Массовая работа
  | | | |

Тәуелсіздіктің ақ таңы

Категория: Ақпарат, Автор: User от , посмотрело: 102

0
Еңбекшіқазақ ауданы Нұра ауылдық Мәдениет үйінде 14- ші желтоқсан күні сағат 18.30 да кітапханашы Есимова Клара мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесе отырып 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздіктің ақ таңы "атты әдеби кеш өткізді. "Қазақстан - Тәуелсіз мемлекет" атты кітап көрме ұйымдастырылды. 1986 жылғы желтоқсанда солақай саясатқа алғаш рет бас көтеріп, демократия жолында құрбан болған аға, әкелеріміздің ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру мақсатында көріністер көрсетілді. Ауылымыздың әкімі Дауыткулов Еркінбек Аянбекұлы сөз сөйлеп өз құттықтауын білдіріп және сол Желтоқсан көтерілісіне қатысқан Құрамаев Жайырбек Рахымбекұлын марапатталды. Ауылымыздың ақсақалдар алқасының төрағасы Асенов Мәукен атамызда өз құттықтауын білдірді. Кеште мектеп оқушылары би билеп, әндер мен жалғасын тапты.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: один или несколько человек
 

Желтоқсанның мұзда жанған алауы

Категория: Ақпарат, Автор: User от , посмотрело: 103

0
14 желтоқсан Тескенсу ауылдық кітапханасында Тәуелсіздік мерекесіне арналған "Желтоқсанның мұзда жанған алауы" атты әдеби-сазды кеш өтті. Кешке кітапхана оқырмандары Тескенсу ауылдық әкімшілік қызметкерлері, Жамбыл орта мектебінің 10"А" сынып оқушылары қатысты. Кеш барысында желтоқсан көтерілісіне қатысып құрбан болған аға-әпкелерімізді еске алып, бір минуттық үнсіздік жарияланды. "Желтоқсан - ерлік тарихы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылардың ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік тәңірім " атты көрініс көрсетіліп тарих беттеріне шолу жасалынды. Оқушылар тәуелсіздік туралы, желтоқсан жайлы өлеңдер оқыды.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 7 человек, люди стоят и в помещении
 

Асқақтай бер азаттық, аспандай бер асыл ел

Категория: Ақпарат, Автор: User от , посмотрело: 127

0
Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасы және Рахат ауылдық округі №1 орта мектебінің ұйымдастыруымен 15 желтоқсан күні «Рахат-1» орта мектебінде «Асқақтай бер азаттық, аспандай бер асыл ел» тақырыбында әдеби сазды кеш өтті. Кеш барысында Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арналған «Қанды мұзда талай қазақ сыздады» атты слайд көрсетіліп, «Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тәуелсіздік тарихын зерттеп, жаңғыртып бүгінге жеткізу арқылы мемлекет келешегіне жол бастаған тұлғалар ғұмыры жас ұрпаққа үлгі-өнеге боларлығы ақиқат екендігіне тарих пәнінің мұғалімдері де тоқталды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысты, Қазақстанның тарихнамалық мәселелерін айқындап, тың деректік маңызы бар еңбектер жариялады. Кеш соңында патриоттық әндер орындады.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: Гулия Саурыкова, стоит
 

Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан

Категория: Ақпарат, Автор: User от , посмотрело: 81

0 14 желтоқсан күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек модельді ауылдық кітапханасында кітапханашы Г.Джанбакиева «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан» атты әдеби композиция өткізді. 
Кеш барысында Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арналған слайд-шоу, кітап көрмесі көрсетілді. Өмірден ерте озған Желтоқсан құрбандарын еске алып, бір минут үнсіздік жарияланды. Шелек ауылы 2 взводның полиция мойоры Рахымжанов Ерлан Тұрсынұлы өз сөзінде Ерлеріміз арқасында Қазақстан Егеменді ел болып, дүние жүзіне танылуда. Біздің Отанымыз Егеменді Тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз - ұлттық рәміздерді қастерлеу, Тәуелсіз мемелекетімізді өркениетті елдер қаттарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу- деп өз ойын жеткізді. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ауыр да әділетсіз көтерілістің бірі. Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған Тәуелсіздікке қол жеткізді - деп өзінің жылы лебізін білдірді. Кеш соңында Бидахметова Айда «Қазақ осы» және «Желтоқсан желі» әнін орындады.
 

 

 

Ұлы дала елі – жасампаз тарих елі

Категория: Ақпарат, Автор: User от , посмотрело: 154

0
26 қараша күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылдық кітапханасы «Коворкинг» орталығында Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында Розыбакиев пен Алтынсарин атындағы орта мектептің 8-11 сынып оқушылары арасында «Ұлы дала елі – жасампаз тарих елі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиналғандар Елбасының мақаласы шынын да тарихи маңызы бар рухани дүние екендігін айтып, өз ойларын ортаға салды.
 
 

 

Тасын түртсең тарихы сөйлейді

Категория: Ақпарат, Автор: User от , посмотрело: 150

0
2018 жылдың 30 қараша күні сағат 12.30-да Мемлекет басшысының бұған дейінгі жолдаған Жолдаулары мен бағдарламалық мақалалардың заңды жалғасы іспетті «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық кітапханасында «Тасын түртсең тарихы сөйлейді» тақырыбында көпшілік оқырмандар аясында библиофреш ұйымдастырылды. Іс-шараға 17 адам қатысып, өз ойларын ортаға салды. Қатысушылар арасынан сөз алған ауыл тұрғыны Б.Әбдікерімова мақала әр тақырыпқа бөлініп, терең баяндалған. Барлығымыз үшін үлкен маңызға ие ұлттық құндылықтар тұрғысында терең ойлар қозғалған. Бастама жасалынды, ендігі кезекте осыған орай қолдау көрсетіп, сан салалы жұмыстардың орындалуына өз үлесімізді қосуымыз керек - деп көпшілікті үн қосуға шақырды.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 3 человека, люди сидят и в помещении
 

Кітапхана әлеміне саяхат

Категория: Ақпарат, Автор: User от , посмотрело: 161

0
29 қараша күні Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ауылдық кітапхананың кітапханашысы Б.Баймуханбетова кішкентай бүлдіршіндер мен «Кітапхана әлеміне саяхат» атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларды кітапхана ережесімен және талаптарымен таныстыру. Балаларға кітапхана ұнады жене өздеріне ұнаған кітаптарын алып оқыды.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 7 человек, в том числе Гульмира Утениязова, люди сидят и в помещении
 

Тарихсыз ел болмайды

Категория: Ақпарат, Автор: User от , посмотрело: 157

0
28 қараша күні Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық кітапхананың кітапханашысы А.Карбозова Қонаев атындағы орта мектепте Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Тарихсыз ел болмайды» атты тарихи круиз өткізді. Осы мектептің оқушысы Жанабай Жансая Елбасының мақаласымен оқушыларды таныстырды. Юсупов Али тақырыпқа ерекше тоқталды. «Тамырсыз тал болмайды, тарихсыз ел болмайды» дегендей ұлттық тарихымызды зерттеу және насихаттау бәріміздің абыройлы парызымыз.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 4 человека, в том числе Даража Жолымбетова, люди сидят, стол и в помещении
 

Тарихты түлету – болашағымызды тану

Категория: Ақпарат, Автор: User от , посмотрело: 165

0
27 қараша күні Еңбекшіқазақ ауданы Космас ауылдық кітапханасында Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Тарихты түлету – болашағымызды тану» атты әңгіме-сұхбаты болып өтті. Сұхбат барысында оқушылырға еліміздің сан ғасырлар бұрында өз мәдениетіміз, дәстүріміз, байлығымыз, ұлы тұлғалар болғандығын айта отырып, өткенімізді ұмытпау барымызды бағалауға керек екендігі айтылды.
 
На данном изображении может Ð½Ð°Ñ Ð¾Ð´Ð¸Ñ‚ÑŒÑÑ: 3 человека, люди сидят и в помещении
 

Ұлы даланың ғажап сырлары

Категория: Ақпарат, Автор: User от , посмотрело: 166

0 Елбасының 21 қарашадағы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Рахат 1» орта мектебінде аудандық кітапхана және осы мектептің кітапхана меңгерушісі Д. Жанабилованың ұйымдастыруымен 10-11 сыныптар арасында «Ұлы даланың ғажап сырлары» тақырыбында медиатаным болып өтті. Бұл іс-шарада кітапханашылар Г. Саурықова, Д. Жанабилова және тарих пәні мұғалімі Т. Өмірзақов Елбасы төл тарихымызды бағалап, жаңғыртуға арналған 6 тапсырманы жүктегенін нақтылап түсіндірді. Оның қатарында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын «Архив-2025» атты жеті жылдық бағдарламасын жасау, 2019 жылы Түркітанушылардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында «Ұлы даланың ұлы есімдері» саябағын ашу, сондай-ақ, «Ұлы дала» деген атаумен ежелгі өнер және технологиялар мұражайын ашу сынды тарихи әрі маңызды міндеттер бар. 
Елбасы қорытындылай келе, бұл бастамаларды «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы секілді жемісті жүзеге асыруға шақырады. Өткенді мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі деді мақала соңында. 
Ортақ ой айтып, пікірлерімен бөліскен «Рахат 1» және «Білім-Инновация» лицейінің 10-11 сынып оқушылары, ұстаздар мақаланың мәнін ашып, көпшілікке жан-жақты етіп түсіндіруге басымдық бермек. Ұлттық құндылық пен тамыры тереңде жатқан тарихымызға қатысты мақаладағы міндеттерді орындауға ниетті екендерін айтып тарқасты.
 
 
Назад Вперед
  • ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы
  • ҚР Ұлттық кітапханасы
  • Қазақстан ұллтық электрондық кітапханасы
  • ҚР президентінің сайты