларымен жалғасты.

Армысың әз - Наурыз

Автор: User от 2-04-2019, 16:48
Нұра ауылында  О.Жандосов мектебінде 20 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай "Армысың әз - Наурыз" атты әдеби дастархан өтті. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мерекесінің мәнін түсіндіру, "көрісу" туралы ұғымдарын кеңейту. Кеште ән айтылып, би билеп, тұсау кесу рәсімдері көрсетіліп дастархан жайылып наурыз көже мен қазақтың ұлтық тағамдар қойылды.
 

көрісу күні

Автор: User от 2-04-2019, 16:26

Шелек модельді ауылдық кітапханасының кітапханашылары мен Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің 4Асынып оқушыларымен"Ойдағы ел қырдағы елмен араласып, қуанысып, көрісіп, құшақтасып"атты көрісу мейрамын өткізді. Кітапханашылар мерекеге арнайы шақырылған әжелер, ата–аналар, оқушылармен көрісіп, кітапханашы А.Адамбекова шашу шашып, ізгі тілегін білдірді. Кітапханашы Ұ.Бағашарова көрісу күні туралы қысқаша мәлімет берді. Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре-сәре болған жұрт Жаңа Жылды - 22 наурыз мерекесінжайылған ақ дастархан басында жалғастырды.

 

Қош келдің, Наурыз!

Автор: User от 2-04-2019, 16:04

Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық кітапханасы 2019 жылдың 19 наурыз күні сағат 11.00 Н.Островский атындағы орта мектептің 4 сынып оқушылары арасында «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шара барысында Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі болып саналатынын балалардың өздері ақ жарыса жеткізді. Кітапханашы Ж.Базарова қазақтың салт-дәстүрін ұлықтайтын бұл мереке мұсылман елінде әдептілік, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді дарытатын, дамытатын күн есебінде ерекшеленген. Сондықтан бұл айда адамдар бір-бірімен көрісіп, табысып бір-бірінің қателіктерін кешіреді және өзара жақсы тілектер тілейді дей келіп, оқушылардың сауалдарына жауап берді. Балалар наурыз мейрамы туралы өз ойларын ортаға салып, ой бөлісті.

 

Тұсау кесер

Автор: User от 2-04-2019, 15:57

18 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданыБәйтерек ауылдық кітапханашысы А.Кегенбаева Әл-Фараби орта мектебінің бастауыш сынып оқушылар арасында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай салт дәстүрді насихаттап іс-шара өткізді. Іс-шараға оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер қатысып, кітапханашы оқушыларға «Тұсау кесер» көрінісін көрсету арқылы мерекенің мақсатын түсіндіріп өтті. Іс- шара соңында «Қара жорға» биін билеп, дастархан жайылды.

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз

Автор: User от 2-04-2019, 15:53

19 наурыз күні, Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылындағы О.Мұхамадий атындағы орта мектепте Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай мерекелік кеш өтті. Кеште ән айтылып, би билеп, тұсау кесер, жарапазан айтылып, қыздар көрісу рәсімін де орындап, салт-дәстүрді жаңғырту мақсатында рәсімдерді орындап, мерекелік кеш қызықты өтті.

Қыз ұзату

Автор: User от 2-04-2019, 15:49

15 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық кітапханасымен Балтабай орта мектебінде салт-дәстүрді насихаттау, жас ұрпақтың салт-дәстүрді біліп өсуі мақсатында 9 сынып оқушылары арасында "Қыз ұзату" дәстүрінен көрініс көрсетілді. Бұл жерде әженің ақ батасы, әкенің ақ тілегі айтылып, ұзатылатын қыздың құрбыларымен бірге сыңсу әні орындалды.

 



Ең бастысы - менің туған ауылым

Автор: User от 2-04-2019, 15:23

2019 жылдың 14-ші наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылдық кітапхана мен Мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен әйгілі суретші, қыл қалам шебері, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Ә.Қастеевтің 115 жылдығына орай сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Б.Момышұлы атындағы 5-ші сынып оқушыларының "Ең бастысы - менің туған ауылым" атты тақырыпта салған суреттері қойылды. Кітапханашы Ж.Ботамбаева оқушыларға Қаражота ауылы туралы кең көлемде әңгімелеп берді. Туған жер, туған ауыл- адам өмірінде киелі орын алады. Себебі, ол - сенің әлпештеген анаң, аялап өсірген әкең, туған-туысың, сені білім жолына жетелеген ұстаздарың, сол білім жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарың дүниеге келген жер.
Мәдениет үйнің директоры К.Шыныбаева оқушыларға Ә.Қастеевтің өмірбаяны мен туындылары және марапаттары туралы айтып өтті.

 


Назад Вперед
Наверх

Уважаемые вебмастера, Вы
просматриваете тестовую страницу
DataLife Engine.
Текущая версия 10.6.