» Материалы за Октябрь 2021 года

Массовая работа

Қасірет пен тағдыр - полигон зардабы

Категория: Информация, Автор: User от 29-10-2021, 19:33, посмотрело: 78

0 Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аудандық кітапханасында 27 қазан күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында, жалпыхалықтық оқуға ұсынылған проза жанры бойынша жазушы С.Досжанның «Қасірет пен тағдыр» романы аясында «Қасірет пен тағдыр - полигон зардабы» атты арнау кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға ауданымыздың құрметті азаматы, ақын-жазушы Ш.Құсайынұлы, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Х.Қасымұлы, Аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Б.Ш.Ақатайқызы, Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп, Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп, Көктөбе атындағы орта мектептің мұғалімдері, оқушылары, кітапханашылары қатысты. Шара барысында романның басты кейіпкері Аяулымның басынан кешкен қиын тағдыры негізгі тақырыпқа айналды. Ол атом бомбасы сынағынан жары мен перзентінен, ата-анасынан айырылып, қайғылы да қасіретті күндерді бастан кешкендігін айта отырып, Семей ядролық полигонының қасіреті Жапониядағы Хиросима жарылысынан, Украинадағы Чернобыль апатынан кем түспегенін кітапханашы Г.Саурықова айтып түсіндірді.


Қасірет пен тағдыр - полигон зардабы
 

Жетісу өлкесі сыр шертеді

Категория: Информация, Автор: User от 29-10-2021, 18:15, посмотрело: 92

0 Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылдық кітапханасының кітапханашысы Л.С.Жанаева 29 қазан күні "Туған жер-тұнған шежіре" жобасы аясында "Жетісу өлкесі сыр шертеді" атты айдарымен қазақ халқының атақты батыры, әрі биі, қайраткері Қарашаұлы Бәйдібек бабамыздың туғанына 665 жыл толуына орай "Көне дұние күмбірі" атты тарихи тұлғаны көпшілік назарына ұсынады.


Жетісу өлкесі сыр шертеді
 

Нағыз қазына - кітап

Категория: Информация, Автор: User от 29-10-2021, 12:50, посмотрело: 77

0 Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылдық кітапханасында Қаракемер Мәдениет үйі, Қаракемер ауылдық кітапханасы және "Жастар" өнер - спорт орталығының шәкірттерінің қатысуымен "Нағыз қазына - кітап" атты танымдық сағаты өтті. Іс-шарада Қаракемер театрының режиссері Қажыбай Айтибаев оқушыларды кітаптың шығу тарихымен таныстырса, кітапханашы Ж.Наширбекова Еңбекшіқазақ ауданынан шыққан жерлес - ақын , жазушылардың шығармашылығымен, кітаптарымен таныстырды.


Нағыз қазына - кітап
 

Ереуіл атқа ер салмай...

Категория: Информация, Автор: User от 28-10-2021, 16:26, посмотрело: 64

0 Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылдық кітапханасы "Ұлы Даланың-Ұлы есімдері" жобасы аясында, халық батыры Исатай Тайманұлының туғанына 230 жыл толуына байланысты "Ереуіл атқа ер салмай..." атты тарихи круиз ұсынады.


Ереуіл атқа ер салмай...
 

Жалынды жастар — жарқын болашақ

Категория: Информация, Автор: User от 28-10-2021, 11:33, посмотрело: 65

0 Еңбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Жалынды жастар — жарқын болашақ" атты сторителлингін кітапханашы Кудретбаева Сауле назарларыңызға ұсынады.


Жалынды  жастар — жарқын болашақ
 

Қаламгер қолтаңбасы

Категория: Информация, Автор: User от 27-10-2021, 20:50, посмотрело: 76

0 Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.К.Чокпарова ұйымдастыруымен 25 қазан күні Роллан Сейсенбаевтың 75 жас толуына орай "Қаламгер қолтаңбасы" атты тұлғалық сағатын назарларыңызға ұсынамыз.


Қаламгер қолтаңбасы
 

Қорам батырдың ерлігі - бүгінгі ұрпаққа үлгі

Категория: Информация, Автор: User от 26-10-2021, 08:00, посмотрело: 71

0 Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 25 қазан күні Шелек медициналық колледжінің 1 курс студенттерінің қатысуымен "Туған жер" жобасы аясында Қорам Сарымырзаұлының туылғанына 190 жыл толуына орай "Қорам батырдың ерлігі - бүгінгі ұрпаққа үлгі" атты портреттік кешті кітапханашы Г.Джанбакиева өткізді.


Қорам батырдың ерлігі - бүгінгі ұрпаққа үлгі
 

Даланың жалғыз гүлі еді

Категория: Информация, Автор: User от 25-10-2021, 22:33, посмотрело: 94

0 Биылғы жылы "Бір ел-бір кітап" акциясы бойынша "Тәуелсіздктің 30 жылдығына 30 кітап" ұсынылған болатын. Соның ішінен М.Мақатаевтың "Өмірдастан" поэмасынан "Даланың жалғыз гүлі еді" атты марафонды желі оқырмандар назарына Түрген ауылдық кітапханасының оқырмандары ұсынады.


Даланың жалғыз гүлі еді
 

Еліміздің болашағы жастар

Категория: Информация, Автор: User от 25-10-2021, 22:30, посмотрело: 75

0 Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылдық кітапханасында 22 қазанда 8 сынып оқушылар арасында "Еліміздің болашағы жастар" атты ой талқы ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп армандарын жеткізді. Ата аналарының үмітін ақтағылары келетінін айтып өтті.


Еліміздің болашағы жастар
 

Ұлттық валюта - тәуелсіздік айшығы

Категория: Информация, Автор: User от 25-10-2021, 19:30, посмотрело: 91

0 Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 15 қараша Ұлттық валюта күніне орай "Ұлттық валюта - тәуелсіздік айшығы" атты ақпарат сағатын кітапханашы М.Умбетова назарларыңызға ұсынады.


Ұлттық валюта - тәуелсіздік айшығы
 
Назад Вперед
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК