0
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық
кітапханасы мен Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің ұйымдастыруымен тілдер күніне орай 11 қыркүйек күні «Ана
тілі - бәріміздің анамыз» атты азаматтық
форум өтті. Аудандық кітапхананың әдіскері Г.Саурықова «Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі
жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық
тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін
ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеу керек»
- екендігін айтты. Іс-шараға «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» Еңбекшіқазақ аудандық
филиалының меңгерушісі Н. Рахымбаева, «Рухани жаңғыру» орталығының маманы
Д.Коканова, кітапханашылар, колледж ұстаздары мен студенттері, барлығы 60 адам
қатысты. Іс-шараның мақсаты: студенттерге
туған жерге, Отанға, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, инабатты, халқын,
салтын сүйетін, тілін құрметтейтін тұлға қалыптастыру, саналы азамат ұрпақ тәрбиелеу. Шараға қатысушылар тілге
қатысты ой- толғап, пікір таластырды. Кітапханашы Г.Дүйсембинова тақырып
аясында слайд көрсетті.
