» Материалы за Июль 2020 года

Массовая работа

Балалар әдебиетіне саяхат

Категория: Информация, Автор: User от 31-07-2020, 09:21, посмотрело: 177

0
Құрметті оқырмандар!
«Балалар әдебиетіне саяхат» атты шолуды Түрген ауылдық кітапханасы ұйымдастырды. Мақсаты:білімің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітапқа деген қызығушылытқы арттыру, балаларды жазғы демалыста кітап оқуға шақыру.
 
 


 

Қазақстан қорықтары

Категория: Информация, Автор: User от 31-07-2020, 08:47, посмотрело: 175

0
Құрметті оқырмандар!
Еліміздегі қорықтар жайлы айтпас бұрын алдымен «қорық» сөзіне анықтама беріп көрейік. Сөздікке сүйенер болсақ, «қорық дегеніміз – толығымен пайдаланудан алынып, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл жиынтығымен қоса, осы қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ». Қорықтардың басты мақсаты мен міндеті – осы қорық аумағында тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесін осы қалпында сақтап, табиғи құбылыстарды ғылыми тұрғыдан зерттеп, жойылып бара жатқан түрлерді қалпына келтіру. Қорықтарда серуендеуге тыйым салынған, бұл - ғылыми әрі мемлекеттік маңызы бар мекеме. Ақши ауылдық кітапханасының кітапханашысы Л.Жанаева сіздер үшін «Қазақстан қорықтары» атты әдеби қазба ұйымдастырды.
 
 

 

Айтыскер ата – Сүйінбай ата

Категория: Информация, Автор: User от 30-07-2020, 09:11, посмотрело: 206

0
Құрметті оқырмандар!
Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай!
Сырлы, сұлу сөздері –
Маған тартқан сыйындай!
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап
Қара дауыл құйындай, – деп жырға қосқан ұлы ақын Жамбылдың даңқты ұстазы, жыр дүлдүлі, халық ақыны Сүйінбай Аронұлының туғанына биыл 205 жыл толып отыр. Ақиық ақын мерейтойына орай Көктөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Айтыскер ата – Сүйінбай ата» атты слайд-шолуды назарларыңызға ұсынамыз. Мақсаты: жер жаннаты Жетісуда дүниеге келген айтыскер-ақын Сүйінбай Аронұлының өмір жолы мен шығармашылығы және ақындық өнерінің жан-жақты қырын ашу.
 
 

 

Дарынды тұлға

Категория: Информация, Автор: User от 29-07-2020, 09:40, посмотрело: 195

0
Тұманбай Молдағалиев - қазақ әдебиетінің классигі, жас ұрпақтың тамаша тәрбиешісі, ұлағатты ұстазы. Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығын әр қазақ жақсы біледі.Тұманбай поэзиясымен туған елге, туған жерге, Отанға, ата мен анаға, дос - құрбыға деген сөнбес махаббат сезімін оқырмандардың жүрегіне ұялатып келеді. Көрнекті ақын, сыршыл лирик, халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай Қазақстан ауылдық кітапханасы «Дарынды тұлға» тақырыбында тұлғатану сағатын ұйымдастырды. Мақсаты: поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіру, рухани танымын кеңейту.
 
 

 

Тағдырға қарсы өмір

Категория: Информация, Автор: User от 28-07-2020, 10:21, посмотрело: 183

0
Құрметті оқырмандар!
2015 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбек етуін, білім алуын, қоғамның толыққанды мүшесі болуын қамтамасыз етуге бағытталған «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Бұл құжатта әлеуметтік қолдауға мұқтаж мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен балаларға баса назар аударылып, олардың құқығын қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Шелек модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Тағдырға қарсы өмір" атты информ дайджесті кітапханашы А. Адамбекова назарларыңызға ұсынады.
 
 

 

Балалар үшін оқимыз, балалармен бірге оқимыз

Категория: Информация, Автор: User от 27-07-2020, 16:17, посмотрело: 179

0
Құрметті оқырмандар!
Кітаптың шығармашылық негізіндегі даму мүмкіндіктерін терең түсінген бірегей ғалым Альберт Эйнштейн былай деген: «Егер балаңыз ақылды болсын десеңіз, оған ертегі оқып беріңіз. Егер балаңыз асқан ақылды болсын десеңіз, одан да көп ертегі оқып беріңіз». Аудандық кітапхананың кітапханашысы Г.Свининникованың ұйымдастыруымен «Балалар үшін оқимыз, балалармен бірге оқимыз» атты ертегі оқуды ұсынамыз.
 
 
Балаға ертегі оқу өзекті ме: 16 мая 2019, 21:15 - новости на Tengrinews.kz
 

Алуан қырлы Қанабек

Категория: Информация, Автор: User от 27-07-2020, 10:31, посмотрело: 172

0
Құрметті оқырмандар!
Тескенсу ауылдық кітапханасы қазақ өнерінің мақтанышы, опера әншісі Қанабек Байсейітовтің туғанына 115 жыл толуына орай «Алуан қырлы Қанабек» атты танымдық сағатты назарларыңызға ұсынады.
 
 

 

Дін - тәрбие деңгегі

Категория: Информация, Автор: User от 23-07-2020, 11:17, посмотрело: 247

0
Балаларды тазалыққа, имандылыққа, адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу мақсатында Малыбай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Гаитова «Дін - тәрбие деңгегі» атты имандылық сағатын ұйымдастырды.
 
 
Ислам — Уикипедия
 

Абай оқулары

Категория: Информация, Автор: User от 22-07-2020, 10:33, посмотрело: 176

0
Құрметті оқырмандар!
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына орай «Абай оқулары» эстафетасын Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық кітапханасының кішкентай оқырмандары жалғастырады.
 
 

 

Туған елім - ынтымақ ордасы

Категория: Информация, Автор: User от 22-07-2020, 10:32, посмотрело: 169

0
Құрметті оқырмандар!
Біз тәуелсіз Отанымыз Қазақстан деген елде бақытты өмір сүріп жатқан елміз. Алланың нұрына бөленген бақытты халықтардың біріміз. Әлемде тәуелсіздікке қол жеткізу үшін ғасырлар бойы күресіп келе жатқан халықтар бар. Солардың көпшілігі үшін азаттық таңы қол жетпес үлкен арманға айналып отыр. Әрбір Қазақстан азаматы елдің игілігіне, бірлігіне қызмет етіп, тәуелсіз елдің азаматы екендігімізді зор мақтан тұтуымыз керек. Қазақстан ауылдық кітапханасы ұйымдастырған "Туған елім - ынтымақ ордасы" атты слайд-галереяны ұсынамыз.
 
 
Туған елім - мақтанышым! Алматы облысы - 22.10.2015: ақпараттық-танымдық сайт - Еl.kz
 
Назад Вперед
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК