Сделать домашней|Добавить в избранное
 

Многопользовательский новостной движок,
предназначенный для организации собственных
СМИ и блогов в интернете.

 
» Материалы за Октябрь 2019 года » Страница 2
на правах рекламы

«Жанымды жырмен жалғадым»

Автор: User от 21-10-2019, 16:07

Қазақтың аяулы ақыны Фариза Оңғарсынованың туылғанына 80 жыл толуына орай Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жанымды жырмен жалғадым» атты жыр кеші 18 қазан күні Рахат ауылдық округі №1 мектебінің «Рухани жаңғыру» бөлмесінде өтті. Жыр кешіне 7 сынып оқушылары, ұстаздар, кітапхана қызметкерлері қатысты, барлығы 30 адам.  Іс-шараны аудандық кітапхананың әдіскері Г.Саурықова жүргізіп, ақынның шығармашылығына шолу жасап сөзді оқушыларға берді. Оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқып, ақын өлеңдеріне жазылған әндерді шырқап кешті жандандырды. «Өр рухты қазақтың ақын қызы - Фариза» атты кітап көрмесі және слайд көпшілік назарына ұсынылды.

 

На изображении может находиться: 3 человека, люди улыбаются, люди стоят и в помещении

 


«Балуан Шолақ – күш жігерінің иесі»

Автор: User от 21-10-2019, 16:01
Тарихи және рухани мұрамызды сақтай отырып, өз елімізден шыққан зиялы тұлғаларымызды қадірлеп, ұлт мақтаныштарына деген оқырман қызығушылығын арттыру мақсатында 21 қазан күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Балуан Шолақтың туылғанына 155 жыл толуына орай «Балуан Шолақ – күш жігерінің иесі» атты қызықты дайджест өтті. Дайджестке Абылай хан атындығы орта мектептің 6 сынып оқушылары қатысты, барлығы 25 адам. Әнші, композитор, ақын, балуан Нұрмағамбет Баймырзаұлының өмірі мен шығармашылығынан кітапханашы Г.Уразимбетова слайд арқылы қызықты мәліметтер келтірді.
 
На изображении может находиться: 1 человек, сидит, стол и в помещении

«Сақтансаң сақтайды»

Автор: User от 21-10-2019, 15:58
«Сақтансаң сақтайды» атты шок сабақты Абылай хан атындағы орта мектептің 8 сынып оқушылары арасында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының кітапханашысы Г.Свининникова 21 қазан күні өткізді. Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беріп, себептері мен зардаптары туралы слайд арқылы баяндады.
На изображении может находиться: 6 человек, люди сидят и люди стоят

"Нағыз қазына кітапта"

Автор: User от 10-10-2019, 17:19
Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық кітапханасында 10 қазан күні "Нағыз қазына кітапта" атты дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараны Қаракемер Мәдениет үйінің ұжымы және Қаракемер ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Наширбекова бірлесе ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге Қ.Орымбетов орта мектептің кітапханашысы Жөлібай Бахытгүл және 6 -7 сынып оқушылары қатысты, барлығы 18 оқырман. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға кітаптың адам өміріндегі алатын орны туралы түсінік беру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту, кітапті күтіп ұстау баулу. Кітапханашы Ж.Наширбекова оқушыларға кітап жайлы мағлұмат беріп, кітап оқуға шақырып, "Кітап-білім бұлағы" атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады. Қаракемер Мәдениет үйінің директоры Арайлым Мамырбекова да оқушыларға кітаптың адам өміріне пайдасы жайлы және өзі бала кезінен кітап құмар болғаны, осы кітап оқығанымның арқасында ел алдында өзімнің ойымды толық жеткізе алатыныма қуанам - деді. Оқушылар да белсене қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салып, кітап жайлы өлеңдерін айтты.
 
