25 шілде Қаражота ауылдық мəдениет үйінің қызметкерлері және ауылдық кітапхананың кітапханашысы Ж.Ботамбаеваның ұйымдастыруымен, Қаражота ауылдық мəдениет үйінде сағат 10:00 де "Достық - татулық белгісі" атты пікірталас өткізілді. Пікірталастың мақсаты: адам бойындағы болатын достық сезім қасиеттері қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу, достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге жəне адал достықты жалған достықтан айыра білуге тəрбиелеу. Пікірталас барысында оқушылар 2 топқа бөлініп, ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, мақал-мəтелдерді толықтырып, ұлы даналарымыздың достық туралы нақыл сөздеріне тоқталып, бір-бірлерімен пікір алысып, достық сөзіне сөзжұмбақ шешті.
