» Материалы за 04.06.2019

Массовая работа

Рәміздер - Тәуелсіздік белгісі

Категория: Информация, Автор: User от 4-06-2019, 16:06, посмотрело: 206

0 Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапханасында 4 маусым Рәміздер күніне орай «Рәміздер - Тәуелсіздік белгісі» атты тақырыпта танымдық сағат өтті. Іс-шара мәдениет үйінің қызметкерлері, мұражай қызметкерлері және Сөгеті ауылдық әкімі аппаратының қызметкерлерімен бірігіп ұйымдастырылды. Мақсаты: Отан, Қазақстан, Туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасың рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды отансүйгіштіке, адамгершіліке, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Танымдық сағат басталар алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Оқушылар рәміздер күніне дайындаған өлеңдерін жатқа айтты. Оқушыларға слайд арқылы елтаңбаның латын қаріпінде жазылған жаңа нұсқасы көрсетілді. Кітапханашы К.Есимова оқушыларға слайд арқылы аса маңызды мемлекеттік белгілер - Рәміздермен жан-жақты таныстырып, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткенімен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасады.
 
 

Менің елімнің рәміздері

Категория: Информация, Автор: User от 4-06-2019, 15:56, посмотрело: 238

0
Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылдық мәдениет үйінде 4-ші маусым рәміздер күніне орай ауылдық кітапхана мен мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, оқушылар мен оқырмандардың қатысуымен "Менің елімнің рәміздері" атты танымдық сағат өтті. Кітапханашы Ж.Ботамбаева «Рәміздерім мақтанышым» деген тақырыпта баяндама оқыды. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты қастерлеу болып табылады. Рәміздер - бұлар біздің еліміздің, яғни Республикамыздың бет бейнесі, біз үшін биік, біз үшін қастерлі. Балалар еліміздің рәміздері туралы өлеңдері мен әндерін орындады.
 
 

Ел рəміздері - елімнің мақтанышы

Категория: Информация, Автор: User от 4-06-2019, 15:46, посмотрело: 266

0
Еңбекшіқазақ ауданы Бəйдібек би ауылдық кітапханасы 2019 жылдың 4 маусымы күні сағат 10.30-да рəміздер күніне орай "Ел рəміздері - елімнің мақтанышы" тақырыбында мерекелік іс-шараны ауылдық мəдениет үйімен бірлесіп өткізді. Іс-шараға əкімшілік мамандары, ауыл тұрғындары, кітапхана оқырмандары қатысып, ой бөлісті.
 
 

Рәмізге құрмет - Елге құрмет

Категория: Информация, Автор: User от 4-06-2019, 15:37, посмотрело: 175

0 Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық кітапханасында 4-маусым күні рәміздер күніне орай "Рәмізге құрмет - Елге құрмет " атты патриоттық сағат өтті. Бұл іс-шараны кітапхана, Мәдениет үйінің ұжымы кіші бауын оқушыларына арнап ұйымдастырды. Патриоттық сағат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен басталды. Мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасынын Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеуге түсінік қалыптастыру. Іс-шара барысында Қаракемер мәдениет үйінің директоры А.Мамырбекова оқушыларды Мемлекеттік рәміздер күнінемен құттықтап, оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, елінің туын, елтаңбасын, әнұранын қастерлеуге шақырды. Оқушылар рәміздерге, Отанға, еліне, туған жеріне байланысты өлеңдерді жатқа айтты. 
Кітапханашы Ж.Наширбекова іс - шара соңында "Тәуелсізбен, желбірейді көк Туым!" атты кітап көрмесімен таныстырды.
 
 

Туым - намыс, ұраным - бірлік, рәміздерім - мақтанышым

Категория: Информация, Автор: User от 4-06-2019, 15:30, посмотрело: 216

0
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Осы мерекеге орай Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасының кітапханашылары ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау мақсатында Абылай хан атындағы орта мектептің жанындағы лагерінде «Туым - намыс, ұраным - бірлік, рәміздерім - мақтанышым» атты танымдық сағат өткізді. Танымдық сағат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен басталды. Кітапханашылар М.Шаким мен Г.Дуйсембинова тәуелсіздік нышаныдары ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қадір – қасиеті туралы айта келіп, тәуелсіз еліміздің қасиетті белгілерін әрқайсымыз қадірлеп, қастерлеуіміз керек екенін айтты.
 
 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК