Сделать домашней|Добавить в избранное
 

Многопользовательский новостной движок,
предназначенный для организации собственных
СМИ и блогов в интернете.

 
» Материалы за 31.05.2019
на правах рекламы

Бүгінгі ана және бесік жыры

Автор: User от 31-05-2019, 15:28
Жайдары жаздың бірінші күніне дәл келетін Балаларды қорғау күні – халықаралық мерекелердің бірі. Балаларымыздың тәрбиесі бесіктен басталатыны баршамызға аян. Мемлекетіміздің саясатымен алдымен олардың дұрыс өсіп жетілуіне, тәрбиеленуіне үлкен көңіл бөлінуде. Осы орайда 31 мамыр күні Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бүгінгі ана және бесік жыры» тақырыбында ой-талқы өтті. Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар, ата-аналар, балалар 30 адам қатысты. Жас оқырмандардың жеке қасиеттерін дамыту, өлеңдерді, әндерді нақышына келтіре айтуға үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін биік ұстауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шарада кітапхана әдіскері Г.Саурықова 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Бүлдіршіндер өнерлерін көрсетіп, ән айтып, мың бұрала би биледі. Іс-шара соңында әр балаға сыилықтар таратылды.
 
Салтанат Мамажанова суреті.

Уважаемые вебмастера, Вы
просматриваете тестовую страницу
DataLife Engine.
Текущая версия 10.6.