» Материалы за Июнь 2019 года

Массовая работа

Сен құстар туралы білесің бе?

Категория: Информация, Автор: User от 7-06-2019, 12:44, посмотрело: 18

0
6 маусым күні Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасының кітапханашысы Р.Курбанова Ават ауылындағы «Гүлдер» балабақшасында «Сен құстар туралы білесің бе?» атты сұрақ – жауап ойынын өткізді. Балаларға жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсіндіру, балалардың белсенділігін, қызығушылығын, ой – өрісін, құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Кітапханашы балабақшадағы балдырғандарға тірі тотықұс пен ойнату арқылы қызығушылығын оятты.
 
 

Балалардың күлкісі – әлемнің сәні

Категория: Информация, Автор: User от 5-06-2019, 17:12, посмотрело: 38

0
5 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек модельді ауылдық кітапханасының оқу залында «Балалардың күлкісі – әлемнің сәні» атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікке Х.Бижанов атындағы орта мектебінің 1-2 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы М.Үмбетова балаларды төл мерекелерімен құттықтады. Оқушылар өз кезегінде өлеңдер оқып, әндер шырқады. Кеш соңында балаларға тәтті базарлық тарқатылып, кітапханаға жазылуға және жазғы демалыстарында кітап оқуға шақырды.
 
 

Еліміздің рәміздері – мәңгілік

Категория: Информация, Автор: User от 5-06-2019, 17:04, посмотрело: 35

0
4 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек модельді ауылдық кітапханасы мен Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының акт залында ҚР рәміздер күніне орай «Еліміздің рәміздері – мәңгілік» атты мәдени шара өткізілді. Іс-шараға кітапхана оқырмандары, ауылымыздың политехникалық колледжі студенттері қатысты. Округ әкімінің орынбасары Сәрсенбек Айбек Жұматайұлы сөз сөйлеп, ізгі тілегін жеткізді. Ауылымыздың жез таңдай әншілері патриоттық әндерін орындап кешті жандандырды.
 
 

Рәміздер - елдігімнің тірегі

Категория: Информация, Автор: User от 5-06-2019, 09:34, посмотрело: 37

0
4 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылдық кітапханасында рәміздер мерекесіне орай "Рәміздер - елдігімнің тірегі" атты әдеби сазды кеш өтті. Кешке кітапхана оқырмандары, Тескенсу ауылдық округі әкімшілігінің қызметкерлері мен оқушылар қатысты. Кеш Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылды. Кеш барысында мемлекеттік рәміздеріміз Ту, Елтаңба, Гимнің шығу тарихымен, авторларының өмірбаянымен таныстырылып, әрбір нышандарға шолу жасалынды.
 
 

 

Рәміздер - Тәуелсіздік белгісі

Категория: Информация, Автор: User от 4-06-2019, 16:06, посмотрело: 42

0 Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапханасында 4 маусым Рәміздер күніне орай «Рәміздер - Тәуелсіздік белгісі» атты тақырыпта танымдық сағат өтті. Іс-шара мәдениет үйінің қызметкерлері, мұражай қызметкерлері және Сөгеті ауылдық әкімі аппаратының қызметкерлерімен бірігіп ұйымдастырылды. Мақсаты: Отан, Қазақстан, Туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасың рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды отансүйгіштіке, адамгершіліке, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Танымдық сағат басталар алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Оқушылар рәміздер күніне дайындаған өлеңдерін жатқа айтты. Оқушыларға слайд арқылы елтаңбаның латын қаріпінде жазылған жаңа нұсқасы көрсетілді. Кітапханашы К.Есимова оқушыларға слайд арқылы аса маңызды мемлекеттік белгілер - Рәміздермен жан-жақты таныстырып, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткенімен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасады.
 
