» Материалы за 05.06.2019

Массовая работа

Балалардың күлкісі – әлемнің сәні

Категория: Информация, Автор: User от 5-06-2019, 17:12, посмотрело: 191

0
5 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек модельді ауылдық кітапханасының оқу залында «Балалардың күлкісі – әлемнің сәні» атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікке Х.Бижанов атындағы орта мектебінің 1-2 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы М.Үмбетова балаларды төл мерекелерімен құттықтады. Оқушылар өз кезегінде өлеңдер оқып, әндер шырқады. Кеш соңында балаларға тәтті базарлық тарқатылып, кітапханаға жазылуға және жазғы демалыстарында кітап оқуға шақырды.
 
 

Еліміздің рәміздері – мәңгілік

Категория: Информация, Автор: User от 5-06-2019, 17:04, посмотрело: 183

0
4 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек модельді ауылдық кітапханасы мен Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының акт залында ҚР рәміздер күніне орай «Еліміздің рәміздері – мәңгілік» атты мәдени шара өткізілді. Іс-шараға кітапхана оқырмандары, ауылымыздың политехникалық колледжі студенттері қатысты. Округ әкімінің орынбасары Сәрсенбек Айбек Жұматайұлы сөз сөйлеп, ізгі тілегін жеткізді. Ауылымыздың жез таңдай әншілері патриоттық әндерін орындап кешті жандандырды.
 
 

Рәміздер - елдігімнің тірегі

Категория: Информация, Автор: User от 5-06-2019, 09:34, посмотрело: 193

0
4 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылдық кітапханасында рәміздер мерекесіне орай "Рәміздер - елдігімнің тірегі" атты әдеби сазды кеш өтті. Кешке кітапхана оқырмандары, Тескенсу ауылдық округі әкімшілігінің қызметкерлері мен оқушылар қатысты. Кеш Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылды. Кеш барысында мемлекеттік рәміздеріміз Ту, Елтаңба, Гимнің шығу тарихымен, авторларының өмірбаянымен таныстырылып, әрбір нышандарға шолу жасалынды.
 
 

 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК