» Материалы за 04.10.2019

Массовая работа

Шәкірттің ұстаз алдындағы әдебі

Категория: Информация, Автор: User от 4-10-2019, 15:00, посмотрело: 26

0

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының әдіскері  Г.Саурықова    4 қазан күні  ұстаздар мерекесіне  орай  Ә.Мәлкеев атындағы «Білім-Инновация»  дарынды балаларға арналған лицей –интернатында  «Шәкірттің ұстаз алдындағы әдебі»  атты тәрбие сағатын  өткізді. Іс-шара барысында жүргізуші дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  мейірімді абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  секілді. Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі-бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді, дей келе
ұстаздардың еңбегіне құрметпен қарауға, оқушылар бір - бірімен, мұғалімдермен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым-қатынаста болуға шақырды.

 

На изображении может находиться: 2 человека, в том числе Гулия Саурыкова, люди сидят и в помещении
 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК