Сделать домашней|Добавить в избранное
 

Многопользовательский новостной движок,
предназначенный для организации собственных
СМИ и блогов в интернете.

 
» Материалы за Октябрь 2019 года
на правах рекламы

І.Жансүгіровтың тағдыры

Автор: User от 31-10-2019, 15:31
28 қазан күні Балтабай ауылдық кітапханасында кітапханашы Ж.Манапова 8 сынып оқушыларымен ақын, жазушы І.Жансүгіровтың туғанына 125 жыл толуына байланысты "І.Жансүгіровтың тағдыры" атты библиографиялық шолу өткізді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға мерейтой иесінің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, ақынның еңбектеріне, кітаптарына шолу жасап ақынның шығармаларын оқып зерттеп, тіл байлықтарын молайту. Қазақ халқы үшін еңбек еткен І.Жансүгіровті мақтан етуге, еңбектерін бағалауға, шығармаларын оқуға баулу.
 
На изображении может находиться: 3 человека, в том числе Жалағаш Аудандық Балалар Кітапханасы, люди сидят и в помещении
 

Кез-келген кітапты оқи аласыз

Автор: User от 31-10-2019, 15:17
30 қазан күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен ашық аспан аясында «Қазақтелеком» мекемесінің жанында кітапханаға оқырмандар тарту мақсатында «Кез-келген кітапты оқи аласыз» атты буккроссинг өткізілді. Іс-шара барысында кітапхана қызметкері С.Азизова көрмеге қойылған туындылар жайында қызықты мәліметтермен бөлісті. Кітапхана әдіскері Г.Саурықова буккроссинг акциясы жайлы айтып өтті. Оқырмандар ұнаған кітаптарын үйге алды.
 
На изображении может находиться: 3 человека, люди стоят и на улице
 

Құлагер ақын - Ілияс

Автор: User от 28-10-2019, 10:04

Жыр дүлділі І.Жансүгіровтың туылғанына 125 жыл толуына орай, 23 қазан күні Қаражота ауылдық кітапханасы және мәдениет үйі қызметкерлерімен бірге "Құлагер ақын - Ілияс" атты поэтикалық марафон өткізілді. І.Жансүгіровтың көп қырлы, алуан сырлы шығармаларының бірі "Құлагер" поэмасынан 5-6 сынып оқушылары үзінді оқып, белсене қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                                         

На изображении может находиться: 5 человек, люди сидят и в помещении

Талмай шапқан тұлпар

Автор: User от 28-10-2019, 09:45
Түрген ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 24 қазан күні Д.Қонаев атындағы мектептің 5 сынып оқушылары арасында, қазақтың үш бәйтерегінің бірі Ілияс Жансүгіровтің туғанына 125 жыл толуына орай "Талмай шапқан тұлпар" атты буктравел өтті. Кітапханашы А.Карбозова ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын насихаттап, слайд-шолу жасады.
 
На изображении может находиться: 4 человека, люди сидят, стол и в помещении

Жақсы кітап – жан азығы

Автор: User от 28-10-2019, 09:40
Шелек модельді ауылдық кітапханасына 23 қазан күні политехникалық колледждің 1 курс студенттеріне кітапханашы М.Үмбетова кітапханахаға саяхат ұйымдастырды. Кітапхананың абонемент, анықтама-библиографиялық, балалар және оқу бөлімдерімен таныстырып, кітапхананың тарихы мен әр бөлім ерекшеліктері, кітап қоры мен «Қазақ тілінің нәрімен сусындайық» және «Жас қалам» клубтарының жұмыстарымен кеңінен таныстырды.Кітапханашы Г.Джанбакиева «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» акция аясында «Жақсы кітап – жан азығы» атты буккроссингпен таныстырып, кітап алмасу болды.
 
На изображении может находиться: 13 человек, в том числе Құлбек Ергөбек и Madina Bahytovna Umbetova, люди улыбаются, люди сидят, стол и в помещении

Оқу эстафетасы

Автор: User от 21-10-2019, 16:19
Елімізде Шығыс пен Батыстың мәдениетін, өркениетін жетік білген дара тұлға Абайдың 175 жылдығы қарсаңында ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы басталғаны белгілі.
Шелек модельді ауылдық кітапханасының кітапханашылары Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасынан зор ықыласпен қабыл алып, «Көзімнің қарасы» әнін орындап, Шелек ауылдық округі әкімі Есенханов Есенғали Есенханұлына, Мәдениет үйінің директоры Беков Ринатқа, Өлкетану – музейінің директоры Дәркембаев Ердос Қалибекұлына, сондай – ақ барша оқырмандарына жолдаған болатын.
Осы эстафетаны Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі қабыл алып, кітапханамызда Абай өлеңдерін жатқа айтты.
 
На изображении может находиться: 5 человек, люди сидят

«Балалық шаққа саяхат»

Автор: User от 21-10-2019, 16:16
Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалық шаққа саяхат» атты кітапханалық сабақ 18 қазан күні Абылай хан атындағы орта мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Кітапханалық сабақты аудандық кітапхананың кітапханашысы А.Нұрлыбаева жүргізді. Оқушылар сабақ барысында жазушының өмірбаянымен, шығармалар мазмұнымен танысып, өз ойларымен бөлісті.
 
На изображении может находиться: 4 человека, люди сидят и в помещении

«Буккроссинг»

Автор: User от 21-10-2019, 16:14
Көркем әдебиеттердің оқылымнан шығып қалмауына әсер ету, кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту, тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында 2017 жылдан бастап «Буккроссинг» акциясы өткізіліп келеді.
«Буккроссинг» қазақшаға аударылғанда «кітап сыйлау», «кітаптың айналыста жүруі» дегенді білдіреді. Оны алғаш рет ойлап тапқан ғалым – Рон Хорнбекер. Кітаптың өз оқырманын табуына ықпал ететін бұл қозғалыс Америкада басталған болатын. Ал, Қазақстанда «буккроссинг» акциясы 2005 жылы қолға алынды.
Аталмыш акция «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты тақырыппен аудандық кітапханада ұйымдастырылды. Кітапханашы С.Азизова келушілерге қазақ және шетел классиктерінің туындыларын ұсынды.
 
На изображении может находиться: 1 человек, сидит и в помещении

"Басында Қазығұрттың кеме қалған"

Автор: User от 21-10-2019, 16:09
14 қазан күні Қаражота ауылдық кітапханасында Мəдениет Үйінің қызметкерлері және Қаражота ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Ботамбаева бірлесе "Басында Қазығұрттың кеме қалған" атты қызықты хабарлама сағатын өткізді. Іс-шараға 6 «а» сынып оқушылары қатысты, барлығы 20 адам. Қазығұрт өңірінің жер,су,тау-тас,мекен,əулие орындары аттарына байланысты аңыздардың үлкен этнотанымдық мəні бар, сол өлкенің тарихынан,тұрмыс-тіршілігінен, əдет-ғұрыптарынан мағлұматтар берілді. Жергілікті тұрғындардың түсінігінше топан су қаптағанда Нұх Пайғамбардың кемесі қайырылған жер. Тау басында кеме орнындай жазық жер бар, бұл жер киелі жер болып саналады. Оқушылар Қазығұрт өлкесі жайлы қызықты хабарламалармен танысты.
 
На изображении может находиться: один или несколько человек и люди сидят

Назад Вперед
Наверх

Уважаемые вебмастера, Вы
просматриваете тестовую страницу
DataLife Engine.
Текущая версия 10.6.