На изображении может находиться: 12 человек, в том числе Гульмира Утениязова, в помещении

Ер есімі - ел есінде

Автор: User от 9-10-2019, 17:48

9 қазан  күні  Еңбекшіқазақ ауданына қарасты  Космос ауылдық кітапханасында С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған "Ер есімі - ел  есінде" атты дөңгелек үстел өтті.  Космос Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі А.Ибрагимова және І.Жансүгіров орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты, барлығы 15 адам. Кітапханашы А.Мысаева оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат беріп, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

 

На изображении может находиться: 3 человека, люди улыбаются, люди сидят и в помещении

Ғажап талант иесі

Автор: User от 9-10-2019, 17:34

Биыл жыр дүлдүлі Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойы. Осыған орай 4 қазан күні  Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында жиналған оқырмандарға кітапханашы Г.Свининникова  «Ғажап талант иесі» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, шолу өткізді. Кітап көрмесіне ақынның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, еңбектері, ол туралы әдебиеттер мен естеліктерді, оқырмандар назарына ұсынды. Ал кітапханашы А.Нұрлыбаева «Ұштасқан үш тілек» атты информ-досье оқып, слайд көрсетті. Іс-шараның мақсаты:  І.Жансүгүровтің өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасау, жастарға  Ілияс Жансүгүровтің  еңбектерінің  маңыздылығын көрсету.

 

На изображении может находиться: 7 человек, в том числе Aliya Kozhabekova, люди сидят и в помещении

Ұмытылмас есім

Автор: User от 9-10-2019, 17:06

Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Манапова Балтабай орта мектебінде 9 қазан күні 10-11 сынып оқушылары арасында жазушы Б.Майлиннің туғанына 125 жыл толуына байланысты "Ұмытылмас есім" атты дивертисментөткізді. Қазақ совет әдебиетінің негізін калаушылардың бірі, атақты жазушы, әдебиет және өнер майданында қызмет еткен көптеген қайраткерлерге ұстаз болып Би-аға атанған, жеке басқа табынудың құрбаны болып өмірден ерте кеткен Б.Майлин жайлы естеліктерден үзінділер оқылды.

 

На изображении может находиться: 7 человек, в том числе Гульмира Утениязова, люди сидят и в помещении

Күншуақ

Автор: User от 9-10-2019, 16:48
8 – 9 қазан күндері Х.Бижанов ауылының «Күншуақ» балабақшасының тәрбиеленушілері Шелек модельді ауылдық кітапханасына саяхаттап келді. Кітапханашы М.Үмбетова балаларға абонемент, балалар бөлімі, оқу залымен таныстырды. Саяхат барысында әр бөлімнің ерекшеліктері мен жұмысына, кітапхана ережесіне кеңінен тоқталды. Кітап қоры жайлы әңгімелеп, балаларға арналған суретті кітаптарды насихаттады.
 
На изображении может находиться: 10 человек, люди сидят, стол и в помещении

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас

Автор: User от 9-10-2019, 16:33
9 қазан күні Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ломоносов атындағы орта мектептің 8-9сынып оқушыларының қатысуымен «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың туған жерге, туған ауылға деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімін оятуға тәрбиелеу. Кітапханашы Г.Сайбусинова «Ауылым алтын бесігім» атты баяндама оқып, оқушыларды ауданымыздың тарихымен таныстырса, кітапханашы Г.Аманжолова «Жетісудың шырайлы жерлері» туралы мәлімет беріп сурет көрмеге шолу жасады. Іс-шараға қатысқандар саны 16 оқырман.
 
На изображении может находиться: 11 человек, люди сидят

Шәкірттің ұстаз алдындағы әдебі

Автор: User от 4-10-2019, 15:00

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының әдіскері  Г.Саурықова    4 қазан күні  ұстаздар мерекесіне  орай  Ә.Мәлкеев атындағы «Білім-Инновация»  дарынды балаларға арналған лицей –интернатында  «Шәкірттің ұстаз алдындағы әдебі»  атты тәрбие сағатын  өткізді. Іс-шара барысында жүргізуші дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  мейірімді абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  секілді. Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі-бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді, дей келе
ұстаздардың еңбегіне құрметпен қарауға, оқушылар бір - бірімен, мұғалімдермен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым-қатынаста болуға шақырды.

 

На изображении может находиться: 2 человека, в том числе Гулия Саурыкова, люди сидят и в помещении

Уважаемые вебмастера, Вы
просматриваете тестовую страницу
DataLife Engine.
Текущая версия 10.6.