» Материалы за 05.07.2019

Массовая работа

Əлем таныған-Астана

Категория: Информация, Автор: User от 5-07-2019, 17:05, посмотрело: 167

0
Қаражота ауылдық Мəдениет үйінде Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай, 5 шілде күні оқушылар мен балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен «Əлем таныған-Астана» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, Астана туралы əндер шырқалып, өлеңдер оқылды. Ауылдық кітапханашы Ж.Ботамбаева "Менің Астанам" атты кітап көрмесін ұйымдастырып, кітаптарға шолу жасады.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 24 человека, в том числе Shazira Botambaeva, люди улыбаются, люди стоят и на улице
 

Нұр-Сұлтан - арман қала

Категория: Информация, Автор: User от 5-07-2019, 16:56, посмотрело: 176

0

Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық кітапханасында 5-шілде күні Нұр -сұлтан қаласы, Қазақ елінің қазіргі астанасы күніне орай «Нұр-Сұлтан - арман қала» атты сторителлинг ұйымдастырылды. Кітапханашы Жаңыл Наширбекова балаларды Астана күнімен құттықтап, бас қаламыз Нұр-Сұлтан туралы терең түсінік берумен оның тарихы жайлы жазылған кітаптармен: А.Смайылов "Астана ғасырлары ", "Астана 20 жылдық шежіресі " - энциклопедия, А.Мұқибекұлы "Ұлылық пен мәңгілік ", " Архитектура Астаны " , Н. Назарбаев "В сердце Евразии " және т.б. кітаптармен таныстырды. Балалар көптеген мағлұмат алып, өздеріне астанамыз Нұр-Сұлтан қаласы жайлы өз білгендерін ортаға салып ой-пікірлерімен бөлісті.

 


                                                                                                                                                                                                                                             




 

Алмас ғұмыр - Астана

Категория: Информация, Автор: User от 5-07-2019, 16:45, посмотрело: 147

0
5 шілде күні 2019 жылы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының оқу залында «Алмас ғұмыр - Астана» атты ашық есік күні өтті. Шараға Абылай хан атындағы орта мектеп жанындағы лагерінің оқушылары, ұстаздары, кітапханашылар, кітапхана оқырмандары қатысты. Барлығы – 35 адам. Іс-шараны аудандық кітапхана директоры Г.Жандосова құттықтау сөзбен ашып, шараға қатысушыларды Нұр-Сұлтан қаласының келе жатқан 21 жылдығымен құттықтады. Кітапханашы Г.Дүйсембинова астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының тарихы, ғимараттары, табиғаты туралы айтып өттіп, сөз кезегін оқушыларға берді. Оқушлар Астана туралы өлеңдер оқыды. Шара барысында кітапханашы Р.Курбанова «Астана - бейбітшілік ордасы» атты слайд көрсетіп, Г.Свинниникова «Астана - жаңғыру рәмізі» атты кітап көрмесімен таныстырып, оған әдеби шолу жасады.
 
 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК