Сделать домашней|Добавить в избранное
 

Многопользовательский новостной движок,
предназначенный для организации собственных
СМИ и блогов в интернете.

 
» Материалы за 26.02.2020
на правах рекламы

Ұлт жоспары - 100 нақты қадам

Автор: User от 26-02-2020, 17:42

Қаракемер Мәдениет үйінде 26 ақпан күні кітапханашы Ж.Наширбекованың ұйымдастыруымен "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" бағдарламасының аясында "Халық сенімі бәрінен де маңызды" атты дөңгелек үстел өтті. Кітапханашы оқушыларға "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" жайлы түсінік беріп, 100 нақты қадам елімізде " 2050 - стратегиясын" жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай тұғызатын заңнамалық білімін арттыру, Еліміздің саяси сахнасында болып жатқан оң өзгерістер, " 2050 - Стратегиясын" жүзеге асыру, болашаққа бағдар беру деп түсіндіріп, сендер біздің болашағымыз, сондықтан сендердін қазіргі кезде тек қана жақсы оқу, білімді болу, қандай мамандық иесі болса да, сол маманның шебері болу, бәсекелестікке сай болу деді.                                                                                                                                                                                                                                                     

На изображении может находиться: 7 человек, в том числе Айнур Уалиахметова, люди сидят, стол и в помещении

Ұлттық бұйымдар сыр шертеді

Автор: User от 26-02-2020, 16:52
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында Абай Құнанбаевтың 175 жыл толуына орай және Европа төрінде ашылған Абай орталығына қосқан үлесіміз ретінде "Ұлттық бұйымдар сыр шертеді" атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеден «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейі» экспонаттары орын алды. Көрме - халқымыздың қайнар көзі – қазақтың ұлттық бұйымдары туралы жас ұрпаққа мол мағлұматтар бере отырып, олардың шығу, жасалу, қолданылу тарихы туралы сыр шерту, сонымен қатар балалардың ұлттық бұйымға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
 
На изображении может находиться: стол и в помещении

Әл-Фараби даналық негіздері

Автор: User от 26-02-2020, 16:01
26 ақпан күні Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жыл толуына орай Малыбай ауылдық кітапханасында "Әл-Фараби даналық негіздері" атты әңгіме сағаты өтті. Мақсаты: Әбу Насыр әл – Фараби өмірімен таныстыру және ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы әңгімелеу. Кітапханашы Г.Гаитова Әбу Насыр Әл-Фараби туралы қызықты тарихи деректерді келтіріп, кітап көрмемен таныстырып сөз кезегін оқырмандарға берді. Оқырмандар білгендерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды.
 

Әлемге танылған – Абай және Ұлы дала тарихы

Автор: User от 26-02-2020, 15:57

25 ақпан күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына  «Әлемге танылған – Абай» және Әл-Фарабидің  1150 жыл толуына  орай  «Ұлы дала тарихы» атты кітап көрмелеріне библиографиялық шолу жасалды. Кітапханашылар А.Нұрлыбаева және Г.Уразимбетова Абай мен Әл-Фарабидің  өмірі  мен шығармашылығы, зерттеулері, еңбектері мен танымал тұлғалардың жазылған мағлұматтары туралы айтып өтті. Іс-шараға Тоқатаев атындағы орта мектептің 8-9 сынып оқушылары қатысты.

 

На изображении может находиться: 4 человека, в том числе Гулия Саурыкова, в помещении

Ұстаздың оралуы

Автор: User от 26-02-2020, 10:31
25 ақпан күні "Бір ел- бір кітап" акциясы аясында жазушы Ə.Əлімжановтың "Ұстаздың оралуы" романын ел арасында насихаттау мақсатында Ақши ауылдық кітапханасында 6 сынып оқушыларымен танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс- шараны кітапханашы Л.Жанаева жазушының өмірі мен шығармашылық жолдарымен таныстырудан бастап, "Ұстаздың оралуы" шығармасы туралы ой өрбітті. Оқушылар түрлі сұрақтар қою арқылы өз ойларын ортаға салды. Пікір алысты, кітап көрмесімен танысты...
 
На изображении может находиться: 7 человек

Өзін оқығанды өзгеге ұсын

Автор: User от 26-02-2020, 09:16
Қаракемер ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Наширбекова 24 ақпан күні Қаракемер Мәдениет үйінде "Өзін оқығанды өзгеге ұсын" акциясы аясында буккроссинг ұйымдастырылып, оқырмандарға жоба кітаптарын таныстырды.
 
На изображении может находиться: 7 человек, в том числе Нургул Енсегенова, люди стоят и в помещении

Уважаемые вебмастера, Вы
просматриваете тестовую страницу
DataLife Engine.
Текущая версия 10.6.