Қаракемер ауылдық кітапханасы » Сайт Енбекшиказахской районной библиотеки Рейтинг@Mail.ru

» Қаракемер ауылдық кітапханасы

Массовая работа

Қаракемер ауылдық кітапханасы

 
 
Қаракемер ауылдық кітапханасы 2007 жылы ашылған, Мәдениет Үйінде орналасқан. Кітап қоры 13000 данадан астам, соның ішінде мемлекеттік тілде 3400 данадан астам. Оқырмандар саны 500 ден астам. Кітапхана компьютер, кітапханалық КАБИС бағдарламасымен жабдықталған.
 
 
Кітапхана меңгерушісі Наширбекова Жаңыл.
 

Қаракемер ауылында тұрғындар саны 5000 астам. Қаракемер – ежелгі қоныс мекені, мұнда өзеннің оң жағында биіктігі мен көлемі әртүрлі 22 оба бар. Археологтар бірқатарына қазба жұмыстарын жүргізіп, онда ірі елді мекен болғандығын анықтады. Екінші жаhан соғысы кезінде  осы ауылдан майданға аттанған Қашаған Жаманқараев  пен Рақымжан Тоқатаев екеуі Кеңес Одағының батыры атанды. Қазір ауыл орталығында қос батырға арналған ескерткіш-бюсттер орнатылған.
Ауыл тұрғындары жерлесі, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиеваны мақтан тұтады.

Кітапхананың мекен-жайы: Қаракемер ауылы, Тастанбеков к-сі 5.

  • ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы
  • ҚР Ұлттық кітапханасы
  • Қазақстан ұллтық электрондық кітапханасы
  • ҚР президентінің сайты