» Материалы за Октябрь 2020 года

Массовая работа

Қазақ әдебиетінің алтын көпірі

Категория: Информация, Автор: User от 30-10-2020, 11:37, посмотрело: 182

0
Құрметті желі оқырмандары!!!
Көктөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы Н.Мунсызбаева 30 қазан күні ақын, әнші - композитор Иса Байзақовтың туғанына - 120 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің алтын көпірі» атты слайд журналды назарларыңызға ұсынады.
 
 
Мол ақындықтың иесі»: И. Байзақовтың туғанына 120 жыл музыкалық сағат - YouTube
 

Ұлт жоспары - ұлы істерге бастайды

Категория: Информация, Автор: User от 29-10-2020, 15:25, посмотрело: 227

0
Құрметі оқырмандар!!!
29 қазан күні Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Мысаева «Ұлт жоспары - ұлы істерге бастайды» атты ақпарат сағатын ұсынады.
 
 
Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы
 

Дүйім дүлділі

Категория: Информация, Автор: User от 29-10-2020, 15:06, посмотрело: 171

0
Құрметті оқырмандар!!!
Е.Брусиловский өзінің шығармашылық қызметін қазақ музыкалық фольклорын зерттеуге арнады. Алғашқы қазақ операларының, симфонияларының, кантата-ораторияларының және хор жұмыстарының бастапқы даңқы оған тиесілі. Көрнекті композитор, қазақ музыка өнерінің негізін қалаушыларының бірі, Қазақ КСР халық әртісі, профессор, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Е.Брусиловскийдің 115 жылдығана орай Шелек модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Дүйім дүлділі» атты көрме танымды кітапханашы Л.Кошиева назарларыңызға ұсынады.
 
 
Презентация
 

Қызықты кітаптар

Категория: Информация, Автор: User от 29-10-2020, 14:23, посмотрело: 233

0
Құрметті оқырмандар!!!
Қаракемер ауылдық кітапханасында кітап сүйер оқырмандар үшін қызықы кітаптар келіп түсті. Назарларыңызға ұсынған виртуалды кітап көрме арқылы өзіңізді қызықтырған кітап туралы аз да болсын мағлұмат аласыздар. Барлық кітаптар кітапхана қорымызда бар. Келіп қызыға оқып, рухани қазына байлығыңызды толтыруға мол мүмкіндік бар!
 
 
Кітапхана - білімнің көзі, кітапханашы оның тірегі - Білімді Ел - Образованная страна
 

Ұлы дала тарихы

Категория: Информация, Автор: User от 28-10-2020, 10:24, посмотрело: 171

0
Құрметті оқырмандар!!!
Қазақ хандығының құрылу тарихы, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегімен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келген. Қазақ хандығынның құрылғанына 555 жыл толуына орай, 28 қазан күні Қаражота ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Ботамбаеваның ұйымдастыруымен "Ұлы дала тарихы" атты тарихи круизды назарларыңызға ұсынамыз.
 
 
Басқа | Қазақ Әдебиеті - QazaqAdebieti | Page 16

 

Әл- Фараби және оның рухани мұрасы

Категория: Информация, Автор: User от 28-10-2020, 09:52, посмотрело: 187

0
Құрметті оқырмандар!!!
Ұлы даланың ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына орай "Әл- Фараби және оның рухани мұрасы" атты онлайн көрме панорамасын Бәйтерек ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Нұрлыбаева назарларыңызға ұсынады.
 
 
Әбу Насыр әл - Фараби және оның рухани мұрасы » Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
 

Мен оқырманмын

Категория: Информация, Автор: User от 27-10-2020, 19:50, посмотрело: 219

0
Құрметті оқырмандар!!!
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасы және Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінің ұйымдастыруымен 27 қазан күні 2 сыныптар арасында «Мен оқырманмын» тақырыбында кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Кітапхана өмірімен таныстырып, білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітаптарды күтіп ұстауға үйрету мақсатында кітапханашы Г.Дүйсембинова түсіндіру жұмыстанын жүргізді. Жас оқырмандарды кітапханаға тіркеп өздері таңдап алған кітаптарын жазып берді.
 
 


 

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Категория: Информация, Автор: User от 26-10-2020, 14:53, посмотрело: 191

0
Құрметті оқырмандар!!!
Баршамызға белгілі 2020 жылдың 1 қыркүйегінде ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауын жария етті. Онда көрсетілген әрбір 11 іс-қимыл жоспарының өзіндік ерекшелігі бар. Осы орайда ағымдағы жылдың 26 қазан күні Қаракемер ауылдық кітапханасы мен Қаракемер Мәдениет қызметкерлері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылады. Барша қатысқан мәдениет қызметкерлері бір кісідей Жолдауды қолдады.
 
 

 

Кітап – білім ұясы

Категория: Информация, Автор: User от 26-10-2020, 12:11, посмотрело: 208

0
Құрметті оқырмандар!!!
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасы 26 қазан күні Тоқатаев орта мектебінің 2 сынып оқушылары арасында «Кітап – білім ұясы» тақырыбында кітапханаға саяхат жасады. Кітапты күтіп ұстауға, кітапханада оқырман өзін-өзі қалай дұрыс ұстау керектігі жөніндегі ережелерімен кітапханашы Г.Уразимбетова таныстырып өтті. Сондай-ақ, оқушылар кітапхана туралы, балалар әдебиеті туралы, кітап қоры туралы мәлімет алды. «Білімнің бас құралы – кітап» - деп ақын, ғалым, педагог Ахмет Байтұрсынов айтып өткендей біз барлық білімді кітаптан аламыз. Сондықтан біз балалардың кітап оқуына, қызығушылығын арттыруға басшылық жасап, кітаппен дос болуға шақыруымыз керек.
 
 
Кітап ұясы – Мо Янь. Жастардың ең жақсы ұстазы – кітап | Әдебиет.
 

Абайдың жолы - даналықтың даңғыл жолы

Категория: Информация, Автор: User от 26-10-2020, 11:17, посмотрело: 188

0
Құрметті оқырмандар!!!
«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында М.Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясы таңдалды. Роман эпопеяның басты кейіпкері Абайдың нұрлы бейнесі оқырманды толғандырып, ынтықтырып отырады. Алғашқы беттерден - ақ, Абай бойына тән тамаша қасиеттер тереңірек ашыла түседі. М.Әуезов Абайдың өмірін қағаз беттеріне түсіруде ерен еңбек етеді. Ерекше жазу стилімен, өзіндік тіл шеберлігімен оқырман қауымға ұсынған осы бір туындыдан Абайдың өсу сатысын санамалау арқылы ол кешкен өмірдің тарихын түсінеміз. Жасына жас, ойына ой қосылған шақтағы Хакімнің өмір баспалдақтарын аттағанын көреміз. Шелек модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Абайдың жолы - даналықтың даңғыл жолы» атты онлайн оқырмандар конференциясын кітапханашы М. Үмбетова назарларыңызға ұсынады.
 
 
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ ҺӘМ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ

 
Назад Вперед
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК