Массовая работа

Заходите в гости!

Категория: Информация, Автор: Гульдана Мирмбаевна от 19-09-2016, 14:38, посмотрело: 4 842

1

Уважаемые жители города Есик!

Приглашаем Вас посетить нашу районную библиотеку. У нас вы сможете найти для себя что-то новое: от фантастики до любовных романов, от высшей математики до учебников по садоводству. Ждем вас по адресу: улица Абая 122 (напротив почты).

 


 

Шежірелі Шелек өңірінің тұлғасы

Категория: Информация, Автор: User от Вчера, 14:48, посмотрело: 6

0

21 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы Абай атындағы орта мектеп жанындағы интернатта Тоқтасын Тұяқовтың 80 жасқа толуына орай кездесу кеші өтті. Бұл кешке Шелек модельді ауылдық кітапханасы «Шежірелі Шелек өңірінің тұлғасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмені кітапханашы А.Адамбекова таныстырды.

 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 10 человек, люди сидят и в помещении
 

Репрессия құрбандарын еске аламыз

Категория: Информация, Автор: User от 21-05-2019, 16:44, посмотрело: 9

0
20 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай орта мектебінде 11-а сынып оқушылар мен «Репрессия құрбандарын еске аламыз» атты тарихи әңгіме өтті. Кітапханашы Г.Гайтова «Саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы» тақырыбында баяндама оқыды.1937-1938 жылдардағы репрессия құрбандарын есек алып 1 минуттық үнсіздік жариялады. Г.Сыдыкбекова оқушыларға сол жылдардағы қуғын-сүргінге ұшыраған, алаш алыптары жайлы айтты. Іс-шараның мақсаты: ХХ ғасырда саяси қуғын-сүргін нәтежесінде Қазақстанға өзге халықтарды күштеп қоныс аудару және оның зардаптары туралы, туған тарихының аса маңызды оқиғаларын терең түсініп тағылым алатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеу. Туған тарихының аса маңызды оқиғаларын терең түсініп тағылым алатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.
 
 

Мәдениет – тәрбие кепілі

Категория: Информация, Автор: User от 21-05-2019, 11:26, посмотрело: 8

0
Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай 21 мамыр күні Абылайхан атындағы №4 орта мектебінің 9 сынып оқушылары мен «Мәдениет – тәрбие кепілі» атты азаматтық форумы өтті. Іс-шараның мақсаты: Мәдениет туралы мәлімет беру. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың рухани байлығын, мәдениетін көтеру, сауатын ашу, қоғамға деген сауатты көз қарасын қалыптастыру. Оқушылар өз ой - пікірлерін ортаға салып, пікір талас өткізді. Кітапхананың әдіскері Г. Сауырыкова мен кітапхана қызметкерлері Р.Курбанова, М.Шәкім мәдениетті жүріп тұруға, сауатты сөйлеуге, мәдениетті қарым – қатынас жасай білуге, қоршаған ортаны таза ұстауға, ана тілін құрметтеуге насихат жүргізді.
 
 

Ата өнері – балаға мұра

Категория: Информация, Автор: User от 17-05-2019, 09:58, посмотрело: 12

0
Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасында Халықаралық музей күніне орай 16 мамыр күні қолөнер шебері, Дәулет Дәркембайұлымен «Ата өнері – балаға мұра» атты жұлдызды қазына өтті. Іс-шараның мақсаты, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізінде ата - бабаларымыздың жасап кеткен мәдени қазына байлықтарының үлгілеріне қанықтырып жеке адамның да, бүкіл қоғамның да рухани жетілуіне ықпал жасау; Оқырмандарға мұражайдың таусылмас қазына екенін ұғындырып, өткен өмір тарихын, ескі тарихын, халқымыздың ертеде пайдаланған заттарының қадір-қасиетін, өткен мен болашақты жалғастырушысы екенін түсіндіру. Қолөнер шебері Д. Шоқпаровтың өз қолынан шыққан дүниелерімен таныстырып, жас ұрпақты қолөнер шебері болуға қызықтыру, баулу.
 
 

Халықаралық отбасы күніне

Категория: Информация, Автор: User от 16-05-2019, 17:48, посмотрело: 15

0
15 мамыр күні Халықаралық отбасы күніне орай Қаражота ауылдық Мəдениет үйінің директоры мен кітапханашы ауылымыздың 50 жылдан аса отасқан, бес бала тəрбиелеп өсірген үлгілі отбасы Нұрақыновтар үйіне барып, бүгінгі мерекемен құттықтап Нұрғайша апаның иығына орамал жаптық. Үйге қызмет ету бойынша кітапханашы зейнеткерлерге кітап апарып берді.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 3 человека, люди сидят и люди стоят
 

Отбасы шағын қоғам

Категория: Информация, Автор: User от 15-05-2019, 17:42, посмотрело: 16

0
15 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық кітапханасында Халықаралық отбасылар күніне орай кітапханашы К.Есимова "Отбасы шағын қоғам " атты дөнгелек үстел өткізілді. Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрметпен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі салауаттылығын көтеру. Адамгершілік, шынайылыққа, инабаттылыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында. Ата-аналармен отбасы құндылықтары мен бала тәрбиесі жайында әңгіме талқыланды.
 
 
 

Отбасым-бақыт мекенім

Категория: Информация, Автор: User от 14-05-2019, 17:30, посмотрело: 19

0
14 мамыр күні Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасында 15 мамыр Халықаралық отбасылар күніне орай кітапханамыздың әдіскері Г.Саурықова «Отбасым-бақыт мекенім» атты сыр-сұхбат сағатын ұйымдастырды. Іс-шараға Ә.Мәлкеев атындағы «Білім Инновация лицейінің» 10 сынып оқушылары, мұғалімдері, кітапханашылар қатысты. Кітапханашы Г.Дүйсембинова шағын кітап көрмемен таныстырды. Іс-шараның мақсаты: балаларға отбасын құрметтеу, ата-анасын сыйлау керек екенін айта отырып отбасының маңыздылығын айтып өту «Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Сол себепті отбасында бала тәрбиесі аса маңызды. Ата-ана ол біздің тірегіміз, біз олардың өсіріп отырған жемісіміз-деп өз ойын жеткізген 10-сынып оқушысы Жанәлі Бекнұр. Қазіргі заман талабына сай, тәртіпті де, білімді жас ұрпақты тәрбиелеуде әкенің тәрбиесі орасаң зор екені айтылды.
 
 
 

Ұлы ерлік шежіресі

Категория: Информация, Автор: User от 13-05-2019, 17:47, посмотрело: 22

0

9 - мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылында Мәдениет үйінің қызметкерлері мен бірлесе отырып Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай мерекелік шара өтті. Кітапханашы: Есимова Клара " Ұлы ерлік шежіресі "атты кітап көрме ұйымдастырылды. Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай батырларымызды ұлықтап, өткен тарихымызды жадымызда ұстап, бүгінгі бейбіт өмірімізді сыйлап кеткен бабаларымыздың ерлігін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында.

 

На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 7 человек, люди стоят, костюм и на улице
 

Ерлік даңқы мәңгілік

Категория: Информация, Автор: User от 8-05-2019, 16:58, посмотрело: 28

0

Қаракемер ауылдық кітапханасында 8 мамыр күні Ұлы Отан соғысының 74-жылдык Жеңіс күніне орай "Ерлік даңқы мәңгілік " атты кітап көрме ұйымдастырылды. Кітапханашы Жаңыл Наширбекова көрмедегі кітаптармен таныстырды.

 
Назад Вперед
  • Национальная академическая библиотека
  • Национальная библиотека
  • Казахстанская национальная электронная библиотека
  • Сайт президента РК