Сделать домашней|Добавить в избранное
 

Многопользовательский новостной движок,
предназначенный для организации собственных
СМИ и блогов в интернете.

 
» Материалы за 17.02.2020
на правах рекламы

Ауғанның отты жалыны

Автор: User от 17-02-2020, 17:11

Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапханасында 17 ақпан күні кітапханашы К.Есимова Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай "Ауғанның отты жалыны" атты тақырыпта кітапхана оқырмандарымен тарихи калейдоскоп өткізді. Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету. Ауған соғысының ардагерлері Әбдікәрімов Серік, Даркенбаев Байдәулет ағаларымыз жайлы мағлұмат беріліп, олардың ерліктері насихатталды.

                                                                                                                                                                                                                                                                                           



Экстремизм мен терроризмның алдын алу жолдары

Автор: User от 17-02-2020, 17:03
Малыбай ауылдық кітапханада 17 ақпан күні "Экстремизм мен терроризмның алдын алу жолдары" тақырыбында көпшілік оқырмандармен сторителлинг өтті. Іс-шараға ауылымыздың бас имамы Ахтямов Бахтияр ауыл тұрғындарына экстремизм мен терроризм туралы мәлімет берді. Ауыл тұрғындары өздерінің көкейіндегі жүрген сұрақтарын қойып, ұтымды жауап алды.
 
На изображении может находиться: 4 человека, люди сидят и в помещении

Ш.Уәлиханов - географ, зерттеуші, саяхатшы

Автор: User от 17-02-2020, 16:55

Балтабай ауылдық кітапханасында 13 ақпан күні қазақ халқынан шыққан алғашқы географ Ш.Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына байланысты "Ш.Уәлиханов - географ, зерттеуші, саяхатшы" атты тейбл ток өтті. Кітапханашы Ж.Манапова Шоқан өмірінің қалай қалыптасқаны, қандай ортада тәрбиеленгені, география саласына айтарлықтай үлес қосқаны жайында насихатталды.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

                                                                                            

Рухани жаңғыру - ертеңіміздің кепілі

Автор: User от 17-02-2020, 16:51
Қаражота ауылдық кітапханасында 13-ші ақпан күні, Мәдениет үйі қызметкерлері және кітапханашы Ж.Ботамбаеваның ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру - ертеңіміздің кепілі" деген тақырыпта әкімшілік және оқырмандар арасында ақпарат сағаты өткізілді. Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толуына орай, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың "Абай және XXl ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында; ой өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз қажет екендігін атап айтты. Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды етіп тәрбиелеуге шақырды.
 
На изображении может находиться: 5 человек, в том числе Shazira Botambaeva, люди сидят

Ұлттық тәрбие – рухани жаңғыру

Автор: User от 17-02-2020, 16:49
Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға,
оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында 13 ақпан күні «Ұлттық тәрбие – рухани жаңғыру» атты сыр-сұхбат өтті. Тоқатаев орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен кітапханашы С.Азизова
Рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін айта отырып, кітапханамызға жаңа «Рухани жаңғыру» сериясымен түсен кітаптарға библиографиялық шолу жасады.
 
На изображении может находиться: 2 человека, люди улыбаются, люди сидят и в помещении

Латын əліпбиі- болашақ кепілі

Автор: User от 17-02-2020, 16:03
17 ақпан күні Ақши ауылдық кітапханасының кітапханашысы Л.Жанаева Бөлек батыр атындағы орта мектептің 6 сынып оқушыларымен "Латын əліпбиі- болашақ кепілі" тақырыбында əңгіме-сұхбат ұйымдастырды. Оқушылар латын алфавитін қолдану өте қарапайым əрі ыңғайлы екенін жарыса айтып, өз ойларымен бөлісті. Болашақта латын қарпіне толық көшуге дайын екендіктерін жеткізді. Кітапханашы оларға қолдау көрсетіп, сəттілік тіледі.
 
На изображении может находиться: 5 человек

Ауғанның отты жылдары

Автор: User от 17-02-2020, 15:53
14 ақпан күнi Еңбекшiказак ауданы Тескенсу ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Жамбыл орта мектебiнiң 10 сынып оқушыларымен КСРО Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай "Ауғанның отты жылдары" атты әдеби тарихи калейдоскоп өттi. Мақсаты: жастарға Ауған соғысы туралы толық мағлұмат беру. Өз Отанына шексiз берiлген, патриоттык рухы жоғары қайсар жауынгерлердiң ерліктерiн жастарға үлгi етіп елiмiздiн патриоттары болуга шақыру. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердiн рухына тағзым етiп, есiмдерiн қастерлеу.     
 
      

Уважаемые вебмастера, Вы
просматриваете тестовую страницу
DataLife Engine.
Текущая версия 10.6.