Сделать домашней|Добавить в избранное
 

Многопользовательский новостной движок,
предназначенный для организации собственных
СМИ и блогов в интернете.

 
» Материалы за 18.04.2019
на правах рекламы

Қаныш-ұлт мақтанышы

Автор: User от 18-04-2019, 15:18

Аудандық кітапханада 18 сәуір күні «Қаныш-ұлт мақтанышы» атты буктравел өтті. Бұл іс-шараға Қ. Сәтбаев атындағы орта мектептің 7- сынып оқушылары , ұстаздары, кітапханашылары қатысып, Қаныш Сәтбаев атамыздың қазақ халқына деген аса алуан махаббатпен, еңбекпен келген еңбектерін, қызметтерін еске ала отырып, жүріп өткен жолдарын атқарған қызыметтері туралы, қызықты- қызықты материалдармен бөлісіп, ой- пікірлерін ортаға салды. Қаныш атамыздың туғанына 120 жыл толуына орай,көптеген мақалалар мен шағын шығармалар жазылып та жатыр. Дегенмен оқушылармен өткен бұл буктравелдан (кітаптарға саяхат) біз де, оқушылар да, аздап болса да, рухани азық алдық деп ойлаймыз.

Тарихы терең, тағзымы биік –ескерткіштер

Автор: User от 18-04-2019, 15:13

18 - сәуір халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай әрбір тарих және мәдениет ескерткіштерін насихаттау, тарихи-мәдени мұраны көпшілікке таныту, ескерткіштерге құрметпен қарауға тәрбиелеу, патриотизмді нығайту мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылында «Тарихы терең, тағзымы биік –ескерткіштер» атты өлкетану сағаты өткізілді.
Мәдени-тағылымдық іс-шараны өткізудегі мақсат – тарихи өлкеміздің рухани және құнды мұраларын көздің қарашығындай сақтау, жастардың Отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімін арттыру, ескерткіштер мен тарихи жәдігерлерді сақтауға үйрету. Шара барысында кітапхана қызметкері К.Есимова кітапхана оқырмандарына ескерткіштер туралы жан-жақты мағлұмат берді.

Кітап – мәңгілік құндылық

Автор: User от 18-04-2019, 15:07

Ават ауылдық кітапханасында «Кітап – мәңгілік құндылық» атты кітапханаға саяхат өткізілді. Бұл іс-шараға О. Мухаммадий атындағы орта мектептің оқушылары қатысты. Мақсаты: Кітап оқудың пайдасы көп екенін түсіндіру, оқушыларды кітап оқуға балу, кітапты сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу, кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Рухани жаңғыруға байланысты шыққан кітаптарға тоқталып, ерекше таныстырылып өтілді және «Бір ел – бір кітап» көрмесімен және «Тәуелсіз ел – мәңгілік ел» атты кітап көрмесіне де шолу жасалды.

Уважаемые вебмастера, Вы
просматриваете тестовую страницу
DataLife Engine.
Текущая версия 10.6.