 

Менің елімнің рәміздері

Категория: Информация, Автор: User от 4-06-2019, 15:56, посмотрело: 61

0
Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылдық мәдениет үйінде 4-ші маусым рәміздер күніне орай ауылдық кітапхана мен мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, оқушылар мен оқырмандардың қатысуымен "Менің елімнің рәміздері" атты танымдық сағат өтті. Кітапханашы Ж.Ботамбаева «Рәміздерім мақтанышым» деген тақырыпта баяндама оқыды. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты қастерлеу болып табылады. Рәміздер - бұлар біздің еліміздің, яғни Республикамыздың бет бейнесі, біз үшін биік, біз үшін қастерлі. Балалар еліміздің рәміздері туралы өлеңдері мен әндерін орындады.
 
 

Ел рəміздері - елімнің мақтанышы

Категория: Информация, Автор: User от 4-06-2019, 15:46, посмотрело: 57

0
Еңбекшіқазақ ауданы Бəйдібек би ауылдық кітапханасы 2019 жылдың 4 маусымы күні сағат 10.30-да рəміздер күніне орай "Ел рəміздері - елімнің мақтанышы" тақырыбында мерекелік іс-шараны ауылдық мəдениет үйімен бірлесіп өткізді. Іс-шараға əкімшілік мамандары, ауыл тұрғындары, кітапхана оқырмандары қатысып, ой бөлісті.
 
 

Рәмізге құрмет - Елге құрмет

Категория: Информация, Автор: User от 4-06-2019, 15:37, посмотрело: 31

0 Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық кітапханасында 4-маусым күні рәміздер күніне орай "Рәмізге құрмет - Елге құрмет " атты патриоттық сағат өтті. Бұл іс-шараны кітапхана, Мәдениет үйінің ұжымы кіші бауын оқушыларына арнап ұйымдастырды. Патриоттық сағат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен басталды. Мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасынын Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеуге түсінік қалыптастыру. Іс-шара барысында Қаракемер мәдениет үйінің директоры А.Мамырбекова оқушыларды Мемлекеттік рәміздер күнінемен құттықтап, оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, елінің туын, елтаңбасын, әнұранын қастерлеуге шақырды. Оқушылар рәміздерге, Отанға, еліне, туған жеріне байланысты өлеңдерді жатқа айтты. 
Кітапханашы Ж.Наширбекова іс - шара соңында "Тәуелсізбен, желбірейді көк Туым!" атты кітап көрмесімен таныстырды.
 
 

Туым - намыс, ұраным - бірлік, рәміздерім - мақтанышым

Категория: Информация, Автор: User от 4-06-2019, 15:30, посмотрело: 32

0
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Осы мерекеге орай Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасының кітапханашылары ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау мақсатында Абылай хан атындағы орта мектептің жанындағы лагерінде «Туым - намыс, ұраным - бірлік, рәміздерім - мақтанышым» атты танымдық сағат өткізді. Танымдық сағат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен басталды. Кітапханашылар М.Шаким мен Г.Дуйсембинова тәуелсіздік нышаныдары ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қадір – қасиеті туралы айта келіп, тәуелсіз еліміздің қасиетті белгілерін әрқайсымыз қадірлеп, қастерлеуіміз керек екенін айтты.
 
 

Елдігімнің, өрлігімнің белгісі рәміздер

Категория: Информация, Автор: User от 3-06-2019, 15:22, посмотрело: 41

0 3 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан ауылдық кітапханасында "Елдігімнің, өрлігімнің белгісі рәміздер" атты әдеби сазды кеш өтті. Кешке оқушылар және кітапхана оқырмандары қатысты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне халқымыздың тұтастығы бейнелейтін Ту, Елтаңба, Әнұран жатады. Әр елдің рәміздерінің өзіндік тарихы бар.
Біздің мемлекеттік рәміздеріміз - ұлтымыздың мәңгі байлығы.Кеш барысында рәміздердің шығу тарихына шолу жасалынды, рәміздер туралы өлеңдер оқылды. Іс-шараның мақсаты: Рәміздерді құрметтеу, Отанын, елін сүйетін азамат болу туралы айтылып өтті.
 
 
Назад Вперед
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК