Сделать домашней|Добавить в избранное
 

Многопользовательский новостной движок,
предназначенный для организации собственных
СМИ и блогов в интернете.

 
» Материалы за Ноябрь 2019 года
на правах рекламы

Халқының ұлы перзенті

Автор: User от 21-11-2019, 17:27

Қазақ халқының асыл азаматы, ұлт мақтанышы, қоғам қайраткері С.Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Халқының ұлы перзенті» атты поэзия сағаты 8 сынып оқушыларының қатысуымен, Қаражота ауылдық кітапханасында өткізілді. Ақынның өмірі мен шығармашылығы, оның халқы үшін жасаған еңбектері, қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы айтылды. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Қаражота Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Д.Меңлібай ақынның «Тау ішінде» атты әнін орындады.
Асыл дүниелерді өмірге келтірген С.Сефуллин сынды ардақтыларымыздың есімін құрметтеп, абыройын асқақтата беру, шығармаларын оқып, үлгі, өнеге ету біздің парызымыз.

 

На изображении может находиться: 11 человек, в том числе Shazira Botambaeva и Жүз Жетпіс Жетінші Мектеп, люди улыбаются, люди стоят, костюм и в помещении

Сәкен Сейфуллин әдебиетінің негізін салушы

Автор: User от 21-11-2019, 17:00

21 қараша күні Малыбай ауылдық кітапханасында "Сәкен Сейфуллин әдебиетінің негізін салушы" атты тақырыпта информ-досье өтті. Кітапханашы Г.Гаитова іс-шара барысында қазақ әдебиетінің өркендеуіне өзіндік үлес қосқан С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын таныстырыды. Оқушыларды көрнекті жазушының шығармаларын оқып, білуге баулу және саяси қуғынға ұшыраған туралы деректер берді. Малыбай Мәдениет үйынын әдіскері Э.Аукенова "Аққудын айырылуы" поэмасына тоқталып, оқушыларға қысқаша мазмұның айтып өтті. А.Умарова "Асау тұлпар" өлеңінен үзінді оқыды.

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

На изображении может находиться: 4 человека, люди сидят


Цифрлы Қазақстан – болашаққа нық қадам

Автор: User от 21-11-2019, 16:45
20 қараша күні Шелек модельді ауылдық кітапханасы мен «Чернобыль және Семей полигоны ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Цифрлы Қазақстан – болашаққа нық қадам» атты семинар – тренинг өткізілді. Мақсаты: «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Чернобыль және Ауған соғысы ардагерлерін Egov бағдарламасымен кеңінен таныстыру, электронды құжаттарды алу, жөнелту мен ҚР Заңдарын кеңінен таныстыру. Семинар – тренингке ХҚКО, емхана дәрігері, Еңбекшіқазақ ауданы салық басқармасының мамандары арнайы шақырылды. Кітапханашылар цифрлы Қазақстан туралы баяндама оқып, «Цифрлы дәуірге қарышты қадам» атты слайд – галереясымен таныстырды. Семинар – тренинг барысында ардагерлерге салық, медицина және ХҚКО мамандары өз салалары бойынша ардагерлерге бейне ролик арқылы баяндамалар жасап, сұрақтарына жауап берді. Соңынан ардагерлерге сертификаттар табысталды.
 
На изображении может находиться: 7 человек, люди сидят, стол и в помещении

Тәуелсіздік тірегі – төл теңге

Автор: User от 19-11-2019, 15:26
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен 15 қараша күні Абылай хан орта мектебінде 6 сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік тірегі – төл теңге» атты тақырыпта кітапханашы Г.Уразимбетова видео-саяхат өткізді. Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі - теңгемен таныстырып, төл теңгеміздің шығу тарихын, айналымға енуі туралы мағлұматтар берді. Жас жеткіншектердің бойына Отанға, еліне, жеріне деген ыстық сүйіспеншілікті сіңірту мақсатында тақырыпқа сай слайд, видео-роликтер, викторинарлық сұрақтар қойылды.
 
На изображении может находиться: 4 человека, в помещении

Электронды кітап тиімді ме?

Автор: User от 15-11-2019, 15:56
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен 14 қараша күні Рахат №1 орта мектебінде «Электронды кітап тиімді ме?» атты тақырыбында дөңгелек үстел 9 сынып оқушылары арасында өтті. Электронды кітаптың пайдасы мен зияны туралы оқушылыр өз ойларын ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасты. Ұтымды пайдаланылған электронды оқулық білім алушылардың кітап оқуға деген ынтасын, белсенділігін күшейтеді. Электронды құралдардың сабаққа пайдаланудың өзіндік ерекшіліктері бар екенін атап айтты.
 

Ұлттық теңге - Тәуелсіздігіміздің нышаны

Автор: User от 15-11-2019, 15:46
Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапханасында кітапханашы К.Есимова 15 қараша күні Мәдениет үйінің қызметкерлерімен және мұражай қызметкерлері Ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық теңге - Тәуелсіздігіміздің нышаны» атты әңгіме сұхбат кітапхана оқырмандарымен өткізді. Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айырықша белгісі - теңгемен тереңірек таныстыру мақсатында, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай кімдер жасағаны туралы әңгіме сұхбат слайд арқылы өтті. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - Теңге. Теңгенің шығу тарихы, еліміздің ұлттық валюта болып енуі туралы мәліметтер толығымен қамтылды.
 
На изображении может находиться: 9 человек, в том числе Айна Шегекызы Елубаева, люди улыбаются, люди сидят и в помещении
 
 

Көкшетау

Автор: User от 15-11-2019, 15:23
15 қараша күні Балтабай орта мектебінің кітапханасында 7-8сынып оқушыларымен қазақтың көрнекті жазушысы және ақыны, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына байланысты "Көкшетау" атты ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу сағаты өтті. Ақынның "Көкшетау" поэмасын оқушылар кезекпен оқып, бұл поэмадағы "Жеке батыр", "Бурабай", "Оқжетпес" деген тау, су атаулары туралы аңыз шежірелермен және Көкшетаудың тамаша табиғатымен таныс болды.
 
На изображении может находиться: 7 человек, в том числе Гульмира Утениязова и Бакыт Сыдыкова, люди улыбаются, люди стоят и костюм

Буккроссинг

Автор: User от 15-11-2019, 09:37
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында буккроссинг акциясы жалғасуда. 14 қараша күні кітапханашы С.Азизова оқырмандарға акция туралы түсіндіріп өтті. Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) - «Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез келген адам өзі оқып бітірген кітабын қоғамдық көпшілік орындарда саябақ, кафе, кітапхана және тағы басқа орындарда қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды - "буккроссерлер” деп атайды.
 

Сыршыл да, сері Сəкен»

Автор: User от 14-11-2019, 15:36

Ақши ауылдық кітапханасы  14 қараша күні сағат 11.00-де Бөлек батыр атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары арасында қазақтың аса ірі қоғам қайраткері Сəкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай  «Сыршыл да, сері Сəкен» атты «Сәкен оқулары» өтті.  Кітапханашы Л.Жанаева С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына  тоқталып, сөз кезегін оқушылырға берді. Балалар С.Сейфуллиннің   роман, әңгімелерінен үзінділер оқып өз ойларымен бөлісті.

 
На изображении может находиться: 2 человека

Әбіш - рухани ұлы тұлға

Автор: User от 13-11-2019, 16:57
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында «Әбіш - рухани ұлы тұлға» атты «Әбіш оқулары» байқауы өтті. Жас оқырмандар арасында Ә.Кекілбаевтың шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың ой-танымын кеңейту. Байқауға 8-10 сынып оқушылыр аралығында әр мектептен қатысты. Әділқазылар алқасын ауданымыздың құрметті азаматы, ақын-жазушысы Ш.Құсайынұлы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Б.Ақатайқызы, Еңбекшіқазақ газетінің тілшісі С.Нұрадин құрады. Сондай-ақ, кітапханашылар, кітапхана оқырмандары барлығы 45 адам қатысты. Бас жүлдені - Терешкова орта мектебі, бірінші орынды - Қ.Орынбетов орта мектебі, екінші орынды - Көктөбе орта мектебі, үшінші орынды - Абылай хан орта мектептерінің оқушылары жеңіп алды. Байқауға қатысушылыр бағалы сыйлықтармен және мадақтамалармен марапатталды.
 

 На изображении может находиться: 4 человека, люди сидят

Назад Вперед
Наверх

Уважаемые вебмастера, Вы
просматриваете тестовую страницу
DataLife Engine.
Текущая версия 10.6.