» Материалы за 21.10.2019

Массовая работа

Оқу эстафетасы

Категория: Информация, Автор: User от 21-10-2019, 16:19, посмотрело: 590

0 Елімізде Шығыс пен Батыстың мәдениетін, өркениетін жетік білген дара тұлға Абайдың 175 жылдығы қарсаңында ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы басталғаны белгілі.
Шелек модельді ауылдық кітапханасының кітапханашылары Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасынан зор ықыласпен қабыл алып, «Көзімнің қарасы» әнін орындап, Шелек ауылдық округі әкімі Есенханов Есенғали Есенханұлына, Мәдениет үйінің директоры Беков Ринатқа, Өлкетану – музейінің директоры Дәркембаев Ердос Қалибекұлына, сондай – ақ барша оқырмандарына жолдаған болатын.
Осы эстафетаны Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі қабыл алып, кітапханамызда Абай өлеңдерін жатқа айтты.
 
На изображении может находиться: 5 человек, люди сидят
 

«Балалық шаққа саяхат»

Категория: Информация, Автор: User от 21-10-2019, 16:16, посмотрело: 669

0
Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалық шаққа саяхат» атты кітапханалық сабақ 18 қазан күні Абылай хан атындағы орта мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Кітапханалық сабақты аудандық кітапхананың кітапханашысы А.Нұрлыбаева жүргізді. Оқушылар сабақ барысында жазушының өмірбаянымен, шығармалар мазмұнымен танысып, өз ойларымен бөлісті.
 
На изображении может находиться: 4 человека, люди сидят и в помещении
 

«Буккроссинг»

Категория: Информация, Автор: User от 21-10-2019, 16:14, посмотрело: 666

0 Көркем әдебиеттердің оқылымнан шығып қалмауына әсер ету, кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту, тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында 2017 жылдан бастап «Буккроссинг» акциясы өткізіліп келеді.
«Буккроссинг» қазақшаға аударылғанда «кітап сыйлау», «кітаптың айналыста жүруі» дегенді білдіреді. Оны алғаш рет ойлап тапқан ғалым – Рон Хорнбекер. Кітаптың өз оқырманын табуына ықпал ететін бұл қозғалыс Америкада басталған болатын. Ал, Қазақстанда «буккроссинг» акциясы 2005 жылы қолға алынды.
Аталмыш акция «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты тақырыппен аудандық кітапханада ұйымдастырылды. Кітапханашы С.Азизова келушілерге қазақ және шетел классиктерінің туындыларын ұсынды.
 
На изображении может находиться: 1 человек, сидит и в помещении
 

Кітапханашылар күні

Категория: Информация, Автор: User от 21-10-2019, 16:11, посмотрело: 857

0
Бүгін, 15 қазан – Кітапханашылар күні мерекесіне орай Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында салтанатты жиналыс кітапханашы мамандығының мәртебісін арттыру, қазіргі заманғы кітапханашы имиджін қалыптастыру бағытына арналды. Мерекелік шарада құттықтау сөз сөйлеген Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Дауыспековна Беспаева бір топ кітапханашыларды марапаттады. Олардың қатарында Саням Азизова, Лязат Жанаева, Клара Есимова, Жангүл Базарова, Артықкүл Адамбекова, Сауле Кудретбаева, Айжан Карбозова, Қарлығаш Бұрқатаева, Жаңыл Наширбековалар бар.
 
На изображении может находиться: 5 человек, в том числе Назгуль Мунсызбаева, в помещении
 

"Басында Қазығұрттың кеме қалған"

Категория: Информация, Автор: User от 21-10-2019, 16:09, посмотрело: 660

0
14 қазан күні Қаражота ауылдық кітапханасында Мəдениет Үйінің қызметкерлері және Қаражота ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Ботамбаева бірлесе "Басында Қазығұрттың кеме қалған" атты қызықты хабарлама сағатын өткізді. Іс-шараға 6 «а» сынып оқушылары қатысты, барлығы 20 адам. Қазығұрт өңірінің жер,су,тау-тас,мекен,əулие орындары аттарына байланысты аңыздардың үлкен этнотанымдық мəні бар, сол өлкенің тарихынан,тұрмыс-тіршілігінен, əдет-ғұрыптарынан мағлұматтар берілді. Жергілікті тұрғындардың түсінігінше топан су қаптағанда Нұх Пайғамбардың кемесі қайырылған жер. Тау басында кеме орнындай жазық жер бар, бұл жер киелі жер болып саналады. Оқушылар Қазығұрт өлкесі жайлы қызықты хабарламалармен танысты.
 
На изображении может находиться: один или несколько человек и люди сидят
 

«Жанымды жырмен жалғадым»

Категория: Информация, Автор: User от 21-10-2019, 16:07, посмотрело: 651

0

Қазақтың аяулы ақыны Фариза Оңғарсынованың туылғанына 80 жыл толуына орай Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жанымды жырмен жалғадым» атты жыр кеші 18 қазан күні Рахат ауылдық округі №1 мектебінің «Рухани жаңғыру» бөлмесінде өтті. Жыр кешіне 7 сынып оқушылары, ұстаздар, кітапхана қызметкерлері қатысты, барлығы 30 адам.  Іс-шараны аудандық кітапхананың әдіскері Г.Саурықова жүргізіп, ақынның шығармашылығына шолу жасап сөзді оқушыларға берді. Оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқып, ақын өлеңдеріне жазылған әндерді шырқап кешті жандандырды. «Өр рухты қазақтың ақын қызы - Фариза» атты кітап көрмесі және слайд көпшілік назарына ұсынылды.

 

На изображении может находиться: 3 человека, люди улыбаются, люди стоят и в помещении

 


 

«Балуан Шолақ – күш жігерінің иесі»

Категория: Информация, Автор: User от 21-10-2019, 16:01, посмотрело: 587

0
Тарихи және рухани мұрамызды сақтай отырып, өз елімізден шыққан зиялы тұлғаларымызды қадірлеп, ұлт мақтаныштарына деген оқырман қызығушылығын арттыру мақсатында 21 қазан күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Балуан Шолақтың туылғанына 155 жыл толуына орай «Балуан Шолақ – күш жігерінің иесі» атты қызықты дайджест өтті. Дайджестке Абылай хан атындығы орта мектептің 6 сынып оқушылары қатысты, барлығы 25 адам. Әнші, композитор, ақын, балуан Нұрмағамбет Баймырзаұлының өмірі мен шығармашылығынан кітапханашы Г.Уразимбетова слайд арқылы қызықты мәліметтер келтірді.
 
На изображении может находиться: 1 человек, сидит, стол и в помещении
 

«Сақтансаң сақтайды»

Категория: Информация, Автор: User от 21-10-2019, 15:58, посмотрело: 641

0
«Сақтансаң сақтайды» атты шок сабақты Абылай хан атындағы орта мектептің 8 сынып оқушылары арасында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының кітапханашысы Г.Свининникова 21 қазан күні өткізді. Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беріп, себептері мен зардаптары туралы слайд арқылы баяндады.
На изображении может находиться: 6 человек, люди сидят и люди стоят