» Материалы за 09.10.2019

Массовая работа

Ер есімі - ел есінде

Категория: Информация, Автор: User от 9-10-2019, 17:48, посмотрело: 15

0

9 қазан  күні  Еңбекшіқазақ ауданына қарасты  Космос ауылдық кітапханасында С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған "Ер есімі - ел  есінде" атты дөңгелек үстел өтті.  Космос Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі А.Ибрагимова және І.Жансүгіров орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты, барлығы 15 адам. Кітапханашы А.Мысаева оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат беріп, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

 

На изображении может находиться: 3 человека, люди улыбаются, люди сидят и в помещении
 

Ғажап талант иесі

Категория: Информация, Автор: User от 9-10-2019, 17:34, посмотрело: 16

0

Биыл жыр дүлдүлі Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойы. Осыған орай 4 қазан күні  Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында жиналған оқырмандарға кітапханашы Г.Свининникова  «Ғажап талант иесі» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, шолу өткізді. Кітап көрмесіне ақынның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, еңбектері, ол туралы әдебиеттер мен естеліктерді, оқырмандар назарына ұсынды. Ал кітапханашы А.Нұрлыбаева «Ұштасқан үш тілек» атты информ-досье оқып, слайд көрсетті. Іс-шараның мақсаты:  І.Жансүгүровтің өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасау, жастарға  Ілияс Жансүгүровтің  еңбектерінің  маңыздылығын көрсету.

 

На изображении может находиться: 7 человек, в том числе Aliya Kozhabekova, люди сидят и в помещении

 

Ұмытылмас есім

Категория: Информация, Автор: User от 9-10-2019, 17:06, посмотрело: 16

0

Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Манапова Балтабай орта мектебінде 9 қазан күні 10-11 сынып оқушылары арасында жазушы Б.Майлиннің туғанына 125 жыл толуына байланысты "Ұмытылмас есім" атты дивертисментөткізді. Қазақ совет әдебиетінің негізін калаушылардың бірі, атақты жазушы, әдебиет және өнер майданында қызмет еткен көптеген қайраткерлерге ұстаз болып Би-аға атанған, жеке басқа табынудың құрбаны болып өмірден ерте кеткен Б.Майлин жайлы естеліктерден үзінділер оқылды.

 

На изображении может находиться: 7 человек, в том числе Гульмира Утениязова, люди сидят и в помещении
 

Күншуақ

Категория: Информация, Автор: User от 9-10-2019, 16:48, посмотрело: 15

0
8 – 9 қазан күндері Х.Бижанов ауылының «Күншуақ» балабақшасының тәрбиеленушілері Шелек модельді ауылдық кітапханасына саяхаттап келді. Кітапханашы М.Үмбетова балаларға абонемент, балалар бөлімі, оқу залымен таныстырды. Саяхат барысында әр бөлімнің ерекшеліктері мен жұмысына, кітапхана ережесіне кеңінен тоқталды. Кітап қоры жайлы әңгімелеп, балаларға арналған суретті кітаптарды насихаттады.
 
На изображении может находиться: 10 человек, люди сидят, стол и в помещении
 

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас

Категория: Информация, Автор: User от 9-10-2019, 16:33, посмотрело: 20

0
9 қазан күні Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ломоносов атындағы орта мектептің 8-9сынып оқушыларының қатысуымен «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың туған жерге, туған ауылға деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімін оятуға тәрбиелеу. Кітапханашы Г.Сайбусинова «Ауылым алтын бесігім» атты баяндама оқып, оқушыларды ауданымыздың тарихымен таныстырса, кітапханашы Г.Аманжолова «Жетісудың шырайлы жерлері» туралы мәлімет беріп сурет көрмеге шолу жасады. Іс-шараға қатысқандар саны 16 оқырман.
 
На изображении может находиться: 11 человек, люди сидят
 
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК