Сделать домашней|Добавить в избранное
 

Многопользовательский новостной движок,
предназначенный для организации собственных
СМИ и блогов в интернете.

 
» Материалы за Ноябрь 2019 года » Страница 2
на правах рекламы

Валюта жайлы не білеміз

Автор: User от 12-11-2019, 17:18

4   қараша күні Қ.Орымбетов атындағы орта мектебінде, 4 сынып оқушыларымен 15 қараша валюта күніне орай  Қаракемер ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Наширбекованың ұйымдастыруымен «Валюта жайлы не білеміз?»  атты сторителлинг өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру, ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа да ел валюталарымен таныстыру. Әңгіме соңында кітапханашы оқушыларға тапқырлар мен зейінділікті шындайтын тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып және   жұмбақтар  жасырды. Әңгіме өте қызықты, тартымды өтті.

 
На изображении может находиться: 1 человек, в помещении

Жақсы кітап – жан азығы

Автор: User от 11-11-2019, 10:02
Шелек ауылдық кітапханасында «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» акциясы аясында «Жақсы кітап – жан азығы» атты буккроссинг өз жалғасын табуда. Бүгінгі күні Шелек политехникалық колледжінің 1 курс студенттеріне кітапханашы А.Адамбекова кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасап, өзің оқы және өзгеге ұсын қағидасын ұстана отырып, студенттер арасында қолдау тапты.
 
На изображении может находиться: 3 человека, люди стоят

Діни экстремизм және терроризм - ғасыр дерті

Автор: User от 11-11-2019, 09:53
Қаракемер кәсіптік колледжінің мәжіліс залында 4 қараша күні Қаракемер ауылдық кітапханасының кітапхананашысы Ж. Наширбекованың ұйымдастыруымен "Діни экстремизм және терроризм - ғасыр дерті" атты пікір алмасу өтті. Бұл іс- шараға Қаракемер ауылының имамы Нұрпейіс Мұхитдин, клуб ұстазы Мақсұтов Бекмұрат қатысты. Іс-шараның мақсаты: студенттерге экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларға террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу. Колледж студенттері имамға сұрақ қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Іс-шара барысында кітапханашы "Ислам діні - бейбітшілік дін" атты көрмемен таныстырды.
 
На изображении может находиться: 1 человек, сидит, гостиная и в помещении

Қазақтың нар тұлғасы

Автор: User от 11-11-2019, 09:49
1 қараша күні Шелек ауылдық кітапханасында жазушы Ә.Кекілбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Қазақтың нар тұлғасы» атты таным сағаты П.Вихрев мектебінің 7 – 8 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Кітапханашы М.Үмбетова оқушыларға Ә.Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттай отырып, «Әбіш Кекілбаев – заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз айту кімге болса да, оңайға түсе қоймас»,-деп Қуаныш Сұлтановтың «Кекілбаев кеңістігі» атты мақаласында айтып өткендей, Әбіш жайында сөз қозғау, оның шығармашылығын зерттеу, оған үңілу көп еңбек пен ізденісті талап ететін дүние» - дей келе, «Ұйқыдағы арудың оянуы», «Күй», «Ханша дария хикаясы», «Аңыздың ақыры», «Үркер» шығармаларына тоқталды.
 
На изображении может находиться: 5 человек, люди сидят, стол и в помещении

Есігім – алтын бесігім

Автор: User от 8-11-2019, 16:52

8 ноября 2019 года в читальном зале районной библиотеки акима Енбекшиказахского района библиотекарем Свининниковой Г.Р. была представлена книжная выставка-панорама «Есігім – алтын бесігім», на которой выставлены книги о родном городе Есик, о Енбекшиказахском районе, о Жетысу. Библиотекарь сказала, что у каждого человека есть своя родина, для нас это город Есик. Присутствующие были детально ознакомлены с некоторыми книгами, в частности:
-Г.Жумабекова и др. «Есік. Иссык. Esik»,
- «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы 5 жыл (Альбом),
- Тайны «Золотого человека»,
- ЖЕТІСУ – жер жаннаты (Альбом на 3-х языках),
- Летопись Жетысу (Книга-альбом),
- Н.Сарғожаев «Алтын адам атамекені», и другими книгами.

В заключении прозвучал призыв: СТАНЬ ЧИТАТЕЛЕМ БИБЛИОТЕКИ! УЗНАЙ БОЛЬШЕ! ПОЗНАЙ НОВОЕ!

 


Назад Вперед
Наверх

Уважаемые вебмастера, Вы
просматриваете тестовую страницу
DataLife Engine.
Текущая версия 10.6.