» Материалы за Сентябрь 2020 года

Массовая работа

Қариялар, даналар, кеменгерім

Категория: Информация, Автор: User от 30-09-2020, 15:04, посмотрело: 262

0
Құрметті оқырмандар!!!
Тескенсу ауылдық кітапханасының кітапханашысы Буркатаева Қарлығаштың ұйымдастыруымен кітапханада «Қариялар, даналар, кеменгерім» атты әдеби дастархан өтті. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата-әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
 
 

 

Қарттарым - асыл қазынам

Категория: Информация, Автор: User от 30-09-2020, 14:43, посмотрело: 796

0
Құрметті оқырмандар!!!
Қария - ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы, дарияның тазалығы қандай болса, бізде өздеріңізді сондай деп білеміз. Ақсақал әжелер - халықтың тұнып тұрған хаты. "Қарты бар елдің қазынасы бар" деген аталы сөз осыдан қалса керек-ті. Қарттары бар ел- бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін! Қаракемер ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Наширбекова 30 қыркүйек күні 1қазан -Халықаралық қарттар күніне орай "Қарттарым - асыл қазынам" атты сторителлигин ұсынды.
 
 
Қарттарым - асыл қазынам
 

Жыр жазған мен қазақтың бір баласы

Категория: Информация, Автор: User от 30-09-2020, 14:43, посмотрело: 259

0
Құрметті оқырмандар!!!
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында 25 қыркүйек күні жерлес ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, 25 тен астам кітаптың авторы, бірнеше әндердің авторы Ш.Құсайынұлының туғанына 70 жыл толуына орай Абылай хан атындағы орта мектебі кітапхансымен бірлесе ұйымдастырылған «Жыр жазған мен қазақтың бір баласы» атты жазушы бенефисі өтті. Жазушы, ақын, қаламгер... Бұл ұғымдар халқымыз үшін қашанда қасиетті. «Өнер алды - қызыл тіл» деп тілді, оның құдіретін ерекше бағалайтын халқымыз ақындары мен шешендерін, дуалы ауызымен ұлттық, елдік мәселелерді шешкен көсемдерін қашанда ардақ тұтқаны тарихтан белгілі жайт. Елдің болашағы, халқымыздың ынтымағы мен берекесі, рухани құндылықтар, тәуелсіз еліміздің баянды жетістіктері, мемлекетіміздің бүгінгі келбеті мен ертеңгі асулары әңгіме арқауына айналдырды.
 
 

 

Атаң бар болса,ақылшың

Категория: Информация, Автор: User от 30-09-2020, 14:26, посмотрело: 299

0
Құрметті оқырмандар!!!
Қарттарды құрметтеу және үлгі тұту, қарт адамдардың сіңірген еңбектерін, мемлекеттің дамуына қосқан көптеген үлестерін мойындау белгісі ретінде Қазақстанда жыл сайын 1-қазан Халықаралық қарттар күні аталып өтуде. Осы мерекеге орай, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаражота ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Ботамбаева "Атаң бар болса, ақылшың" атты пайдалы кеңесті назарларыңызға ұсынады.
 
 
Ардагерлерге құрмет – ұрпаққа міндет!... - Талдықорған қаласының әкімдігі | Facebook
 

Тереңінен тарихтың сыр шертер ол

Категория: Информация, Автор: User от 30-09-2020, 14:17, посмотрело: 271

0
Құрметті оқырмандар!!!
Ата бабаларымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып кейінгі ұрпаққа жеткен салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке, қайырымдылыққа, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетуге баулу біздің басты мақсатымыз. Осыған орай 1 қазан Халықаралық қарттар күніне Космос ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Мысаева "Тереңінен тарихтың сыр шертер ол" атты ұлағат сағатын ұсынады.
 
 
ҚАРИЯҒА ҚҰРМЕТ – МҰСЫЛМАНДЫҚ АСЫЛ МІНДЕТ - Шымкент орталық мешіті
 

О тірі шежірелер қалдырыңдар!

Категория: Информация, Автор: User от 29-09-2020, 17:51, посмотрело: 243

0
Құрметті оқырмандар!!!
Қариясы бар ел-қазынасы бар ел. Қазақстанның өсіп өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан. Қарттар біздің асыл қазынамыз. Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылдық кітапханасының кітапханашысы А. Нурлыбаева 30 қыркүйек күні "О тірі шежірелер қалдырыңдар!" атты тақырыбына тейбл токты назарларыңызға ұсынады.
 
 
1 қазан – Халықаралық қарттар күні – Астана Ақшамы
 

Еңбек-ата, жер-ана

Категория: Информация, Автор: User от 29-09-2020, 14:07, посмотрело: 281

0
Құрметті оқырмандар!!!
29 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасының кітапханашысы Г.Свининникова «Еңбек-ата, жер-ана» тақырыбына онлайн пайдалы кеңес өткізді. Еңбек еткен адам өз кәсібін терең меңгеруі керек.Ұзақ уақыт бойы адамдар еңбекті адамгершілік ерлік, адамның жоғарғы парызы деп санаған. Ал біздің уақытымызда қоғамдағы адам еңбегімен бағаланады. Адам мен еңбек бір-бірінен ажырамайды.
 
 
Ауыл шаруашылығы - Wikiwand
 

Қарты бардың қазынасы бар

Категория: Информация, Автор: User от 29-09-2020, 11:57, посмотрело: 283

0
Құрметті оқырмандар!!!
Адам қартайған сайын өмірлік тәжірибе жинақтап, кеудесі даналық пен дарқандыққа толып, кейінгіге сара жол салып отыратын рухани көпірге айналатыны өмірдің заңдылығы. Елінің ертеңі мен ұрпағының болашағы үшін барын аямаған ардақты ата-әжелеріміз бүгінде сол жолдарынан жаңылмай бізге тірек болып келеді. Кәрінің бары - игі. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабамыздан келе жатқан салтымыз. Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық кітапханасының кітапханашысы Л.Жанаева 1 қазан халықаралық қарттар күніне орай 29 қыркүйек күні "Қарты бардың қазынасы бар" тақырыбындағы бейне-роликті көрермен назарына ұсынады.
 
 
ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ - Іле таңы
 

Қарттарым - асыл қазынам

Категория: Информация, Автор: User от 28-09-2020, 12:09, посмотрело: 684

0
Құрметті оқырмандар!!!
Ежелден - ақ ел ішіндегі қазыналы қарттардың сөзі сөз, айтқаны жөн болған. Ең алдымен сақалды қартына қарап, соның сөзіне жығылып жатады. Өйткені, ел ішіндегі қариялар - дариялар. 28 қыркүйек күні 1 қазан халықаралық қарттар күніне орай Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Базарова "Қарттарым - асыл қазынам" атты даналық сағатын көпшілік назарына ұсынады.
 
 
Тәрбие сағаты:
 

Ана тілің – арың бұл

Категория: Информация, Автор: User от 28-09-2020, 11:44, посмотрело: 281

0
Құрметті оқырмандар!!!
Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасауы керек. Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет қатынас құралы. Қазақ тілі – әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Ақши ауылдық кітапханасының кітапханашысы Л.Жанаева "Ана тілің – арың бұл" атты бейне баянды назарларыңызға ұсынады.
 
 
Ана тілің арың бұл... » Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
 
 

 
Назад Вперед
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК